Саба? жоспары Ашы? саба?.К?ркем ?дебиет. Мені? ?аза?станым


Күні:8.12.15
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы:Менің Қазақстаным.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге, Елінің Туын ,Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі; Ту, Елтаңба нақыл сөздер, тақпақтар.
Әдіс- тәсілі; Түсіндіру,сұрақ жауап, әңгімелесу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, барлығы бірге қосылып айтады:
Отан деген-атамекен,
Отан деген-туған жер
Отан-ана, Отан-үлкен,
Қазақстан-туған ел!
- Отан-біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз. Біздің Отанымыз-Қазақстан.
- Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
- Рәміздерді атаңдар.
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Қазақстан картасын білесің бе?
- Сендер қай облыста тұрасыңдар?
Т.Молдағалиевтың «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.
Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,
Бәрі сенің өз жерің, өз суларың батыр-ау,
Туған жердің тынысын ұққан орман нуымен,
Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан.
Балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілеу.
Ізденушілік ұйымдастырушы.
Мемлекетік рәміздер туралы әңгімелесу.
-Біздің еліміздің туының түсі қандай ?
-Тудың бетінде ненің суреті бейнеленген. ?
Туымыздың түсі аслан тұсіндей көгілдір. Көгілдір түс бейбітшіліктің,тыныштықтың, жарқын болашақтың нышаны. Тудың ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Сол жағында ұлтттық ою өрнектелген Күн ,қыран құс және өрнек алтын түспен бейнеленген. Алтын түс молшылықпен байлықтың белгісі.
Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақтан күн сәулесіндей уықтар тараған.Шаңырақты аңыз—әңгімелердегі пырақтар қанаттарымен көмкеріп тұр, маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз салынған- еліміздің жұлдызы жарық болсын деген мағына береді,қазақстан деген жазуы бар.
-Балалар әнұран туралы не білеміз
Әнұран салтанатты ән. Әнұран –жар салу деген мағынаны білдіреді Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүректің тұсына қойып орындайды.
-Орнымызан тұрып әнұранды орындайық.
Ойын «Киіз үй»
Дөңгелене тұрамыз
Керегені құрамыз
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді тігеміз
Еліміздің аспаны ашық болсын!
Жерімізде гүлдер көп болсын! (Гүлді шашу)
Ал балалар гүлден шашу шаштық енді осы гүлдерді бір бірден алып Отанымыз туралы өлең жолдарын айтайық.(Әр бала өз мақалдарын айтады)
1-оқушы; Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім,сөйле тілім
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным.
2-оқушы; Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші
Рәміздерім-Әнұран, Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
3-оқушы;Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай кңілдің,
Ортада-аспан әлемі.
4-оқушы Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
5-оқушы; Отан деген-атамекен
Отан деген-туған жер.
Отан- --ана,
Отан--- үлкен
Қазақстан-туған ел.
Мұғалім: Туған жерді гүлдендірер ұл – қызы міне, сендерсіңдер. Сондықтан еліміздің рәміздерін қадірлеп, бағалап биікке көтеріп жүруіміз керек. Олай болса өзіміздің Отанымыздың суретін салайық.
Сурет салу (оқулықпен жұмыс).
Мұғалім: Балалар сендерге бүгінгі ашық оқу іс әрекеті түсінікті болдыма? Біз бүгін не біліп, не үйрендік? Өте жақсы олай болса біз туған жерімізге арнап ән айтып оқу іс – әрекетімізді аяқтайық.
Ән: «Қазақстан»
Күтілетін нәтиже:
Бала білу керек: Балалар өз Отаны жайында түсініктер алады
Балалар игеру керек: Рәміздермен танысып, ажырата біледі
Жасай білу керек: Шаңырақты орналастыра біледі