Поурочный план по казахскому языку по теме Д?рігерді? ?абылдауында


Сабақтың тақырыбы: «Дәрігерде» 5 сынып
Күні:Сабақтың мақсаты:1. Білімділік: өткен материалдармен байланыстыра отырып жаңа сабақты, ондағы жаңа сөздерді игерту, сөздермен сөйлем құрастырып, оларды тілдік қатынаста пайдалануға үйрету. Лексикалық тақырып көлемінде сөйлей білу.2. Дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын молайтып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.3. Тәрбиелік: тілге деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақта қолданылатын әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, карточкалар.Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология.Сабақтың барысыI. Ұйымдастыру кезеңі (2 - 3мин.)1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.II. Үй тапсырмасын тексеру (5 - 6мин.)III. Жаңа сабақ (25мин.)Ребусты шешу . «Дәрігерде»Миға шолу.
Сұрақ – жауап. Дәрігер ол кім? Ол не істейді? Ол қандай мамандық?
Сөздікпен жұмыс. Хормен оқу. Қатармен. Жеке- жеке.
Кітаппен жұмыс.1 - тапсырма. Диалогты оқыту.жаңа сөздерді табу. Аудару.2 - тапсырма. Рөльге бөліп оқыту. 3 - тапсырма. Тақтада жұмыс.
Шашылған сөздерден сөйлем құрастыру.(4 сөйлем)Сергіту сәті.5 - тапсырма. Тиісті әріптерді табу. Сөздерді аудару. Сөздерден сөйлем құрастыру.V. Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау.VI. Сабақты қорытындылау (5мин.)Қандай тақырыппен таныстық? Не үйрендік? VII. Білімді бағалау (3 - 4мин.)Үй тапсырмасы бойынша, жаңа сабақты өту барысында белсенді болған оқушыларды бағалау,бағалау қағаздарын ескеру.