Предметная неделя тіл ж?йрікте кім ж?йрік 4-класс


Тақырыбы:Тіл жүйрікте кім жүйрік? Мақсаты:1) оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау;2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу;3) қазақ тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру;көрнекілігі: тақырып,шарлар,гүлдер,Назарбаевтың сөзі.
Барысы:1.Ұйымдастыру бөлімі
«Еліңнің ұлы болсаң,еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де,елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!»
Мұғалім:– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтайтын,білімге қызығушылығын арттыратын «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Шарамыз сайыс түрінде өтеді.Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да батыл.Өмірдің өзі адамды тірестірген,Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.Айнала отырып ап исі қазақАзаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз!Алдымен сайысқа қатысып отырған оқушылармен таныстырып өтейін. 4 «А» сынып оқушыларын ортаға шақырайық.(оқушылар шығады)
Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (қазылар алқасымен таныстыру) Әр бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.- Ана тілі қазағымның қаймағы,Тілің сенің өміріңнің айғағы.Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,Әр сыныптың білгірлерін сайлады.– Бүгінгі біздің сайысымыз 4 бөлімнен тұрады:І. Бір сөзбен айтқанда (тұрақты сөз тіркестері)ІІ. Қай сөзді жоғалттым.ІІІ. Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)ІҮ. Есіңде сақтаМ:Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң,алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан де келеді біле бергім,
Білімдіні сүйерін білім елдің-дей отырып,1-ші бөлімді «Бір сөзбен айтқанда» бөлімін бастайық.
І. Бір сөзбен айтқанда (тұрақты сөз тіркестері)
Тұрақты тіркес-сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге,басқа сөзбен ауыстыруға келмейді.
Бұл бөлімде бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі.Бұл сөздермен қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен танысқанбыз.Сөз тіркестерінің мағынасын ашып,айту керек.
1.Айды аспанға бірақ шығарды-аты шықты.
2.Күлін көкке ұшыру-құрту.
3.Көздің жауын алу-қызықтыру.
4.Арқасы мұздап қоя берді-сескенді.
5.Кірпігіне қырау тамған-қаһарлы
6.Ат ізін салмады-келмеді.
7.Төбе шашы тік тұрды-қорқу.
8.Бетінен оты шықты-ұялу.
9.Жүрегінің түгі бар-ержүрек.
10.Ит терісін басына қаптады-ұрысты.
11.Ала көзімен атты-жек көрді.
12.Тайға таңба басқандай-анық.
2-бөлім: «Қай сөзді жоғалттым»
1.... көре көсем боласың,
Сөйлей-сөйлей шешен боласың.(көре)
2.Мінсең көлік,етін жесең арам.(есек)3.Шай құюға арналған ыдыс. (кесе)
4.Артқа шегінді немесе ... шегінді. (кері)
5.Білім - ...шырағы,оқу –білім шырағы.(өмір)
6.Мектеп - ... білім- теңіз.(кеме)
7. ... өтірік,мақтаншақ,
Еріншек,бекер,мал шашпақ.(өсек)
8.Шөп оратын құрал.(орақ)
9.Қырыққабаттың қырық қабат ... бар.(тоны)
10.Семіз сөзіне қарама-қарсы. (арық)
11. Білім басқа бітеді, ... тасқа бітеді.(қына)
12.Мылтық бұл- ... (қару)– Құрметті әділ қазылар ұпай сандары сұралады.
3-бөлім:«Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)
1.Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (иә)
2.Қандай?Қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын,сапасын білдіреді. (иә)
3.Сұраулы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.(жоқ) сұрақ белгісі
4.Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.(иә)
5.Кейде дауысты,кейде дауыссыз болатын а дыбысы.(жоқ) у дыбысы
6.Аласа сөзіне қарсы мәндес биік.(иә)
7.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша жалғау.(жоқ) жұрнақ
8.Дауысты дыбыстар 4-ке бөлінеді.(жоқ)
9.Әдемі сөзіне жуық сөздер сұлу,көркем.(иә)
10.Заттың атын білдіретін сөздер етістік деп аталады.(жоқ)
11. «Бесінші» сөзі неше? деген сұраққа жауап береді.(жоқ)
12. «қою» деген сөзде 4дыбыс,3әріп бар.(иә)
4-бөлім: «Есіңде сақта»
Бұл бөлімде берілген 10 сөзді жатқа жазу.
Кітап,дәптер,қалам,қазақ тілі,қарындаш,білім,мектеп,домбыра,кеме,сабақ
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған оқушыларды ортаға қол соғып, шақырайық.Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.Ана тілсіз тарих та жасалмайды,Ана тілсіз іс өрге аса алмайдыЖелмаяның үстінде желіп тұрып;Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!