Дене шыны?тыру саба?ынан ашы? саба? .Та?ырыбы:Эстафеталы? жарыс


Сабақтың тақырыбы:Эстафеталық жарыс._
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік, күш, сапалық қасиетттерін дамыту
Дамытушылық: Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл — әрекетке жаттықтыру.
Тәрбиелік: Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Эстафеталық жарыстар.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту.
Сабақтың өтетін орны: Спорт зал
Сыныбы : 4а,б сынып
Уақыты: 45 мин
Керекті құрал — жабдықтар: ракетка, пирамида, доп, шар,кедергілер.

Сабақтың
бөлімі Сабақтың мазмұны Жүктеме мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
І Дайындық бөлімі
1.Сапқа тұру.Рапорт беру.Сәлемдесу.
2.Сабақ міндетін хабарлау.
3.Саптық жаттығулар: оңға, солға бұрыл, кері айнал.
4.Жүру жаттығулары:
--аяқтың ұшымен ;
--өкшемен ;
--жартылай отырып жүру;
--толық отырып жүру.
5.Жүгіру жаттығулары:
--оң жақ қырымен тіркеме адыммен ;
--сол жақ қырымен тіркеме адыммен;
--тізені жоғары көтеріп жүгіру;
--артқа аяқты бүгіп жүгіру.
6.Жүру.Терең демалу.
7.Бір лектен төрт лекке бөлініп тұру (таяқшаны оң қолға ұстаймыз .)
8. ЖДЖ
Б.қ.аяғымыз иық көлемінде - оңға 1-4,солға 1-4 басымызды айналдырамыз;
Б.қ.аяқ алшақ,таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап :1-қолды алдыға көтеру ,2- жоғары көтеру,3- екі жаққа ,4- б.қ.
Б.қ аяқ алшақ белді 1-4-оңға жане солға айландыру.
Б.қ аяқ алшақ,:1-жоғары көтеру ,2- алдыға еңкейіп ,3-отыру ,4- б.қ.
Б.қ аяқты кең алшақ қойып,:1-оң аяққа отыру, ,2-б.қ.,3-сол аяққа отыру ,4- б.қ.
Б.қ аяқты иық көлемінде қойып-15 рет тұрып отыру.
Б.қ оң аяқты алдыға,сол аяқты артқа қойып кезек-кезек аяқты ауыстырып секіру.
Терен демалу.

15 мин
5-6-рет
5-6-рет
5-6-рет
5-6-рет
5-6-рет
5-6-рет Оқушылардың
спорттық киімін қадағалау.
Жаттығуды орындағанда дұрыс жасауын қадағалау .
Жаттығуды орындағанда екі қолды түзу ұстауын қадағалау
Жаттығу кезінде тізені бүкпеу керек
Отырғанда екі қолды алға ұстап, тұрғанда төмен түсіруін қадағалау
Кеудені түзу ұстау қажет.
ІІ Негізгі бөлім
Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі .
Эстафеталық жарыс.
Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар.
Бүгінгі эстафеталық жарысының аты
«Қабырғаны гүлдендіру»
Оқушылар үш -төрт топқа бөлінеді.Тапсырманы бірінші болып орындаған І топ- үш гүл ,ІІтоп-2г, ІІІтоп-1гүл женіп алып қабырғаға жапсырады.
1 сайыс- таяқшаны қолға үстап кедергіні айланып қайту;
2 сайыс- шеңбердің ішінен өтіп ,баскетбол допты алып бір қолмен жүргізіп кедергілердін арасымен өту;қайтарда тапсырманы қайталау.
3 сайыс-үлкен допты еки қолмен ұстап кедергілерден айланып қайту,
4 сайыс- ойыншы шелектегі тенгені шеңберге салады ,кедергілерді айналып қайтады ,салған тенгелерді қайтадан шелекке жинап салады.
5 сайыс коробканы киіп кедергілерден өтіп, кіші допты шелекке
6 сайыс –шеңбермен волейбол добын сүйретіп кедергілерді айналып қайту.
7 сайыс –кедергілерден өтіп чалма лақтыру.
Гүлі көп топ осы ойында женеді.
Сабақтан босатылған балалар бағалайды(әр топтың гулдерін қабырғаға жабыстырады) 25 мин
Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл –әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атайды .
Тапсырманы толық және дұрыс орындау.
Саптан ерте шығу жоқ.
Теңгені шеңбердің ішіне тастау ,сыртқа шықса түзеу керек.
Дәлдеп лақтыру.
ІІІ Қорытынды бөлім
1.Сапқа тұру.
2 Сабақты қорытындылау.Бағалау.
3 Назар аудару ойыны.
4 Үй тапсырмасы: саптық жаттығуларды қайталау,ж.д.ж дайындау.
5Оқушыларды сыныпқа апару. 5 мин Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Дене шынықтыру пән мұғалімі : Нихамбаева Эльмира Кабдулкаковна

«№1 жалпы білім беретің ортамектеп»
Ашық сабақ
«Эстафеталық жарыс»

Дайындаған :Нихамбаева Э.К.
2017ж.