(1985-1991 жж.) Республикада?ы саяси-?леуметтік экономикалы? жа?дайлар ?дістемелік ??деу


Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Тақырыбы: (1985-1991 жж.) Республикадағы саяси-әлеуметтік экономикалық жағдайлар
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: (1985-1991 жж.) Республикадағы саяси-әлеуметтік экономикалық жағдайларынан түсінік бере отырып, ізденушілік жұмыстары арқылы білімдерін толықтыру.
Дамушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды еске сақтау, салыстыру, трихи шындықты білу арқылы логикалық қабілетін дамытудағы және қазіргі заманға қөзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға, үлгі еруге тәрбиелеу. Патриоттық сезімді қалыптастыру және өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу, тарихты білуге, ерлікке, батылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың уақыты: 90 мин
Сабақты өткізу орны: 201,205
Пәнішілік байланыс: 1960-1980 жж. Қазақстан
Пәнаралық байланыс: саясаттану
Сабақтың жабдықталуы: слайд, плакат,әдістемелік өңдеу,электронды оқулық,тапсырмалар
Пайдаланылған әдебиеттер: Шың кітабы. 2011ж., Қазақстан тарихы Ч. Мусин 2005, Қазақстан тарихы Жұмақаева Б. Д. 2010 ж.
Негізгі:Қазақстан тарихы Ч. Мусин 2005 ж.
Қосымша: Шың кітабы. 2011ж.,Қазақстан тарихы Жұмақаева Б. Д. 2010 ж.
Студент білуі тиіс: Экономиканы қалыптастырудағы тоқырау. Қоғамды басқару жүйесіндегі ары қарайғы бюрократизация. Қазақстанның одақтық ауылшаруашылығы кешеніндегі ролінің артуы. Халықты тұрақтандыру әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру – 10-25 мин
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30-45 мин
IV. Жаңа тақырыпты бекіту – 10-15 мин
V. Қорытындылау – 3-5 мин
VІ. Үйге тапсырма – 3-5 мин
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу. Жаңа сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Фронтальды сұрақтар, кесте арқылы тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ең алдымен ой шашу арқылы және видео көрсету арқылы бұрыннан қандай түсініктері бар екендіктерін біліп барып түсіндіріп, дәріс оқу.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
V. Қорытындылау Рефлексия
VІ. Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын тексеру.
1 тапсырма. Салыстырыңыз.
1960ж. Қазақстан 1970ж. Қазақстан 1980ж. Қазақстан
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың сабақ барысында орындаған жұмыстары төмендегі сұрақтар бойынша пысықталып бекітіледі:
Қазақстанның 1960-1980-ші жылдардағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістердің себептеріне?
Шаруашылықтың экстенсивті дамуының сипаты неде?
Қазақстанда 1960-1980-ші жылдардағы ұлттық мәдениеттің деңгейі қандай болды?
Республиканың ұлттық және саяси жағдайы?
Қазақстанда 1980-ші жылдары қайта құрудың басталу себебі неліктен?
Алматы қаласында 1986 жылы желтоқсанда болған оқиғаның себебі неден?
Экологиялық жағдайдың Қазақстанда төмендеуі неліктен?
Арал және Семей полигонының проблемалары?
Табиғат ресурстарының осы кезеңдердегі жағдайы.
Кеңес өкіметінің ыдырауындағы саяси жағдайлары?
Берілген сұрақтар бойынша сабақ қорытылып, бекітіледі.

Дәріс.
1985-1991 жж.) Республикадағы саяси-әлеуметтік экономикалық жағдайлар
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы.
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері:
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. 3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың бұзылуы. 5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері: - Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі. - Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық. - Бақылаусыз басқару аппараты. - Инфляция. - Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері: - Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы. - Теңгермешілдік. - Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы. - Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы. - Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер. - Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы қүрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.
Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
Кеңес саяси жүйесіне реформа. 1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздексіз сыналды.
КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы республикалары, Украина, Қырғыстан).
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады.
КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Россия Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі сөққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.
1 тапсырма.
1.1970-80жж. тарихта қалай аталды?
2.Дағдарыс, рушылдық,жершілдік,парақоршылық,маскүнемдік проблемаларын түсіндіріңіз
3.Экономиканың дамудағы кедергілер
2 тапсырма.
М.Горбочев саясатының ұрандары

3 тапсырма
Тарихи диктант
Дағдарыстың себебі өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері:
1. Басшылықтың ......... жүзеге асыру қажеттігін түсінуге .......... және дәрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің............., азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан .............. 3. Партиялық және ................функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың ............ 5. Жар.......... болмауы.
1985 жылғы наурызда .......... қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік,........... дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды .......... бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты .........жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде ............ бағытына бастауға міндет алды.
4 тапсырма.
Мәтіндерді талқылау.
1 студент.
Дағдарыстың себебі өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері:
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі. 2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы. 3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі. 4. Заңдылықтың бұзылуы. 5. Жариялылықтың болмауы.
2 студент.
Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері: - Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі. - Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық. - Бақылаусыз басқару аппараты. - Инфляция. - Товар зәрулігі.
3 студент.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері: - Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы. - Теңгермешілдік. - Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы. - Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы. - Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер. - Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.