Математика ?ылымдар патшасы 6-9 сынып


Математика ғылымдар патшасы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдер)
6. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
7. «Кім көп біледі?» (топбасшылар сайысы)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.
(Р.Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
Бүгінгі сабақ ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш», «Квадрат», топтарын шақырамыз.
Математика ғылымдар патшасы деп
Мойындаған бар ғылым жер шарында
Сол қағида тағы да дәленденбек,
Бүгінгі күн бағдарлы жоспарында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділқазыалқаларын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
І. Кезекте амандасу рәсімі
І топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.
Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.
Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі:
тең қабырғалы үшбұрыш
тең бүйірлі үшбұрыш
әр қабырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі:
тік бұрышты үшбұрыш
сүйір бұрышты үшбұрыш
доғал бұрышты үшбұрыш
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
ІІ топ. «Квадрат» тобы.
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.
Қасиеттері:1) диогональдары тең
2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады
3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.
ІІ. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).
«Үшбұрыш» тобына.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
5. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
«Квадрат» тобына.
Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
5. Көшедегі өткелді жолақтап ақпен бояп қояды.Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса,ақ жолақтар саны қанша болғаны? (31)
ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).
«Үшбұрыш» тобына.
Әкесінің жасы баласы мен қызының жастарының қосындысына тең.Егер баласы қарындасынан 2 есе үлкен болып,әкесінен 20 жас кіші болса,онда әрқайсысының жасы қаншада? (20,40,60 жас)
«Квадрат» тобына.
Елдостың тауықтары мен торайлары бар. Торайлар тауықтардан 3 есе
кем. Торайлар мен тауықтардың барлығында 40 аяқ бар. Елдостың неше
торайы, неше тауығы бар?
(4 торай, 12 тауық)
IV. Математикалық сұрақтар. (әр топқа 10 сұрақтан)
«Үшбұрыш» тобына.
1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
2. Бұрышты тең екі бөлік кебөлінетін сәуле. (биссектриса)
3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)
4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
5. Қандай сандар қарама қарсы сандар деп аталады? (Бір бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар)
6.Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)
7. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)
8. Қазіргі көбейту () бөлу (:) таңбаларын ХҮІІІ ғасырда алғаш қолданған неміс ғалымы. (Г.Лейбниц).
9. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)
10. 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі. (Рене Декарт)
«Квадрат» тобына.
1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).
2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)
3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)
4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
5. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)
6. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
7. Қасу және азайту (+,-) белгілерін «489 жылы «Шалтта ырайлы есеп» кітабында алғаш рет пайдаланған ғалым. (Я.Видман).
8. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
9. Ромбының бір бұрышы 700-қа тең. Екінші бұрышы неге тең? (1100
10. «Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик? (Лейбниц)
V. «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
VІ. «Қас-қағым сәт» сайысы (әр команда тез тұрып жауап беру арқылы балл жинайды)
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
4. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар. (6*6-6)
5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
12. 225 нешенің квадраты? (15)
VІІ. Топбасшылар сайысы Алдарыңда іші әріпке толы квадрат. Бұл әріптерді оңнан солға, солдан оңға, төменнен жоғары, жоғарыдан төменге қарай әріптерді қоссаң математикалық мағынасы бар сөздерді табасың. Бір әріп бірнеше рет қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут.
И Ц Ү Ш Б Ө
О А Р Ы К Л
Н Б Ұ П Е Ш
А Ы Ж А Й Н
Л Т Ү З Ы Қ
Б Ө Л У С О
Бұрыш қосу бөлшек алты он рационал үш
Жүз пайыз түзу жұп жазық бөлу (13сөз)
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.
Кеш аяқталып, жеңген топ марапатталады.