Ашы? т?рбие са?аты Ана к?рікті ?ызымен


Сабақтың тақырыбы: «Ана көрікті қызымен, қызы жүрер ізімен!»Сайыс мақсаты: «Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру»
Тәрбие сағат көрнекілігі: сынып мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.Сабақтың барысы:
- Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нүрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана көрікті қызымен, қызы жүрер ізімен» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Оқушылардың дақпақтары.
Би «Дастархан».
Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді біз сәл ерекшелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық.Енді сіздерді аналар мен қыздарының арасында отетін сайысымызды тамашалауға шықырамыз. Олай болса алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап қошеметпен ортаға шақырайық. Жүргізуші: Ендігі кезекте сайысымыздың шартымен таныстырып өтейікСайыс 8 кезеңнен тұрады. І кезең: «Өзін-өзі таныстыру»ІІ кезең: Өз өнерлерін көрсету
ІІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы».ІV кезең: «Білімді мыңды жығар».V кезең: «Қыз қылығымен тәтті». VІ кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер,Ат қадірін білмеген жаяу қалар»«Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дсатарханға салат даярлау.
VІІ кезең. Үй тапсырмасы:
VІІІ кезең: «Бүрмелі көйлек» - сән үлгісі.
Ак көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалыкпай,
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын,
Сайлап алсақ жөн болар. – ӘділқазыларӨнер қуып аналар өтер деймін,
Қызымен мұратына жетер деймін.
Бұл сайыста аналар  кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін. – таныстыру.
ІІ кезең: Өз өнерлерін көрсету . ІІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы».ІV кезең: «Білімді мыңды жығар».Тамызып мақал тілінің
Білімді болсаң жарарсың.
Ұшқыр ой, талап, біліммен
Әлемді жаулап аларсың, — дей келе келесі кезек мақал-мәтел жарысында. Мақалдарды жалғастырыңдар.
1. Ауылдан асқан байлық, ________ қымбат қазына жоқ. /кітап/
2. Талапсыз жас, Қанатсыз_________. /құс/
3. ________ қылығымен көркем. /қыз/
1. Білім-теңіз,_______ кеме. /мектеп/
2. _______ көңілі балада. /ананың/
3. Сөз тапқанға ________ /қолқа жоқ/
1)Жақсы сөз . /жарым ырыс/
2)Ине көзінен сынады________ /шешен сөзінен сынады/
3)Ала сөйлеп, үлыққа жаққанша, Адал сөйлеп, ________/ жүртқа жақ /
1. Балаға өз тіліңмен сөйлеме, / өз тілімен сөйле./
2. Жолдасы жоқ жігіттің / Олжасы жоқ. /
3. Тұр-тұрдан хабар келсе, / ¥йкыдан маза кетеді. /
1. бар үйдің жеңгесі сүйкімді. / Кызы /
2. Бас жарылса, бөрік ішінде, /Кол сынса, жең ішінде./
1. Өле жегенше, /бөле же./
2. Туа жаман жок, /Жүре жаман бар./
3. Ағаш тамырымен мықты, /Адам досымен мықты.
V кезең: «Қыз қылығымен тәтті». VІ кезең: «Ас қадірін білмеген аштан өлер,Ат қадірін білмеген жаяу қалар»«Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дсатарханға салат даярлау.
VІІ кезең. Үй тапсырмасы:
VІІІ кезең: «Бүрмелі көйлек» - сән үлгісі.
Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ- дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде! Рахмет!!