Сюжетті-р?лдік ойын ?уырша?ты шомылдыру


«Раушан » IІ-сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білімберу саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қуыршақты шомылдыру» (Сюжетті-рөлдік ойын)Мақсаты : Балаларды дұрыс жуына білуге дағдыландыру,киімдердің атын дұрыс атай білуге баулу, шешінгенде киімдерін дұрыс қоюға балаларды сумен, сабынды пайдалана білуге үйрету.Қуыршақты шомылдыру барысында балалардың тілін дамыту,ойыншықтармен дұрыс ойнай білуге баулу.
Керекті құралдар: Қуыршақ Қаракөз, ыдысқа құйылған жылы су, сабын, орамал, ақжайма т.б.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотива-
циялық
қозғау-
шылық
Балалар бүгін біз «Менің отбасым» ойынын ойнаймыз. Балалар отбасы деген не?
Сендердің отбасыларыңда кімдер бар?
Дұрыс,айтасыңдар балалар. Ал сол адамдар үйде қандай жұмыстар атқарады білесіңдерме? Ана, Әке,Әже,Аға,Тәте бар.
Анамыз тамақ пісіреді,кір жуады т.б
Әкеміз жұмыс жасайды,аналарымызға көмектеседі
Ұйымдас-
тыру
іздестіру
Қызықты сәт; топқа қолында кір қуыршақтары бар Айман әже кіріп келеді.
Тәрбиеші балалар қараңдар мына қуыршақтарға,олар қандай екен?
Дұрыс айтасыңдар балалар,біз осылай кір болып жүруіміз керекпе?
Ендеше балалар біз бұл қуыршақтарға не істеуіміз керек?
Дұрыс балалар оларды біз суға түсіріп үстіндегі киімдерін жуу керек.
Ол үшін бізге не қажет балалар?
Дұрыс айтасыңдар балалар міне біз барлығын дайындап алдық, енді қуыршақтарды шомылдыруды бастайық.
Балалар бөлініп үстел үстіне қойылған құралдарды пайдалана отырып қуыршақтарды суға шомылдырып, киімдерін жууды бастайды.
Балалар сендер су туралы қандай жаттаулар білесіңдер?
Балалар қуыршақтарды жуындыра отырып тақпақтар айтады.
Жарайсыңдар балалар!
Балалар қуыршақтардың киімдерін жуып, оларды таза сумен шайып ілгіш жіптерге іліп жаяды.
Балалар қуыршақ туралы қандай тақпақ білесіңдер айтып беріңдерші! Балалар қуыршақ туралы тақпақ айтады. Балалар амандасады әжемен
Олар кірлеп кетіпті, үстері лас екен.
Жоқ тазалықты ұстану керек.
Оларға тазалықты үйрету керек, және суға шомылдырамыз.
Таза су,сабын,сүлгі,ысқыш керек.
Балалар қуыршақты шомылдыруды бастайды.
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға бетіңді жуу
Жусаң егер әрдайым
Таза бетің маңдайың
Тазалықтың досы,су дегенім осы
Жуын, жуын, жуынсақ,Қандай жақсы қуыршақ.Әйтпегенде бөпешім,Кірлеп кеткен екенсің.Қазір аппақ боласың,Қуанады анашың.
Рефлексив-
ті түзету Ойын соңында балалар қуыршақтарды керуетке жатқызып балалармен бірге бесік жырын айтып,қуыршақтарды ұйықтатады. Балалар бүгінгі ойыннын алған әсерлерімен бөліседі.
Күтілетін нәтиже:
447675100965 -біледі: суды,сабынды пайдалана біледі
-түсінеді: дұрыс жуына білуге дағдыландыру
-қолданады: қуыршақты шомылдырады, сабын, су.
-279527034290