Ша?ын ойын сауы? Та?ырыбы: Эстафеталы? жарыс




МКҚК «№2 «Жұлдыз» балабақша


Тақырыбы: « Ғарыш әлеміне саяхат»
Ашық сабақ
(мектеп даярлық топ)


Өткізген: дене тәрбиесінің
нұсқаушысы:Әдікен С. Ж.




Көкшетау қаласы 2016
Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат».Мақсаты: алған білімдерін шыңдай отырып, түрлі қызықты тапсырмалар, ойындар арқылы балалардың ынта зейіндерін арттыру.
Білімділік: ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Дамытушылық: ғарышқа тек қана өте білімді, денсаулығы мықты, спортпен үзбей шұғылданып, еңбекқор адамдар ұшатынын ұқтыра отырып, бүлдіршіндерді еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оята отырып дағдыландыру.
Тәрбиелік:  ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, таныстыру,қимыл қозғалыс ойындар арқылы.
Құрал-жабдықтар: белгілер 4,үлкен доп 2,тунель 1, гинастикалық жол1, таяқшалар, доптар.
(саппен спорт залға музыка әуенімен кіред).
Дене тәрбиесінің нұсқаушысы:
Сәлеметсіздерме балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Дене тәрбиесінің нұсқаушысы: Құрметті ұстаздар, балалар осы өтіп кеткен 12 сәуір - ғарышкерлер күнімен құттықтаймын! 55 жыл бұрын ашық ғарышқа ,алғаш рет адам баласы ұшты. Сол уақыттан бастап 12сәуір күні біз ғарышкерлер мерекесін атап өтеміз.Ғарыш бұл жұлдыздар және ғажайыптар әлемі.  Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз.
- Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышкерлер қандай болулары керек?
( балалардың жауабы)
Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен? (дұрыс зымыранмен)- Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшуға дайынсыңдар ма? (балалардың бұлшық еттерін тексереді) Жарайсыңдар балалар, енді біз қазір шынығып алайық.
ЖДЖ (доптармен) ( музыка әуенімен)
Енді балалар бізге аспанға ұшу үшін , кәнеки ракетамызға жайғасайық.
( сапқа тұру сызық бойымен, музыка әуені ойнайды зымыраның дауысы)
Балалар, қарандаршы, біз аспанға да жетіп қалдық, қалай әдемі екен.
(алдымызда Жарық жұлдыз қарсы алады) ( музыка әуенімен)
Жарық жұлдыз:
Сәлеметсіздер ме балалар, қош келдіңдер!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Жарық жұлдыз: Балалар сендер мұнда не істеп жүрсіндер?
Бала: Бізде бүгін ғарыштар күніне арналған мереке, біз аспанға саяхатқа келдік.
Жарық жұлдыз: Солай болса балалар мен сендердің өнерлерінді көрейін, бізде мұнда жер ғаламшарында сияқты әр- түрлі ойындар болад, менде сендерге арналған өз көптеген кедергілерім және тапсырмаларым бар.
Бірақ оларды өту үшін, біз мықты шапшаң, және әр-түрлі кедергілерден өтуге дайын болуымыз керек .
Қазір біз оны тексеріп көрейік. Ендеше балалар кәнеки сендермен бірге ойын ойнайын . «ғарыштық тунель».
Ойын:«Ғарыштық тунель». ( музыка әуенімен)
( кілемге ғарыштық жолды және таяқшадан секіріп одан кейін тунельден төрт аяқтап балалар бір бірден саппен өту.)
Жарық жұлдыз: Жарайсындар балалар! мен енді сендерге жұмбақ жасырайын мұқият тындандар.
Жұмбақ:
Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын. (Ай)
ПЕРЕЙТИ НА С
Қазір мен сендерге «Айға секіріп ал» деген ойынды ойнайық, ол үшін біз екіге бөлінеміз.
Дене тәрбиесінің нұсқаушысы: Сап түзел! Тік тұр! бір, екіге санал!екіншілер 5қадам алға бас. Айнал! Тік тұр!
Эстафета: «Айға секіріп ал». ( музыка әуенімен)
( Балалар екіге бөлініп үлкен екі шармен секіріп, жыланша айға жету.)
Жарық жұлдыз:
Балалар, сендер тунельге , айға да жетіңдер. Бірақта бізде ғаламшарымызда көптеген жұлдыздар және аспан ғаламшарлары бар, енді келесі ойынымыз .
Ойын: «Жұлдыздар мен ғаламшарларды жинау». ( музыка әуенімен)
(әр бір жерге жұлдыздар мен ғаламшарларды лақтыру, екі баладан шығып музыка әуенімен балалар жұлдыздар мен ғаламшарларды жинау, кім тез жинайд сол жеңімпаз)
Жарық жұлдыз: жарайсынар балалар!
Бала: Жарық жұлдыз, біз өзіміздің туымызды ала келдік, соны сіздің ғаламшарына тікелі отырмыз.(бала туды көрінетің жерге іліп қояды)
Жарық жұлдыз: енді мен білетін болам, жер ғаламшарында сендер сияқты ақылды, батыр балалар өсіп жатыр.
кішкентай достарым пайда болғанына ризамын, сендерге бүгінгі мерекені есте қалдыру үшін, менен сендерге төс белгілері сыйлығым бар. Олар кішкентай жұлдыздар. ( Төс белгілерді таратып беру.)
Дене тәрбиесінің нұсқаушысы: әр-түрлі кездейсоқ қызықты жағдайларда болғанымызға біз өте қуаныштымыз. Сізге де көп тен көп рахмет, бізге енді өз жерімізге қайтуымыз керек.
Жарық жұлдыз: Аспандарыныз ашық,бейбіт өмір тілеймін. Келесі кездескенше!
Балалар: Сауболыныз!
( жарық жұлдыз музыка әуенімен шығып кетеді).
Дене тәрбиесінің нұсқаушысы: Сап түзел! Тік тұр! зымырамызға жайғасайық.
( зымыранға отырып музыка әуенімен жерге қайту).
Саппен кілемнің шетімен баяу жүру демалу,сапқа тұру. Сап түзел! Тік тұр!
Балалар айтындаршы біз қай жерде болдық? Аспанға қалай ұштық? немен? Сендерге не ұнады? Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
Осымен достар біздің мейрамымыз өз мәремізге жетті.Мүмкін сендердің араларында Қазақстаның туын желбіретіп ғарыш кенесіне отырып, жұлдызға баратын ғарышкер табылып қалар. Қош сауболында балалар!
Балалар: Сауболыныз!
(балалар музыка әуенімен спорт залдан шағады)