Т?рбие са?аты: «Жігіт с?лтаны.»


Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны.»
Сабақтың мақсаты: а/Ер жігіттің қасиеттерін көрсете отырып, батыр ерлердің ерлігін оқушылар дың ұмытпай есте сақтап, құрметтеуге баулу.
б/Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын, төзімділігін, ептілігін дамыту. в/ Адамгершілікке, Отанды қорғауға, сүю сезімдерінің қалыптасуына ықпал ету.
Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер, суреттер,спорт сайысына қажеттіқұралдар.
Әдіс: көрнекілік, топтау,сұрақ-жауап.
Сабақ сайыс түрінде өтеді.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ел дәстүрін қолдамақ,
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Ұлдар мен қыздар шығады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұлдар. Би әуені ойналады, ұлдар мен қыздар би билейді.
Әр сыныптан сайысқа қатысып отырған ұлдар аты аталғанда бір адам алға шығып амандасады.
Мұғалім: Ал қыздар «Жігіт сұлтанына» қатысатын ұлдарды сайыс орнына апаруларыңа болады. Батырға көлік болған,
Сүті-қымыз,
Жегенге тамақ болған,
Тағамен жүріс.  (Жылқы)

Иә дұрыс айтасыңдар. Биыл бәрің де білесіңдер, қандай жыл?
Сол кезде жылқы болып бір оқушы шығады.
Жылқы: Келді биыл жаңа ғасыр.
Той боп келді ұлан асыр.
Алып келдім, жылқы болып,
Табыс болып, бақыт болып.
Ұлдар сендерге құлындарымды алып келдім.
Құлдыр - құлдыр құлыншақ,
Тынымсыз бір ұрыншақ
Ұршықтай боп бұлтылдап
Жұмыр, жоның жылтылдап.
Құлыншақ, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мына балаларменҚұлынның суреттерін сайысқа қатысатын ұлдарға таратып берді. Ұлдар құлынның суреттерін кеуделеріне жапсырып алды. Әр балапанда цифрлар жазылған. Сол құлындардың цифрлары арқылы кезектесіп сайысады.
Мұғалім: Сайсымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық
Әділқазылар алқасы сайланды.
Оқушы: Әділқазы болады бүгін.
Әділдікпен бағалашы,
Бүгінгі күнгі мерекені.
Мұғалім: Адамның тұғанған кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді білеміз. Сол кезеңдердең өтіп, «Жігіт сұлтаны» деген атақ алу оңай болған жоқ, «ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке қойылатын талаптар жоғары болған. Олардың ішінде «зерде-зейіні болсын, өнерлі болсын, тапқырлық, талап, ерлігі болсын, қайратқаруы болсын» деп, осы қасиеттер ер жігіттің басынан табылуын талап еткен. Осы қасиеттер бойында сіңіріп,»жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығады сұлтан болып.
Ал,сендер екінші балалық кезеңдесіңдер. Осы сайыста білімдеріңді, тапңырлықтарыңды, өнерлеріңді, батылдықтарынды көрсетіп, әр бөлімнен сүрінбей өтіп «Жігіт сұлтаны» атағын алуға тырысуымыз керек.
Оқушы: Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
«Жігіт сұлтанын» алар ма?
Мұғалім: Сайысымыз мындай бөлімдерден тұрады:
1. Өзін-өзі таныстыру.
2. Еңбек сайысы «ою қиып алу»
3. Өз өнерін көрсету.
4. Сұрақтарға жауап беру.
5. Мақал- мәтел сайысы.
6. Спорт сайысы.
1.-сайыс. Сайсымыздың бірнеше бөлімінде ұлдарымыздың өзін-өзі көпшілікке таныстыруы. Бірнеше құлыншақтардың сайысы басталады.
2.-сайыс. «Жігітке жетпіс өнер де аз» дегендей еңбек сайысы. Қай жерде болса да ұлдар ою қию білулері керек. Ою қию. Қауіпзіздік ережелерімен таныстыру. Күй әуенімен-орындалатын еңбек нәтижелері. Қиған оюларын әділқазылар алқасына тапсырды. Көрме. /әділқазыларға сөз беріледі/
3.- «Өнерлі өрге жүзер» демекші қазір өнер сайысын тамашалап көңіл сергітейік./ән айтады, би билейді/
4.-«Біреу білмегенді, біреу білер» демекші, сайысымыздың келесі бөлімінде ұлдарымыз сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды жылқы болып киінген оқушы қанаттарына жарып әкеліп, сайысқа қатысып отырған ұлдарға таратады.
Жеті қазынаны атаҮш жұртты атап бер.
Ер-қаруы-бес қаруды атап бер.
Үш асылды атап бер.
Аптаның жеті күні.
Ұлы Отан соғысы қай жылы басталады?.Төрт маусымды атап бер5.-сайыс. Бесінші бөлімде ұлдар мақалдарды жалғастырады.
Мақал-мәтел.
1...Емен ағаштың иілгені — сынғаны,/Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені./2...Жаман болатын жігіт шегіншек келер,/Кедей болатын жігіт еріншек келер./3...Жаңбыр жауса жерге сый,/Жігіт туса елге сый./4...Жау жеңетін жігіт жарағынан танылады,/Дау жеңетін жігіт талабынан танылады./5...Жібек мінезді жігіт жұртқа жағады,/Жылан мінезді жігіт жұртта қалады./6...Жігіт жақсысын "сұлтан" дейді,/Ит жақсысын "сырттан" дейді./7...Жігіт жанған шоқ болсын,/шоқ болмаса — жоқ болсын./8...Жігіт жауда өлер,/Шешен дауда өлер./
Мұғалім: спорт сайысы
Қазақ жігіттері жастайынан атқа шабу, садақ тарту,т.с.с. өнерлерді меңгерген. Бұлардың бәрі қазірше спорттүрлері. Сынып жетекшісі қорытындылайды.
1орын «Тапқыр жігіт»
2орын «Өнерлі жігіт»
3 орын «Батыл жігіт»