К?шті? сыры неде? атты сайыс — 9 сынып


9 - сыныптар КҮШТІҢ СЫРЫ НЕДЕ? Сабақтың мақсаты: Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденімпаздыққа үйрету.Әдісі: интеллектуалды сұрақтарКөрнекі  құралдар: проектор, копмпьютер, оқушыларға қажетті карталар.    Сайыс кезеңдері Сайысты қорытындылау ІІІ тур «Ойлан тап!» Ү тур «Кім жылдам» Сайыстың ашылуы І тур «Өткел» ІІ тур «Белес» ҮІ тур « СЕРГІТУ СӘТІ» І тур “Өткел”1.Зарядтың бар екенін көрсететін прибор? 2. Атом ядорсын құраушы бөлшектер ? 3. Алдын ала зарядтауды керек ететін ток көзі? 4. Кенеудің өлшем бірлігі? 5. Молекулалардың бір-біріне өту құбылысы? 6. Массаны өлшеу құралы? 7. Спектрдің неше түсі бар? 8. Салмақтың  бірлігі. 9. Күш өлшейтін құрал? 10. Динамиканың атасы кім? 11. Айдағы  еркін түсу үдеуі? 12. Психрометрмен нені өлшейді ? I тур “Белес”1. 1623-1662 жылдар аралығында өмір сүрген. Коптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым. 2. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. 3. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. 4. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы.   5. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. 6. ХҮІІ ғасырдың басында ғана аспан денелерінің орбиталары шын мәніде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты неміс астрономы 1571-1630 жылдары өмір сүрген ғалым кім болды 7. Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. 8. Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады III тур “Ойлан тап!” №1 Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? №2 Стақандағы суды төкпей керсінше қою керек. Берілген құралдар: 1 стакан су, қағаз. №3 Шикі жұмыртқа. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп салып жумыртқаны судың бетіне шығару керек. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш, тұз№4 Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? №5 Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке. IV. “Кім жылдам”1-ойыншы: сұрақ 1. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі2. Заттың ең кішкентай бөлігі? 3. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. 4. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? 5. Физика не туралы ғылым? 6. 1961 жылы 2 сәуірде қандай оқиға болды? 7. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? 8. Ауаның қысымын анықтайтын құрал 9. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? 10. Ауаның салмағын есептеген ғалым 2-ойыншы:1. Электр тогы дегеніміз не? 2. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі 3. Ток күшінің өлшем бірлігі? 4. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? 5. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы6. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы 7. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы8. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады?9. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі10. Ток бағыты қай полюстен қай полюске бағытталады. V тур « СЕРГІТУ СӘТІ» Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?