Внеклассная работа по математике на тему Математика — ?ылымдар патшасы 9-класс


Күні: Сабақ: 45 минут
Сабақтың тақырыбы: Математика – ғылымдар патшасы
Сілтеме: МИФ журналдары, интернет
Мақсаты: Математика пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы туралы түсінік беру, пәнге қызығушылығын арттыру, ынтымақтастыққа, белсенді тыңдай білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: 1.Математика пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы туралы білім.
2.Топта жұмыс жасау дағдылары дамиды.
3.Постер құру және қорғауды біледі.
Түйінді идея: Математика – ғылымдар патшасы
Ресурстар (дерек көздері) Үлестірмелі материалдар , МИФ журналдары, интернет материалдары
Тапсырмалар: Тапсырманың түрлері Тапсырманы орындаудағы қолданылатын тәсілдер уақыты
Кіріспе 1) 1-5-ке дейін санау арқылы 5 топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру.
2)Сабақ барысы туралы баяндау
Топқа бөлу,сабақ барысын таныстыру 5 мин
1-тапсырма «Математика – ғылымдар патшасы» берілген тақырып бойынша постер құрастыру, қорғау.
Математиканың тарих, география, астрономия, дін, салт-дәстүр, музыка, әдеп, поэзия, химия , биология пәндерімен байланысы бойынша тақырыпты бөліп алып,постер құрастыру, қорғау 15мин
Бағалау Әр топтың тапсырманы орындауын
1, 2,3 сандарымен бағалайды.
Мәлімет толық- 3 ұпай, мәлімет жартылай – 2ұпай, мәлімет аз – 1ұпай.
Баға қойып шығады 3 мин
2-тапсырма Математиканың артықшылықтары мен қиындықтары Парақшаны толтырады, таныстырады 5 мин
Сергіту сәті Логикалық тапсырма Жануар суретін санайды 5 мин
3-тапсырма Математиканың барлық саламен байланысын көрсететін кластер құру Әр оқушы бір-бір саладан жазып шығады 5 мин
Рефлексия «Конверттер» рефлексия
1)Маған ұнады...
2)Маған ұнамады...
3)Мен туралы ойландым...
4)Келесіде қалаймын...
А4 форматына алақанның суретін салдыру , коучинг сабақ барысы жөніндегі ой-пікірлерін анықтау 7 мин