«АКУШЕР – ГИНЕКОЛОГТЫ? ?АБЫЛДАУЫНДА. Т?СІНДІРМЕЛІ САЛАЛАС»


Сабақтың мақсаттары:
а) Білімділік: «Акушерия» және «Гинекология» ғылымдары туралы жалпы мағлұмат
беру, терминдермен, акушер-гинеколог дәрігері мамандығының
ерекшеліктерімен, акушерлік - гинекологиялық мекемелерде жұмыс
істейтін медбикелердің қызметімен таныстыра отырып, түсіндірмелі
салалас құрмалас сөйлем, оның жасалуы, тыныс белгілері туралы
түсінік беру.
ә) Тәрбиелік: Адамгершілікке, адалдыққа, тапсырылған істі жауапкершілікпен
атқаруға, науқастарға ілтипат көрсетіп, сырқат жанын түсіне білуге,
мейірімділікке тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін, логикалық ойлау
қабілеттерін, қазақ тілінде «Акушерия» және «Гинекология»
ғылымдары туралы жетік сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, демонстрация әдістерін ақпараттық
технологияларды қолдана отырып, жаңа білімдер мен дағдыларды
қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Акушерлік гинекологиядағы медбикелік күтім, акушерия пәндері,
орыс тілі.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақтадағы грамматикалық кестелер, үлестірме материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: 5 мин.
- Кезекші кім?
- Бүгін неше
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сабақта кім жоқ?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
(Мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстырып өтеді (Слайд)).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 20 мин.
-1600207782560
1) Тақтадан жекелеп сұрақтар көрсетіледі, оқушылар кезекпе – кезек жауап беріп,
жауаптарын тексереді (Флипчарт).

Сұрақтар: 1.Педиатрия дегеніміз қандай ғылым?
5575308423910 2.Педиатрлар дегеніміз кімдер?
3.Педиатрлық бақылаулар қай кезден бастап
және қашанға дейін жүргізілуі тиіс? 4.Педиатрлық бақылаулардың мақсаттары неде?
2) Қазіргі кезде медицина ғылымы қарқынды дамып, білімді де
білікті мамандарымыз жұмыс жасап жатырған кездегі
балаларымызға күтім жасау, аурудың алдын алу еш
қиындықсыз жүйелі іске асырылып жатырған шаралар. Ал,
медицина ғылымы дамымаған кезде, біздің ата бабаларымыз
бала күтімін қалай іске асырды және оған жауапты
адамдар кім болды? – деген сұрақ еріксіз туындайды.
(Бұл сұраққа бір оқушы ауызша жауап береді).

Оқушылар, біз педиатрия ғылымы, оның өткені мен бүгіні, балалар бөлімінде
істейтін медбикелердің атқаратын міндеттері туралы алған білімімізді еске түсіріп,
қайталадық. Сонымен қатар біз балалар арасында жиі кездесетін кейбір ауруларға
тоқталған болатынбыз. Енді, сіздерден сол аурулар, олардың белгілері, емі туралы
сұрап білгім келіп тұр. (Флипчарт – «Аурудың белгілерін топтастыр»).

Педиатрдың қабылдауында. «Қызылша» ауруы – сөйлесім үлгісі.
(2 жұп шығып сөйлеседі).

Жоғарыдағы тақырыпта ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерге үйден жазып келген мысалдарын оқиды, ережені жатқа айтады.
Балалар бөлімінде жұмыс істейтін медбикелердің міндеттерін орыс тілінен қазақ тіліне аудару, тексеру (Флипчарт)

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру: 20 мин.
Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Жаңа сөздерді қайталату, дәптерлеріне жазғызу.
«Акушерия» және «Гинекология» туралы түсінік беру.
(Әр түрлі суретті слайдтар)


Грамматикалық тақырыпты түсіндірмес бұрын «Акушер - гинекологиялық мекемелерде жұмыс жасайтын медбикелердің атқаратын міндеттері», - деген мәтінмен жұмыс жасайды. (Әуелі оқушылар мәтінмен өздері танысады, сосын абзацқа бөліп оқиды, мәтіннің қысқаша мазмұнын дәптерлеріне жазып алады).

Енді, осы мәтін бойынша Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер туралы түсінік беремін. (Слайд).


ІҮ. Алған білімді бекіту: 15 мин.
Карточка үйлестіріп жазбаша тапсырмалар орындатамын.
(Әуелі өздері орындайды, шамалы уақыттан соң кезекпе – кезек тақтаға шығып,
берілген сөйлемдердің ішінен түсіндірмелі салаласты табады).
Ү.Өзіндік жұмыс: 25 мин.
Тақырып бойынша жаңа сөздерді қолдана отырып, акушер – гинекологтың қабылдауында болған кезде қолданылатын сөйлемдер құрастырыңыз.
Бүгінгі жаңа тақырыпты пайдалана отырып 5 – 6 сөзден тұратын сөзжұмбақ құрастырыңыз.
ҮІ. Қорытынды бөлім: - 5 мин
а) Оқушыларды бағалау.
ә) Үйге тапсырма беру: Мәтіннің мазмұны. «Акушер – гинекологтың қабылдауында»,
«Жасөспірім қыз баланы медициналық тексеруден өткізу»» - сөйлесім үлгісі.
Түсіндірмелі салаласқа мысалдар жазу.