Р?лдік ойын ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру


Рөлдік ойын арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру Мақсаты: Рөлдік ойынды ойнату арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Шығармашыл, бәсекеге қабілетті, еркін ойлай алатын жеке оқушы тұлғасын қалыптастыру. Міндеттері: Оқушыларды жауапкершілікке, ізденімпаздылыққа баулу;Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;Сыйластыққа, достыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Болжамы: Егер, сабақ барысында немесе сабақтан тыс іс-шараларда рөлдік ойынды қолданса, онда оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеті дамып, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті оқушы тұлғасының қалыптасуына мүмкіндігін тигізер еді. Рөлдік ойынды сабақ барысында қолданудың негізгі мақсаты – білім беру мен оқытуды қарапайым ойынмен ұштастыру. Оқушының ойынға белсенділігін оның оқушылар ұжымындағы орнын анықтау. Рөлдік ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:Қарапайым рөлдік ойыннан қиын ойынға көшу;Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;Ойын үстінде  шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу;Рөлдік ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай пайдалану;Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу;Ойынға кірісер алдында оның жүргізулі тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру;Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау.  Ойынның мақсатын нақтылау және керекті көрнекіліктер мен материалдарды дайындау; Рөлдік ойынның түрлері“Ертегіні жалғастыр” ойыны“Почташы” ойыны“Қолтырауын” ойыны“Журналист” ойыны“Жағдаяттар” 1-сынып оқушыларымен “Шалқан” ертегісі 2-сынып оқушыларымен 3-сынып оқушыларымен жүргізілген сабақСабақтың тақырыбы: ДОС БОЛАЙЫҚ, БӘРІМІЗ!Сабақтың мақсаты: Балалардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Сабақтың міндеттері: - Татулық, достық, адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;- Достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;- Достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу. Саңырауқұлақтың саясыД.Сланбетова Жағдаяттарды талдау Оқушылар осы әдіс арқылы сабақта алған білімдері бойынша ойларын түйіндейді. Аружанның кішкентай сіңлісі Алтынай дүниеге келді. Үйдегілер қуанышты. Туыстары жақсы тілектер айтып, Алтынайға әкелген сыйлықтарын беріп жатыр. Аружан бұған өкпелі. Алтынай өмірге келгенге дейін анасы өзін алдына алып, құшақтап аялайтын. Барлық сыйлық та, жақсы тілектер де тек өзіне айтылушы еді. Енді өзіне көңіл бөлінбегеніне ренішті.Аружанның қылығы дұрыс деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?Сендер Аружанның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?Жоғары сынып оқушыларына Рөлдік ойынды қолданудың тиімділігіСабаққа қызығушылығы артадыЛогикалық ойлау қабілеті дамидыШығармашылық қабілеттерін арттырадыІзденімпаздық қалыптасадыҚиындықты жеңедіТапқырлық әрекет қалыптасадыЖүйелі, сауатты сөйлейдіӨздерін еркін сезінеді, сенімділік пайда боладыЖаңа тақырыпты меңгертуде жақсы нәтижеге жетугеболады Оқушылардың бойындағы үрейлену деңгейін жеңуге;Оқушыны бақылауға мүмкіндік береді;Ұжым ішіндегі орнын қалыптастыруына ықпалы;Рөлдік ойынды қолданудағы психологиялық тұрғыдан тиімділігі Рөлдік ойынды қолданудың тиімділігіДарынды оқушыларды анықтауға көмектеседіДарынды оқушылармен жұмыс жүргізу барысындаДарындылық қабілетін шыңдауға көмектеседіКөшбасшылық қабілетін анықтауға көмектеседі Рөлдік ойынды қолданудың тиімділігіСынып белсенділерін қатыстыра отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруғаҮлгерімі төмен оқушылармен жұмыс барысындаСабаққа қатысуын қадағалауҰжымда шеттетілген оқушыларды анықтауға көмектеседі Қолданылуы: Білім беру үрдісінде басқа педагогтардың пайдалануы:Мысалы: Ағылшын тілі пәні – “Cinderella” Рөлдік ойынды қолданудағы нәтижеОқушылардың сабаққа қызығушылығы арттыОқушылардың бір рөлден екінші рөлге еркін енуіОқушылардың жаңа образдарды сомдауға деген талпынысӨзінің рөліне жауапкершілікпен қарауҚиялына байланысты өз образын жетілдіру Қорытынды: Сабақ барысында рөлдік ойынды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін жетілдіріп, өз пәні бойынша білім-білік деңгейін, әдіс-тәсілін үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік туғызу. Әрбір оқушыға сапалы да терең білім бере отырып, олардың үнемі жарық жұлдыз болып жанып, оның жанашыры болатынына, сөздік қоры мол, өз елінің бәсекеге қабілетті азаматы бола алатындарына сеніміміз мол. Осы оқушылардың шығармашыл, қабілетті тұлға болуы үшін ауыр да қиын еңбек жолындағы ұстаздық қағидамыз: «Үйренуден қашпа, Үйретуден жалықпа!» ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:«Ұстаздар» сайты материалдар.Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. – М., 1992. Тұрғынбаева Б.А., Шабденова Б.Ш. «Шығармашылық баспалдақтары». Алматы 2003ж.А.Қамалбекова «Оқушылардың қызығушылығын ойын арқылы арттыру» Бастауыш мектеп.  2005ж.М. Аманқұлова.  «Бастауыш мектепте оқыту» 2007ж.Журнал «Педагогика жаршысы»  №4 2010ж, №3 2011ж. НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!