Т?рбие са?аты Абайла, бала?ай
-786100-911476-783885-762620 №5 «Ақбота»МДҰ МКҚК
«Абайла, балакай» атты
тәрбие сағаты
І-кіші «Көбелек» тобы
Тәрбиешілер:Иманбаева.М.Я
Кребаева.А.Б
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: Абайла,балақай!
Мақсаты:Балаларды бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға
жолда жүру ережелерін меңгерту,түстерді ажырата бәлуге үйрету. Баланы мұқият болуға
тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын.
Көрнекіліктер: жолда өтіп бара жатқан әкесі мен баласының суреті,бағдаршам.
Оқу іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық-қозғаушылық - Шеңбер құрып тұрғызып,бір-біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуын сезінейік.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз. Балалар педагогпен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік 1.Әңгіме жүргізу.
- Балалар,сендермен жол тәртібі жайлы әңгімелесеміз.Тақтада сендер қандай пішінді көріп тұрсыңдар?
- Иә,балалар,дұрыс айтасыңдар,дөңгелек екен.Осы пішіндердің түстері бір-біріне ұқсайды ма?
Пішіндердің түсі- қызыл,жасыл,сары.Мен қазір сендерге сиқырлы жұмбақ жасырамын.
2.Жұмбақ жасыру.
- Қызыл түсі «тұр» дейді,
Сары көзі «дайын бол» дейді
Жасыл көзі «жүр» дейді.
- Бағдаршамды қайдан көрдіңдер?
- Иә,балалар,бағдаршамды машина жүретін жолдың шетінен көреміз.
3.Суретпен жұмыс.
- Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі.
- Балалар жолдан қалай өтуіміз керек?
- Дұрыс,жолдан абайлап өту керек.Қозғалысы көп көше қиылысында жол полициясы қызметкерлерін көреміз.
Олар көше тәртібін сақтап,жүргізушілерге бағыт,бағдар беріп тұрады.
Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды.
Көшенің арғы бетінен өткенде сақ болған жөн.
Бұл суретте әкесі мен баласы жолдан өтіп бара жатыр.Көшеде өту тәртібін сақтап бағдаршамның жасыл түсі жанғаның күтіп тұр.Балалар,көшеде жол тәртібін сақтамау-адам өміріне өте қауіпті.Жолды үлкендермен бірге кесіп өткен жөн.
Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.Жолда өтер кезде алдымен сол жағына,содан соң оң жағына қарап,арнайы жаяу жүргіншілер жолымен өту керек.
Бағдаршамның өздерің білетін үш көзі бар.
Үш көзінің түсі үш түрлі.Біріншісі- қызыл.Екіншісі- cары.Үшіншісі- жасыл.
4.Сергіту сәті.
5.Ойын: «Бағдаршам».
Шарты: жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде,балалар жүреді.Сарыны көрсеткенде,алақандарын соғады.Қызылды көрсеткенде,тыныштық сақтайды.
6.Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Бағдаршамның түстерін ажыратып,бояу. Балалар тақтада көріп тұрған пішінді айтады.
(Дөңгелек).
Балалар жауап береді.
Балалар бірге қайталайды.
Тақтадағы дөңгелектерді педагогпен бірге орналастырады.
- Жұмбақтың шешуі-бағдаршам.
Балалар жауап беруге тырысады.
- Абайлап өтуіміз керек.
Әртүрлі жауап береді.
- Көрдік.Менің әкем- полиция қызметкері.
Педагогтің айтқан сөздерін тыңдайды.
- Қызыл көзі жанғанда тоқтаймыз.
- Сары көзі жанғанда дайындаламыз.
- Жасыл көзі жанғанда жүреміз.
Бір бала жүргізуші болады.Қолында бағдаршамның түстері болады.Қолындағы түстерді көрсетіп тұрады.
Балалар бағдаршамның түстерін ажыратып бояйды.
Рефлексиялық-түзетушілік Сұрақ қою арқылы балалардың меңгергендігін қорытындылау. Балалардың жауаптары тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бағдаршамның атқаратын қызметін білді;
Игереді: бағдаршамның түстерін ажырата білу дағдысын игерді;
Меңгереді: жолда жүру ережелерін меңгерді.