Маманды? та?дау сыры неде ?


Коучинг тақырыбы: "Мамандық таңдау сыры неде ?"
Мақсаты: Ата-ананың баласының мамандық таңдау да білімін, бойындағы қабілеті мен икемділігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу;
Баласына кәсіптік бағдар беру
Негізгі идея: Баласының терең білім алуына жағдайын туғызып, адами құндылықтарды сақтай отырып еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар баланың жанұяда, мектепте көшбасшылық қабілеттерін дамытып, тез тіл табыса алатын, ашық мінезді, өзіне сенімді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Қазірден бастап бала өзболашақ мамандығын таңдап, осы мамандығына сәйкес қажетті пәндерді терең меңгеру.
Дереккөздер: Интернет
Ресурстар: Ролик, А-3, А4, маркерлер, стикерлер, презентация
Модульдер: СТО, ТжД, КжБ, ДОКоучинг барысы: (45 минут) Коучтың іс-әрекеті Ата-ананың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі7 мин Ата-аналарды шаттық шеңберде еуропа, азиаттық, африкалықтар болып бір-бірімен амандастыру.
Ата-аналардан сұхбат алу1) Арман көп, ал солардың ішіндегі ең маңызды не деп ойлайсың? Рахмет! Тағы кім өз ойымен бөліскісі келеді?
2) Болашақта балаңыздың кім болады деген ой сізді мазалады ма? Ойыңмен бөлісуді өтінемін
3) Балаңыздың қандай мамандықтың иесі болуға лайықты деп ойлайсыз?
4) Белгілі кәсіп иесі болу үшін, әр уақытта жоғары білім қажет деп ойлайсыз ба?
Топқабөлу
Балаңыздың туған мезгіліне (күз, қыс, көктем мен жаз) байланысты қимыл көрсету арқылы топқа бірігуАта-аналарды шаттық шеңберде еуропа, азиаттық, африкалықтар болып бір-бірімен амандасады.
Ата-аналар сұрақтарға жауап береді.
Ата-аналардың ішінен көшбасшылық танытқаны қимыл арқылы баласының туған мезгілін көрсетіп, қалғаны соған қарап топтасады.
Презентация 8 мин
1) ІІІ оқу тоқсан қорытындысымен таныстырып, ІІІ тоқсанда балаларының үлгерімі туралы мәлімет беру және ата-анасұрақтарынажауап беруБаласының пәндер бойынша үлгерімі туралы сынып жетекшінің берген мәліметін тыңдап, сұрақтар қояды.
Миғашабуыл- ой қозғау 2 мин  - Мамандық дегеніміз не?- деген сұраққа әртоптың жауап беруін өтінеді. Әр топ ата-аналары өз ойын бөліседі. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
"Ойлан! Біріктір! Бөліс!" 5 мин Мына пікірлермен келісесіз бе?
1) Мамандық біреулер үшін – ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыруы;
2) Келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс;
3) Үшінші біреулерге — әйтеуірбірмамандық алу керек болған соң. Ата-ананың өз пікірімен бөліседі.
Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде баламыз өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау керек.
"Тілек ағашы" 3 мин Ата-аналарға стикерлер таратып, оған
-Балаларыңыз болашақта қандай мамандық таңдайды білеміз бе?»
Стикерге баласының қандай мамандық таңдайтынын жазады, "Тілек ағашына" іледі.
Проблеманышешу:
Топтықжұмыс 10 мин. Әр топ осылардың ішінен өздерінің келіспейтін тұжырымдарын таңдап алып, ой-пікірлеріндәлелдейді.
1-топ:
1) Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады
2) Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады3) Қартайғанда да мамандық таңдауға болады2-топ:
1)Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек2) Ақша болса, мамандық қажет емес3) Мамандық таңдауда психологтің көмегі қажет
3-топ:
1) Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
2) Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды
3) Мамандық таңдау – күнкөріс қамы 1) А3 бетіне келісетін және келіспейтін тұжырымдарға, дәлелді ой-пікірлерін жазады.
2) Постерді қорғайды.
Салыстыру: 3 мин Балаларының алдын –ала жазып берген "Тілек ағашын" көрсетіп, салыстыруАта-ана пікірлерін балаларының таңдаған мамандықтары туралы ой қозғайды
Рефлексия:
2 мин «Плюс – минус – сұрақ».
«+» - ұнады, «-» - ұнамады, «?»
- не қызық болды? Ата-аналар стикерлерге өз жазбаларын қалдырып тақтаға іледі.
Қорытынды: 5 мин Құрметті ата-аналар! Бүгін бәріміз жақсы жұмыс жасадық. Енді мен сіздерге мынадай ойын ұсынғым келіп тұр.
1) Мен сіздерді бір-бірден ортаға шақырамын. Ортада бірінші тұрғанға мен қолын ұстап тілек айтамын. Маған рет-ретімен отырған сіздердің біреуің ортаға шығып менің бір қолымды ұстап тілек айтады. Солай жалғаса береді. Бәрімізортаға шығып дөңгелене тұрғаннан кейін қол шапалақтаймыз.
2) Оң қолымызды оң жақта тұрған кісінің иығына қоямыз, сол жақ қолдысол жақтағы кісіге қойып бір-бірімізге "Сау болыңдар!" дейміз.
Барлығы қоштасу рәсіміне қатынасады