Ма?ала: Болаша?ты бірге жасаймыз


«Болашақты біз бірге жасаймыз!»
№87 жалпы білім беретін мектепте «Болашақты біз бірге жасаймыз!» атты ұранмен «Мектепке жол» республикалық акциясы жүзеге асып келеді. Бұл акцияның басты мақсаты-аз қамтылған отбасы, жағдайы төмен отбасы, ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды анықтап, оларға көмек көрсетіп, қоғамның толыққанды мүшесі екендігін сезіндіру. Қазақстанда тұратын әрбір бала мемлекет қамқорлығын сезіну керек. Осы орайда мектеп әкімшілігі көмекке зәру балаларды анықтап, көмек көрсету жолдарын қарастырды. Қоғамда шын жанашыр, қамқор жандардың көп екендігіне көзіміз жетті. Оған дәлел ретінді, мектепке көмек қолын созған ата-аналарды атап өтуге болады. Мысалы, 6 А сынып оқушысы-Бақытжанұлы Дарханның әкесі-жеке кәсіпкер Дәулетбаев Бақытжан Серікбайұлы 42 000 тг көлемінде материялдық (аяқ киім) көмек көрсетті. Сонымен бірге мектеп асханасының (арендаторы)-жеке кәсіпкер Атекеева Мираш Калиаскаровна 32 350 тг көлемінде материялдық көмек (2 оқушыға мектеп формасы)көрсетті. Қоғамдағы осындай жанашыр азаматтарды осы акция барысында анықтап, әлі де көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созатын боламыз. «Қайғыны бөліссең жеңілдейді, қуанышты бөліссең көбейеді»деген дана халқымыз. 30-қыркүйекке дейін созылатын бұл акция әлі талай балаға қуаныш сыйлатыны анық.
№87 ЖББМ директордың ТІЖО Ылясов Е.У.