Ха?назар хан т?сында?ы ?аза? ханды?ы
Тақырыбы: Хақназар хан (1538-1580) тұсындағы Қазақ хандығы
Мақсаты:
Білімділік: Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы, Хақназар ханның басқа елдермен қарым-қатынасы туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы жетістіктеріне оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, слайд, бейнефильм
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
1. Қиындыларды таңдап, сурет құрастырады (Керей мен Жәнібек ескерткіші, Қасым хан суреті, «Қазақ хандығына 550 жыл» логотипі). Суретер бойынша 3 топқа бөлінеді.
2. Топ басшысын сайлау.
3. Бағалау парағын үлестіру. (топ басшысы әр кезең бойынша бағалайды)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
«Конверттегі сұрақтар» (әр топ 2 конверттен алады)
1. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына қандай тарихи міндеттер қойды?
2. Қазақ хандығы халқының этникалық құрамы қандай болды?
3. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы қандай?
4. «Қасым ханның қасқа жолы» ішкі жағдайды нығайтуда қандай рөл атқарды?
5. Қазақ хандығының Қасым билігі кезіндегі күш-қуаты мен беделінің артқаны неден көрінеді?
6. Қасым хан сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?
ІІІ. Жаңа сабақ. Хақназар хан (1538-1580 )
Кіріспе.
Қасым ханнан кейін Қазақ хандығының саяси жағдайы, Хақназардың таққа отыруы. Хақназар ханның тұсында Қазақ хандығының күшеюі ( мұғалім карта, слайд бойынша түсіндіреді).
«Қазақ елі» фильмінен үзінді көрсету
Постермен жұмыс «Сыртқы саясаты» (айналмалы жұмыс)
• Моғолстанмен қарым-қатынас
• Қазақ-өзбек хандықтарының қарым-қатынастары.
• Ноғай Ордасы кейбір бөліктерінің Қазақ хандығының құрамына кіруі.
Ресеймен қарым-қатынасы.
Жаңа сабақты қорытындылау:
«Топтастыру».
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
«Адасқан объектілер»
Қасым хан 1 млн астам
Қасым хан Жәнібек сұлтан
Қасым хан Алғашқы заңдар жинағы
Қасым хан 300 мың
Қасым хан Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу
Қасым хан Жері – Жайықтан Балқашқа дейін
Қасым хан 1511-1518 жж
Қасым хан Қазақ хандығының қуаты мен беделі алыс елдерге танылды
Қасым хан Сарайшық қаласы
Қасым хан Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сауда – саттық және дипломатиялық байланыстар
Хақназар хан Моғолстанмен, Ресеймен, Өзбек хандықтарымен қарым-қатынас орнатты
Хақназар хан 1538-1580 жж
Хақназар хан
Саяси жағынан ыдырай бастаған қазақ хандықтарын біріктіріп, оларды аймақтық жағынан ұлғайтуға зор үлес қосты.
Бұйдаш хан
Тахир хан Ішкі талас-тартыстар мен сыртқы саяси дағдарыс мен феодалдық қатынастар
Хақназар хан Ноғай Ордасының көптеген ұлыстарын өзіне қосты
Хақназар хан «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты
Хақназар хан Абдаллах хан Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы сыйға тартты
Хақназар хан Түркістан, Сауран қалаларын қазақ ханына тарту етті
Хақназар хан Орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков
Хақназар хан
Моғолстан ханы Абд ар-Рашид Жетісу мен Ыстықкөл аумағындағы жерлерді басып алу ниетімен соғыс бастады.
Керей хан Алғашқы хан
Қазақ хандығының құрылуы 1465-1466 жж
Бұрындық хан
(1474-1511 жж) Самарқанға көшіп кетті
Қазақ хандығының құрылуы Әбілхайыр хандығы, Моғолстан
«Ыстық орындық».
Сыныптағы оқушылар орындыққа отырған оқушыға - Хақназар ханға сұрақтар қояды, ал оқушы Хақназар хан ретінде жауап береді.
«Венн диаграммасы» (тақтада)
V. Бағалау
Топ басшылары оқушылардың бағаларын айтады.
VІ. Үйге тапсырма: Хақназар хан (1538-1580 ) тұсындағы Қазақ хандығы.