Ашы? саба?: Б?лт. Жауын-шашын


Күні: 24.12.15 Дүниетану 3-сынып Тексерілді:......................................
Сабақтың тақырыбы: Бұлт. Жауын-шашын.
Мақсаты: а) Табиғаттағы су туралы түсініктерін кеңейту, жауын-шашынның түрлері
және оның қалай пайда болуы жайындағы білімдерін толықтыру.
ә) Туған жерін, елін сүюге, табиғатты қорғауға, оны байлықтарын көздің
қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.
б) Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, табиғат әсемдігін түсіну,
сезіну қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып, аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Көрнекілігі: Табиғаттағы су тақырыбындағы суреттер, дүниетанудан 3-сыныпқа
Техникалық құрал: Интербелсенді тақта, видеолар
Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту «Шаттық шеңбері»
- Балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Жаңа жыл
- Сіздер әдебиеттік оқу сабағынан осы тақырыпта қандай өлең оқып едіңіздер?
- Ендеше, қазір бір шумақтан осы өлеңді айтып бере қояйық
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше осы жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін деген тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Қайталау-білім анасы»
Көріп отырғандарыңдай, біздің еліміздің, ауылымыздың табиғаты өте көркем, көрікті жерлеге өте бай екен. Әсіресе оның көрікті көлдері мен өзендерін ерекше атап кетуге болады. Ал осы өзендер мен көлдер қалай пайда болады екен?
Оны білу үшін «Миға шабуыл» әдісімен сұрақтарға тез жауап бере қойыңдар.
1. Өзен, көл, теңіз, мұхитты бір сөзбен қалай айтамыз?(Су қоймалары)
2. Өзен қайдан басталады?(Бастаудан)
3. Өзеннің төмен қарай қозғалысы( Өзеннің ағысы)
4. Өзеннің оң жағы (Оң жағалау)
5. Өзеннің сол жағы ( Сол жағалау)
6. Өзеннің ағып жатқан жері (Арнасы)
7. Өзеннің ағып бара жатқан жолындағы қосылатын өзендер(Оның салалары)
8. Өзеннің басқа су қоймасына келіп құятын жері(Сағасы)
9. Жердің терең бос қабаттарында және жарықтарында кездесетін сулар (Жерасты сулары).
10. Судың жол тауып, сыртқа шығатын жері(бұлақ).
11. Өте терең су өткізбейтін қабаттан алынатын құдық суы (Артезиан құдығы).
12. Су қалай ластанады (Түрлі қалдықтардан).
Ал, қазір денемізді сергітіп алайық. Ол үшін «Жаңылыспай қайтала» ойынын ойнаймыз. Мен айтқан сөздермен қимылдарды орындаймыз.
Күн күркіреді(Аяқпен еденді тарсылдату)
Найзағай жарқылдады(Қол шапалақтау)
Жаңбыр жауды (Партаға саусақтарымен тықылдату).
Жаңбыр басылды, күн шықты(Дөңгелетіп күнді көрсету).
Қимылды тез-тез қайталау.
Сонымен, біз жаңа табиғаттың қандай құбылыстарын бейнеледік.
Жаңбырдың жаууын.
Ой қозғау. Енді сендерге жұмбақ жасырайын.Етек жеңі жиналмай,Дауыл тұрса дым қалмай,Түйдектеліп көшеді,Тоз- тоз болып өшеді. /Бұлт/
Жарқ-жұрқ етіп қанжарыКөк теңізді осады.Жалт-жұлт етіп жон жалыАрыстан даусын қосады.  /Найзағай/Дауыл ақ дән ұшырып,Шашып өтті аспаннан.Шекемізді ісіріп,Қаштық үйге сасқаннан  /Бұршақ/Көктен жетеді,Шөпке сүңгіп кетеді. /Жаңбыр/Көрінбейді өзі,Терезені ұрады.Айтатын жоқ сөзі,Ысқырып тұрады.Болмаса да аяқ-көзіСеруен де құрады.Бұл не? /Боран /
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Видеолар көрсету
Күн жылуының әсерінен өзен,көл,теңіз бетінен су үнемі буланып жатады. Неғұрлым күн ыстық болса, соғұрлым су көбірек буланады.Су бетінен көтерілген бу ауаға араласып,көрінбей кетеді. Оның әрі қарай қандай өзгеріске ұшырайтынын білу үшін тәжірибе жасайық.
Тәжірибе.Ыстық су құйылған ыдыстың бетіне табақша қояйық. Біраздан кейін табақшаның түбінде су тамшылары пайда болады. Тамшылар қайдан келді? Олар табақшаның түбіне жанасқын будан бөлініп шыққан су. Суретпен жұмыс Судың буға айналу үрдісі.Яғни,су бетінен көтерілген бу ауаға араласып,онда күн қызуымен буға айналып,бұлттар пайда болады, бұлттар қайтадан жаңбыр күйінде жерге түседі. Осылайша су табиғатта үнемі айналыста болады.Жылы ауа қар немесе топырақ бетімен жанасқанда ұсақ су тамшыларының шоғырлануынан жер бетіне тұман түседі.Жер бетінен жоғары көтерілгенде де ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларын құрап шығарады. Олар шоғырланып бұлт құрайды.Бұлттардың суреті. Пішініне қарай бұлт бірнеше түрге бөлінеді.Будақ бұлт- түтіліп,үйіліп жатқан жүнге немесе мақтаға ұқсайды. Жеке будақтар, сұрғылт түсті келеді. Олар біріге келе түнеріп, будақ бұлт жаңбыр бұлтына айналады. Одан нөсер жаңбыр жауады.Шарбы бұлт- өте үлкен биіктікте ұсақ су тамшылары қатып, мұз кристалдарына айналуынан пайда болады. Ақ түсті, нәзік шілтерге ұқсайды. Шарбы бұлттан жауын шашын жаумайды.Қабат бұлт- тұманға ұқсас бірсыдырғы сұрғылт қабат құрайды. Қабат бұлт аспанды түгел торлап алады да, одан ұзаққа созылған ақ жауын жауады.Бұлтты құрайтын су тамшылары бірігіп ауырлайды да, жерге жаңбыр болып жауады.Суретпен жұмыс. Жаңбырдың түрлері.Нөсер жауын- жел аралас,ұйытқып жауатын нөсер жауын.Ақ жауын-таңертең басталса кешке дейін жауып тұрып алатын ақ жауын.Сылбыр жауын( сіркіреген) – яғни сылбыр жауын ұсақ жауын, ол ұзақ жаумайды.Найзағайлы жауын- аспанды қап-қара бұлт торлап, күн күркіреп найзағай ойнап жауатын жауын.Суретпен жұмыс. Ылғалдың булануы.Кейде жер беті қатты қызғанда ауаның жоғары өрлеген күшті ағыны пайда болады.Жаңбыр бұлты мұндай жерге тап келсе, одан бөлінген су тамшылары қайтадан жоғары көтеріліп кетеді. Үлкен биіктікке жеткенде су тамшылары қатып, мұз түйіршіктеріне айналады. Мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады да, үлкейе түседі. Соның нәтижесінде бұршақ жауады.Бұршақ шаруашылыққа үлкен зиянын келтіреді.Жаңа шығып келе жатқан егінді қиратып кетеді. Жеміс ағашьары мен бұталарының гүлін, жемістерін қағып түсіреді.Қыста үлкен биіктікте су тамшылары қатып, мұз түйіршіктерін түзеді. Кейін олар бір-біріне жабысып, қар ұлпасына айналады.
VI. Кітаппен жұмыс.
1. Тақырыпты үш бөлікке бөліп оқу.
2. Оқыған бөліктерді жұпта талқылау.
3. Топ құру, топта әңгімелеу.
VII Сабақты қорытындылау
Тест.
1. Тұман мен бұлт қалай пайда болады?
а) Ауаданә) Судың булануынанб) Желден2. Ең жеңіл қандай бұлт?
а) Шарбы бұлт
ә) Будақ бұлтб) Қабат бұлт
3. Қандай бұлттан жауын-шашын болмайды?
а) Шарбы бұлт
ә) Будақ бұлтб) Қабат бұлт
4. Қатты ыстық кезде жауын болып жауа алмаған су буы жерге қандай түрде түседі?
а) Жауынә) Бұршақб) Қар
5. Жазда жылы ауа салқын жер бетімен жанасқан кезде не пайда болады?
а)Қырауә) Тамшыб) Шық
6. Ауа райын кімдер болжайды?
а) Геологтарә) Географтарб) Метеорологтар7. Ауа райын болжайтын орталыққа мәліметтер қайдан келіп түседі?
а) Метеоорталықтан
ә) Метеорологтарданб) Жер серіктеріненҚызықты деректер:Балалар мен сендерге ауа-райын болжайтын қанатты жәндіктер туралы айтып берейін:Нағыз ауа-райын болжайтын «мекеме»- омарта.Егер аралар ертеңгісін ұясынан ұшып шықпай, гуілдеп отыра берсе, таяудағы 6-8 сағатта жаңбыр жауады деп күте беріңдер.Егер аралар кешқұрым ұясынан ұшып шықпаса, таяудағы тәуліктерде ашық ауа райы сақталады. Араның кеш ұшуы ауа райының бұзылайын деп тұрғанын көрсетеді.Аралар да ауа-райын таяудағы уақытта ғана емес, айтарлықтай ұзақ мерзімге болжай алады. Егер олар күзде омарта тесігін кішкентай ғана саңылау қалдырса, қыс қатты болады. Қыс жылы боларды ара омарта тесігін ашық қалдырады. Құмырсқалар да ауа-райын тамаша болжайды. Күзде құмырсқа шоғыры неғұрлым көп болса қыс қатты болады.Ал, шыбындар қалай болжайды екен. Егер үй-жайда шыбын қабырғаға жабысып, қозғалмастан қаптап отырса, ол- жаңбыр жауып, жел соғады деген сөз.Түнге қарай айналаның бәрі мүлгіп, жел шөптің басын баяу қимылдатып тұрған шақта жасыл шегірткенің шырылы ұзаққа созылатын кезі болады. Ол ертең таңертең ауа-райы желсіз, ашық болатынын әнге қосып айтып тұр.
VIII. Бағалау