Спортты? сайыс «К??ілді сай?ымаза?»


Тақырыбы: «Көңілді сайқымазақ» спорттық сайыс
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, белсенділігін, ептілігін, шапшандығын арттыру. Балаларға спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген ққызығушылығын арттыру.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Шынысқан шымыр боласың
Сауығып айдай толасың,
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың!
Жеңімпаз болу оңайма?
Арман болған талайға
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
II Негізгі бөлім
Құрметті қонақтар , бүлдіршіндер бүгінгі «Көңілді сайқымазақ» атты спорттық сайсымызға қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа «Күншуақ» тобымен «Бүлдіршін » тобының балалары қатысады.
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерлі ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Күншуақ, Бүлдіршін
Тобының балаларын шақырамыз.
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болаыйқ, Зоя Өтеуқызы, Асылай Талапкер.
Ортаға шақырамыз.
Ойын мындай шарттардан тұрады:
1.Қапшықпен секіру .
2. Тунельден өту
3. Арқан тартыс
4. Кеглилдің ортасымен бір – бірінің белдерінен ұстап кеглиді құлатпай өту
5. Ешекпен жарысу
6. Машинамен жарысу
Қорытынды бөлім:
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектану, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыста ренжімей
Тарасса бізге жарады –
Демекші сайысымыздың шарттары бойынша қортынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. Жарысқа қатысушы бүлдіршіндерге арналған сыйлықтарын табыс етпекші.
Қабыл алыңыздар!
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда –
Демекші Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп – көп рахмет!
«Айгөлек» яслибақшасы
Көңілді сайқымазақ
Жүргізген: Кенжегариева Арал
Құлсары 2017ж