Конспекты Кітап бізді? досымыз.


Кітап біздің досымыз
Мақсаты:1.Оқушыларды білім құралының маңызымен таныстыру.
2.Оқушының білімдік танымдылығын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
3.Сөйлеуге, адамгершілік пен имандылыққа баулу. Сабақты баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап түрінде өткізу.
Барысы:І. Ұйымдастыру
Кіріспе бөлім.
а) Кітап қайдан шығады?
ә) Кітапты кімдер шығарады?
Сондықтан біз кітап шығаратын адамдардың еңбегін бағалауымыз керек.
ІІ. Негізгі бөлім
Біз қандай оқулықтар оқимыз?
Ана тілі неге баулиды?
Қазақ тілі нені зерттейді?
Математика
Ұқыпты оқушы
Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын
Таза болсын, беттері, - сызылмасын
Көрген кісі кітабы кір демесін.
Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамдардың еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен, танысып жақсы дамуға, қандай да жақсылық іс істеуге құштарландыратын да осы кітап.
Кітап – қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы.
«Кітап-білім бұлағы»,-деп бекер айтылмаған екен. Міне, балалар кітап оқи отырып, бар нәрсені үйреніп, өз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап, білім шыңына жетеміз екен. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Балалар сендер қандай кітап, білім туралы тақпақ, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер.
Тақпақ
1-оқушы:
Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің
Оқи берсең кітапты.
2-оқушы:
Білім алар көп адам.
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын
Кітап көрсем жаңадан.
3-оқушы:
Мақал-мәтел
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Кітап – білім бұлағы
Білім – өмір шырағы
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге
Кітап үйдің оқушы тұрған терезесі.
Білім қымбат, білу қиын.
Нақыл сөздер
Білімнің қайнар бұлағы – кітап.
Кітап – құдіретті қарау
Кітап – өмір ұстазы.
Кітап ғалым – тілсіз мұғалім.
Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал
Кітап – Мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Мұғалім.
Міне, балалар кітап сендердің өмірлеріңді жеңілдетіп, сендерді адамды және өзіңді қадірлеуге үйретеді. Кітапты, сүйіңдер! Ол ақыл- ойыңды, жүрегіңді, дүниеге, адамға деген жақсылық сезімге бөлейді. Кітап – асып-таспайтын асыл досымыз.

Жеміс жесең жетілерсің
Мақсаты:Дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Қалай ауырмауға болатынын ұғындыру. Жеміс жидектердің көкөністердің адам ағзасы үшін пайдасын түсіндіру.
Көрнекілігі:Жеміс жидектер, көкөністер. Жеміс көкөністерді тағам ретінде пайдалануға насихаттау бетшесі.
Тәрбие сағатының жүрісі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:Құрметті балалар деніміз сау үлкен азамат болып шығу үшін, мектеп бағдарламасын игеріп білімді азамат болып шығу үшін, ойлау қабілеті жоғары дені сау азамат болуымыз керек. Қазіргі кезде қан аздылық бірінші орында тұр. Ол адам ағзасына дәрумендердің жетіспеуінен. Дәрумендерді қайдан аламыз. Әр түрлі тамақтардан аламыз. Тамақтану өз алдына бір ғылым. Онымен көптеген адамдар айналысады.
Балалар, айтыңыздаршы, тағамдардың қандай түрлері болады? Жауап: 1.Ет тағамдары. 2.Сүт тағамдары. 3.Жеміс жидектер. 4.Көкөністер.
Ішетін тағамдарымыз қандай болу керек? Жауап: 1.Дәмді. 2.Тұзды емес. 3.Өте ыстық емес. 4.Өте салқын емес. 5.Таза ыдыста.
Мына портретте кімнің суретін көріп отырсыздар. Батыс Қазақстанда қазақтың белгілі ақын-жазушысы Қадыр Мырза- Әли ағамыздың шығармаларынан жеміс көкөністің адамға қажеттілігін оның өлеңдерінен анық байқауға болады.
1. ҚұлпынайҚып-қызыл боп қалғанба?
Аузыңа салғанда
Жидек жоқтай көрінер
Құлпынайдай жалғанда
Деген, деген, дегенде
Салып үлкен тегенге,
Құм шекерге аунатып,
Не жетеді жегенге.
Құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарылайды. Құлпынайда көру қабілетін жетілдіретін дәрумендер бар екен.
2.ҚарбызКүннің нұрлы шуағы,
Шұғыла боп шылады.
Шөлің әбден қанады,
Көзің шамдай жанады.
Тамшылаған шырыны
Таңдайыңда қалады.
Қарбыз құрамында Fe көп. Қан аздықты емдейді. Бүйрек, бауырдың жұмысына көмектеседі. Дәндерінен май алынады. Ішек құртын емдейді. Қан тоқтатады.
3.Алма Қызыл алма, ақ алмалар көк алма,
Жылдағыдан биыл бақта көк алма.
Маусым келді, мамыржай дүние
Алма пісіп төгіліп жатыр көгалға
Көзімізді, көңілімізді байытуда.
Күніне бір алма жесең бір аурудан сауығасың. Алмада 12 түрлі дәрумен бар. Мидың жұмысын жақсартады.
4.ПиязПияз мына асылы
Жер қулығын асырып
Көрсетпейді сақалын
Топыраққа жасырып
Міне, тағы қызды құм
Көк аспанда жүзді күн
Пияз бар ма? Пиязсыз
Тұздық емес тұздығың.
Пияз тамаққа ерекше дәм береді. Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.
Жұмбақтарды тыңдап қай жеміс туралы айтылғандарына жауап берің.
Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып көрсең
Одан тәтті жоқтай (қарбыз)
Бұйра тұлымы
Желмен ойнайды
Қызыл мұрны
Жерге бойлайды. (сәбіз)
Доптар жатыр желісі бар
Қабат-қабат терісі бар. (капуста)
Қорытындылау:Бүгінгі тәрбие сағатында адам ағзасына дені сау болу үшін жеміс пен көкөністің қандай пайдасы бар екенін ұғындыңдар. Жемістер піскен уақытта тағамға пайдалануды ұмытпайық.

«Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» ММ
Кітап біздің досымыз
Өткізген: Оразбекова С.
2014-2015 оқу жылы
«Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» ММ
Жеміс жесең
жетілерсің
Өткізген: Оразбекова С.
2014-2015 оқу жылы
«Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» ММ
Салт-дәстүрім
асыл қазынам
Өткізген: Оразбекова С.
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы:Салт-дәстүрім асыл қазынам
Мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының салт-
дәстүрлері мен әдет ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Халық өнегесін үйретіп салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі:нақыл сөздер, үлттық бұйымдар. «Ата дәстүрі – балаға үлгі», «Халық тәлімі – тәрбие бастауы», «Салтын сүймеген, халқын сүймейді»
Түрі:Ойын сабақ.
Барысы:Мұғалім: Құрметті оқушылар!
Бүгінгі тәрбие сағатының негізгі мақсаты халқымыздың салт-дәстүрлері туралы оқушыларға түсіндіріп, бойларына сіңіру болып табылады. Бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері, тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектері салт-дәстүр, әдет-ғұрып, үлгілері мен өнегелері – соның айғағы.
Ұйымдастыру:Ойын шартымен таныстыру, топтарды таныстыру. Салт-дәстүрге байланысты өлең шумақтарын айту.
1.Оқушы:Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
2. Оқушы:Ата-бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты
3.Оқушы:Біздер бұрын көрмеген
Салт дәстүрім өлмеген
Үйретеміз дәріптеп
Заманымда өрлеген
4.Оқушы:Ата салтым асыл мұрам ардағым
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадырым
Өткенімді бүгінгімен жалғадым.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз ойын түрінде өтеді. Ойын 5 бөлімнен тұрады.
Дәстүрге байланысты сұрақтар
«Бабалар дәстүрін білесің бе?» (зымыран сұрақтары)
«Ата дәстүр-асыл қазына»; (зымыран сұрақтары)
Аталар айтқан асыл сөз. (мақал жалғастыру)
Ұлағатты ұлттық ұғымдар. (Киелі сандар)
1. Дәстүрге байланысты сұрақтыр.
«Қазақша жыл атауларын ретімен ата»
Наурыз көжені қандай тағам түрлерінен жасайды
Жеті атаңды ата?
Тиым сөздер: «Қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тиым» деген қазақ халқының мақалы бар. Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі-өнеге түрлерінің бірі тиым.
2.Салт-дәстүрді білесің бе?
1. «Тұсау кесу» дәстүрі туралы айту.
2. Ерулік дәстүрі кімдерге беріледі.
3. Сүйінші дәстүрі дегеніміз не?
4. Шілдехана қандай дәстүр?
3. Ата-дәстүр асыл қазына. Ойын шарты 1 оқушы 1минутта 10 сұраққа жауап беру қажет.
1-топқа:1. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам? (Наурыз көже)
2.Қыз ұзатылғанда киілетін бас киім? (Сәукеле)
3. Жылқының пірі? (Қамбар)
4.Екі ақынның өнер сайысы? (Айтыс)
5. Сиыр сүтінен жасалатын тағам? (құрт)
6. Түнде ұшатын құс? (Үкі)
7. Көшіп келгенде берілетін қонақасы? (Ерулік)
8. 40 өтірік айтқан бала? (Тазша)
9. Сүйекпен ойналатын ұлттық ойын? (Ақ сүйек)
10. Жаз айларын ата? (маусым, шілде, тамыз)
2-топқа:1. Жүннен жасалатын бұйым? (текемет)
2.Ұясы жоқ құс? (көкек)
3. Қазақтың ұлттық аспабы? (қобыз)
4. Жылқы етінен жасалатын тағам? (қазы-қарта)
5. Сиырдың пірі? (Зеңгі баба)
6. Адасқанда бағыт беретін жұлдыз? (Темірқазық)
7. Мойынға салатын әшекей? (алқа)
8. Ірімшік неден жасалады? (сүттен)
9. Қыс айларын ата? (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
10. Доппен ойналатын ойын? (қашпа доп)
3-топқа:1. Қуаныш айғағы ретінде жасалатын кәде? (шашу)
2.Мұсылман дінінің пайғамбары? (Мұхаммед)
3. Ешкі малы тартылатын ұлттық ойын? (көкпар)
4. Балаға берілетін енші? (бәсіре)
5. Қойдың пірі? (Шопан ата)
6. Түйе сүтінен жасалатын сусын? (шұбат)
7. Саңылау тесіктен үйге түсетін сәуле? (Үт)
8. Күз айларын ата? (қыркүйек, қазан, қараша)
9. Тәттімбеттің күйі? (Саржайлау)
10. Жеті қазынаның бірі? (ит)
4-топқа:1. Жаңа киімге берілетін жоралғы? (байғазы)
2.Құрманғазының күйі? (Адай)
3. Көшпелі қазақтың ұлттық баспанасы? (киіз үй)
4. Күйеу балаға берілетін кәде? (төс)
5. Наурыз айында ең бірінші гүлдейтін өсімдік?
(бәйшешек)
6. Жылқы малы нешеге келеді? (33)
7. Түйе пірі? (Ойсыл қара)
8. Жарыста озып келген тұлпар? (Сәйгүлік)
9. Қазақ ауыз әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер? (Алдар)
10. Көктем айларын ата? (наурыз, сәуір, мамыр)
4.Аталар айтқан асыл сөз. Ойынымыздың шарты бойынша берілген сөздерден мақал құрастыру.
1. Ата... бала (Ата-бәйтерек, бала жапырақ)
2. Ұяда.., ұшқанда (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)
3. Мысыққа..тышқанға (Мысыққа ойын керек, тышқанға
өлім керек)
4. Мектеп... білім (Мектеп-кеме, білім теңіз)
5.Ендеше келесі кезекті «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» бөліміне берейік. Ойын шарты: Топ бойынша әрбір санға киелі ұғымдар айтамыз.
3 саны
- Үш арсыз? (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
- Жігіттің үш жақын жұртын ата? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
-Үш арыс? (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
4 саны
Төрт қонақ түрін атаңдар? (арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)
Төрт түліктің пірін атаңыз? (түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі-Қамбар ата, сиыр пірі-Зеңгі баба, қой пірі-Шопан ата)
Төрт қымбат не? (Алтын ұяң Отан қымбат
Құт береке атаң қымбат.
Мейірімді анаң қымбат
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.)
5 саны
Бес дұшпан? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
Бес асыл? (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Бес қаруға нелер жатады? (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
7 саны
Жеті жұт? (құрғақшылық, мал жұтау, індет, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын))
Жеті күнді ата? (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
Жеті қазынаны атаңыз? (ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
Міне балалар халқымыздың салт-дәстүрі, ұрпағына берген үлгі өнегесі, мәдени мұрасы. Елін сүйген адам сол елдің салт-дәстүрін қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Тамаша! Бәрекелді! Рахмет!
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.
Хор «Қазақы дастарханым»
«Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» ММ
Е.Өмірбаевтың
өмір тарихы
(с/сағаты)
Өткізген: Оразбекова С.
2014-2015 оқу жылы
С/сағатының тақырыбы:Е.Өмірбаев атамыздың өмірі
мен отбасы еңбек жолдарымен
танысу.
С/сағатының мақсаты:Е.Өмірбаев атамыздың
өмірімен еңбек жолдарымен
таныстыру.
Көрнекілігі:1. Е.Өмірбаев атамыздың
мектептегі мұражайымен
таныстырып саяхат жасау.
2. Е.Өмірбаевтың еңбектерімен
таныстыру. «Октябрь арайы»,
«Маңғыстау», «Гүлденді өмір»
Тәрбиелілігі:Адамгершілік, инабаттылыққа
тәрбиелеу.
Мұғалімнің сөзі. Кіріспе әңгіме.
Туған елімізді зерттеп артына мол мұра қалдырған абзал азамат марғұлан Е.Өмірбаев 1916ж. кедей малшының отбасында дүниеге келген. Туған жылы әкесі Өскенбай қайтыс болған. Екі жылдан соң шешесі Жанболат қайтыс болған. Әкесінің ағасы асырап алған. 1924 жылдан бастап тұрмыс тапшылығына байланысты бай малын бағады. 1929 жылдан бастап жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Онда 1932 жылдың көктеміне дейін оқып шығады. Жазғытұры кемеге келіп балық аулайды. Күзде Астрахань, Махачқалаға қатынайтын маторға қолбала болған. Ауыр өмірден Бекжан Хитуов құтқарады. 1933ж. ауылпорткомның есеп бөлімінде істеген. 1934ж. қазан айынан бастап Ганюшкинде 8-сыныпта оқып 1935ж. Фурмановта 12 айлық курсты бітірген. Маңғыстауға келіп, оқытушылық қызмет атқарып жүріп, Маңғыстаудағы Форт-Шевченко қаласы туралы деректер жинайды. Өзінің өмірінің соңына дейін Украйина мен Қазақстандықтар арасындағы достық қарым-қатынасын нығайтушы болды. Өмірінің соңына дейін Тарихи этнографиялық мұражайдың директоры болып жұмыс істеді.
Қорытындылау:Мұқабай Сегізбаевтың «Маңғыстаулық
марғұлан» өлеңімен аяқтау.
Кешір аға, жан аға
Жатсам қозғап атыңды
Сәуле құйған санаға
Істерің көп татымды
Күттің бәрін сабыр ғып
Күту саған жарасты.
Кеттің мәңгі тамыр ғып,
Қазақпенен Тарасты.
Білер түгел жамағат
Іздемедің ықтасын
Болашаққа кандидат
Кандидаттан мықтысың.




«Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» ММ
Достықты қалай
түсінесің?
Өткізген: Оразбекова С.
2014-2015 оқу жылы
Т/сағатының тақырыбы:«Достықты қалай түсінесің?»
Т/сағатының мақсаты:Достықты қалай түсінесің?
тақырыбы бойынша оқушылардан сұрақ-жауап арқылы пікір алысу.
Т/сағатының жүрісі:1) Оқушылардан достарымен
қандай қарым-қатынаста
болатыны туралы түсінік алып,
әрбір оқушының жауабына
қарай мұғалім толықтырып
отыру.
2) Достықтың қандай түрлері
бар. Ондай достықтар туралы
оқыған әңгімелерімен
оқушылардың өз пікірлерін
тыңдау.
3) «Жаман жолдас» тақырыбы бойынша талдау жасап, оқушылардың ойларын байқау. Өздерінің қалай ойлайтынын әр оқушыдан сұрап достық тақырыбын қорытындылау.
4) Достық туралы мақалдар айтқызу. Достық туралы мақалдар жазып. Менің досым тақырыбына қысқаша мәтін жазып келу.
«Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі» ММ
Ардақтайық
ананы
Өткізген: Оразбекова С.
2014-2015 оқу жылы