?арапайым математикалы? т?сініктерді ?алыптастыру. (Мектепалды даярлы?)


Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы:Заттардың қасиеттері.
Мақсаты:Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін дамыту.
Іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың
іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
Дәптермен жұмыс.
Тапсырма.
Қорытындылау Тәрбиеші балаларды отырғызып, сабаққа деген қызығушылығын оятып, жаңа сабақты түсіндіруге дайындайды.
Бұл сабақта заттардың өлшем, материал секілді қасиеттерімен танысамыз.
№1 тапсырма. Суретте үстел үстінде үлкен қарбыз, үлкен сопақ және кішкентай домалақ қауын, орташа кәді, қияр, алма, қараөрік, алмұрт, қызанақ бейнеленген. «Затты тап немесе оның қасиеттерін ата» ойыны күрделендіріледі. Өйткені, тағы бір белгі – өлшем қосылады. Дәптердегі шартты белгілер үш белгі – түс, пішін, өлшемнен тұрады.
№2 тапсырма. Бұл тапсырмада ненің өзгергеніне бақылау жүргізу керек. Әрбір жағдайда өлшем, түс, сан өзгеруі мүмкін. Мысалы: сол жақта үлкен қызыл алма, оның оң жағында кішкентай сары алма бейнеленген. Балалар түс, өлшем, пішінді білдіретін шартты белгілері бар карточканы таңдауы керек.
№3 тапсырма. Суреттер бойынша балалар ортақ және әртүрлі нәрселерді табады. Бұл тапсырманы орындау үшін үлестірмелі материалдар кестесін пайдалануға болады. Жаттығуды орындар алдында мұғалім осы кесте бойынша түрлі қасиеттерді қайталауды сұрайды.
-Әрбір карточкадағы заттарға не ортақ? Мысалы: түс, пішін, өлшем, материал, қолданылуы, дәмі, иісі, жалпы атауы.
-Карточкадағы заттарды топтарға бөлуге бола ма?
№4 тапсырма. Жуан қарандаштарды қораппен, ал жіңішкелерін стақанмен біріктіріңіз.
Сабақ соңында заттардың бұрын өтілген барлық қасиеттерін жалпылау үшін алдыңғы сабақта берілген үестірмелі материалдардағы «Қандай зат екенін тап» ойыны ойнатылады.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы заттардың қасиеті туралы алған білімдері пысықталады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Тапсырмаларды орындайды.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау.
Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. Саусақ қимылдарын дамыту. Балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту (солға, оңға, астында, үстінде, маңында және т.б. сөздерді пайдалануға үйрету. Оң, сол, алға, артқа т.б. жазық бетте бағдарлау дағдысын дамытуға ықпал жасау.
Сөйлеу тілдерінде ішінде, үстінде, астында, алдында, артында, қарсысында, жоғарыда, төменде т.б. қолдана білуге үйрету.
Іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың
іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
Негізгі бөлім.
Дидактикалық ойын.
Дәптермен жұмыс.
Қорытындылау Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
-Оң қолымызды көтереміз.
- Солға бұрыламыз.
-Қаламды оң қолға ұстаймыз.
-Сол қолымызды көтереміз.
-Кітапты сол қолға ұстаймыз.
-Оңға бұрыламыз.
Тәрбиеші кеңістік туралы мәлімет береді. Мектеп маңында жақын орналасқан нәрселерді бағдарлау дағдыларын дамыту үшін арнайы жаттығулар жүргізіледі «Дүкенге қалай баруға болады?», «Поштаға баратын жол», «Дәріханаға баратын жол». Олар балалардың бағдарлау қабілеттерін арттырып, «жолды» таба білуге үйретеді. Балалар, мәселен, пошта қайда орналасқанын, қай көшемен және қай бағытпен оған баруға болатынын , қай жерде бұрылу керектігін айтып береді. Тәрбиеші балалармен бірге айтылғандардың дұрыстығын бағалайды.
Балалардыкөзге тез түсетін заттар арқылы бағдарлауға үйрету, арадағы кеңістік қатынасын орнату, бір заттан екінші затқа қарай қозғалыс бағытын үйрету жалғасады.
Балаларға заттың екінші затқа қатысты орналасуын («Матрешканың оң жағында пирамида тұр, сол жағында қонжық отыр, артында ойыншық тұр»), сондай-ақ өзін қоршаған ортада өзінің орналасуын анықтау дағдысы үйретіледі («Мен үстелдің артында, екі терезенің ортасында, Назгүлдің артында тұрмын).
Балалар қарсысында тұрған адамның оң қолы қайсы, сол қолы қайсы екенін ажыратып үйренеді.
«Сөйлемді толықтыр» деген сөздік ойынын ойнау. Тәрбиеші Санжар доп лақтырды... (жоғары); Әсем цилиндр қойды... (оң жаққа); Маржан текше қойды... (сол жаққа) т.б. сөздерді айтып бір балаға орамал лақтырады, орамал кімге барып түссе, сол жауап береді.
№1 тапсырмада суретте берілген заттардың орналасқан жерін, оның қасиетін сипаттайды.
№2 тапсырмада бағдаршаны бояп, қозғалыс бағытын айтады.
№3, №4 тапсырмаларды орындайды.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы кеңістік туралы алған білімдері пысықталады.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.
Ойын ойнау.
Тапсырмаларды орындайды.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау.
Мақсаты: Арнайы құрылған кеңістік жағдайларында бағдарлауға және қойылған шарт бойынша өз орнын анықтауға үйрету. Саусақ қимылдарын дамыту. Балалардың кеңістік туралы түсініктерін дамыту (солға, оңға, астында, үстінде, маңында және т.б. сөздерді пайдалануға үйрету.
Іс-әрекеті Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың
іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын 1 сурет бойынша
Дәптермен жұмыс.
Тапсырмаларды орындайды.
Ойын «Не өзгерді?»
Дәптермен жұмыс
Ойын «Өз өрнегін туралы айтып бер»
Қорытындылау -Балалар, үстелдің үстінде бірнеше зат жатыр. Сендер осы заттардың өзара қалай орналасқанын естеріңе сақтап қалыңдар. Қарап болсаңдар көздеріңді жұмыңдар. Мен бір, екі заттың орнын ауыстырамын. Көздеріңді ашып, қандай өзгеріс болғанын анықтап, орны ауысқан зат бұрын қай жерде, енді қай жерде тұрғанын айтасыңдар. Мысалы: қоян мысықтың оң жағында тұрды, қазір ол мысықтың сол жағында тұр.
№1 тапсырма. Сурет бойынша жұмыс жүргізе отырып, алдыңғы сабақтағыдай заттардың бір-біріне қатысты орналасқан орнын анықтаңдар.
-Қыздың жоғарғы жағындағы, доптың қасындағы құстарды көрсет.
-Орындықтың астында неше құс бар?
-Ит қай жаққа жүгіріп барады?
-Ұшақ қай жаққа қарай ұшып барады?
Стөлде бірнеше зат жатыр. Балалар заттардың қайда орналасқанын еске сақтап қалады. Содан кейін көздерін жұмады. Тәрбиеші бір немесе екі заттың орнын ауыстырады
№2 тапсырма. Сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Өз жолыңды басқа түсті қарандашпен түсір. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал:
бағыт оңға қарай.
бағыт төменге қарай.
бағыт солға қарай.
бағыт жоғарыға қарай.
Сыза отырып балалар ұлудың жолын дауыстап айтып отырады. Мысалы: ұлу солға қарай екі торкөз, төмен қарай бір торкөз жүріп өтті.
№3 тапсырма. Көзбен шамалау қабілеттерін арттырады. Бұл фигураларды бірінің үстіне бірін қойса, қандай сурет пайда болады?
Әр балаға өрнек салынған картина (кілемше) үлестірілдеді

№4 тапсырма. Саусақ қимылын дамытамыз. Берілген бағытпен сызықтар бойынша жоғарыдан төмен көлденең, қиғаш сызықтар саламыз.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы кеңістік туралы алған білімдері пысықталады.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар көздерін ашады да қандай өзгеріс болғанын анықтап, орын ауысқан зат бұрын қай жерде, енді қай жерде тұрғанын айтады
Өрнек элементтері қалай орнаалсқанын айтуы тиіс. Оң жақтағы жоғарғы бұрышта шеңбер, сол жақтағы жоғарғы бұрыштағы шаршы т.б.
Балалардың жауабы тыңдалады.