Конспект урока на тему Б?лт.Жауын-шашын (3 класс)


Сабақтың тақырыбы: Бұлт. Жауын- шашын.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: балалардың ауа мен су жайлы білімін ұштау, балаларға ауаның жер бетіне қалай таралатынын түсіндіру, сабақ барысында оқушылар бұлттың түзілу себептерін , жауын- шашынның қалай пайда болатынын түсіндіру.
2. Дамытушылығы:оқушылардың байқағыштығын дамыту, шығармашылық ізденіске баулу.
3.Тәрбиелігі: табиғатты тани білуге, табиғатты сүюге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, қағаз.
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.Шаттық шеңбері әдісін қолдану .
Балалар сабағымызды бастамас бұрын сабағымыз сәтті өту үшін бір- бірімізге жүректен шықққан жылы лебіздерімізді білдірейік.- Менің ойымша сендер бүгінгі сабақтан өздеріңе өмірге қажетті мағлұматтарды алады деп ойлаймын!
Бүгінгі сабағымыз ерекше болады деп ойлаймын!
Бүгінгі сабағымыз бәріміздің есімізде қалсын!
Сабақтан жақсы әсер аламыз деген сенімдемін!
Сабағымыз сәтті өтсін!
Жақсы балалар, жайғасып отырып сабағымызды бастайық. Мына жұмбақтың шешуін кім табады екен?
Ашылғанда жайдары.Түнергенде айбарлы. (аспан).
Ал аспанға қарағанда нелерді көруге болады?
- Дұрыс балалар.
2. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: бұлт және жауын- шашыш деп аталады. Бірақта сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Өйткені бүгінгі сабақты топпен жұмыс істеп , бір – бірлеріңе өздерің түсіндіресіңдер.
Екі топ: топ: бұлт және жауын – шашын.
Әр жауаптарың мынадай бұлт, бір тамшы су дың суреттерімен бағалаймын. Әңгімелеу:
1 слайд: жер бетінде су көп. Су теңіз, мұхит, өзен , көл түрінде таралған. Су ұдайы буланады.
Ауада бізге көрінбейтін су буы әрқашанда болады. Ауа салқындағанда будан судың өте майда тамшылары пайда болады. Тұман мен бұлт осындай тамшылардан тұрады. Тұман төмен жер бетінде ,ал бұлт биік аспанда болады.
2 слайд: (оқушылар)
Оларды жердің бетімен жел айдайды. Ал ары қарай екі топ өз жұмыстарына кірісіп зертеу жұмыстарын жүргізеді.
Ең биікте жүретіні және ең жеңілі - шарбы бұлт.
Ол жер бетінен 6 км- 18 км дейінгі биіктікте болады.
Ондай бұлттан жауын- шашын жаумайды.
2 – 6 км дейінгі биіктікте будақ бұлт пайда болады.
Бұлттың түсі сұрдан қараға дейін болады.
Одан мол жауын – шашын болады.
Ең ауыр және төмен орнаналасқан бұлт - қабаттты бұлт.
2 км биіктікте пайда болады. Бүкіл аспанды торлап алады, одан ұзақ жауын-шашын жауады.
3. – слайд: Бұлттағы майда тамшылар бір –бірімен бірігіп , іріленеді. Су тамшылары ауырлайды да , ауа оларды ұстап тұра алмайды. Олар жерге жаңбыр болып жауады.Жаңбыр жылдың жылы мезгілінде жауады, қыста будан қар ұлпалары түседі. Кейде жазда бұршақ жауады. Бұршақ ауа райы қатты қызатын ыстық ауа райы кезінде жауады.
Бұршақтың мөлшері әртүрлі болады, бұршақ адамға зиянды. Ол бақ пен бақша өсімдіктерін ,даладағы егісті құртады. Жаз мезгілінде ауаға су буы жинақталады. Түнде жер беті ауаға қарағанада тезірек салқындайды. Жылы ауа салқын жер бетімен жанасқанда , одан су тамшылары бөлінеді. Су тамшылары шөпке , топырақтың бетіне түседі. Ол - шық. Күздің соңы мен қыста қырау пайда болады.
4. Сергіту сәті.
Оңға - оңға түзу тұр.
Солға – солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым.
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық.
Орнымызды табайық
Балалар , Ал енді сонымен судан не пайда болады екен?
Қазір мына сызбаны толтырайық.
Тақтамен жұмыс.
Тақтадағын дәптерімізге жазып отырамыз.
5.Дәптермен жұмыс.
Бұлттың , жауын –шашынның пайда болу сызбасы.
6. Шығармашылық жұмыс.
1. Әр топ бір –біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
2. Әр топ эссе жазады.
3. Дайындаған қосымша мәліметтерін оқиды.
Жақсы балалар енді мына :видео ролика назар аударайық.(әдемі көрініс).
Қорытындылау:- Сабақ ұнады ма?
Не туралы білетін болдық?
Үй жұмысын жазу.
Соңында: Талаптарыңа рахмет.
Ең бастысы ынта.
Ал білім мен ұғымды.
Жылдар бойы жинарсың.
Қоңырау соғылды. Кезек келді ойынға. Сабақтан үйренгеніңді.
Тырыс есте сақтауға.