Урок ?ысты? аязында далада біраз ойнап, серуендеу адамны? денсаулы?ына пайдалы.
Сабақтың жоспары. Поурочный план
The plan of the lesson
Күні/Дата/Date: 9.02.16
Сынып/класс/class:4 «А»
Пән / Предмет / Subject: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы/тема занятия/ Theme: Өнер , мәдениет – ақыл – ойдың , сезімталдықтың жемісі .
Мақсаты/Цель/Aim :
Білімділік міндеті /образовательная/educational Қазақ халқының өнері, сурет және қолданбалы өнері сонымен қатар музыка өнерімен сазгер – күйшілер жайлы түсінік беру, алу.
Дамытушылық міндеті/развивающая/ developing : Қазақ өнерінің дамуы ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып қалуы, өнер қайраткерлерінің өмір деректерін, олардың туындыларының ел арасында кең қолдау табуының ерекшеліктерін дамыта айту.
Тәрбиелік міндет/воспитательная/bringing-up: Халықтың мәдени - рухани мұралары қазақ халқаның өнерінің алар орны келешек ұрпаққа үлгі – өнеге. Өнерге, музыкаға деген құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі /оборудование/resoupees: суреттер, деректі фильм дискісі оюлар , музык
Сабақтын барысы
Ұйымдастыру
Оқушылардың зейіндерің сбаққа аудару
Психологиялық ахуал Өнердің ең құнды түрінің бірі – бейнелеу өнері. Бұл өнер адамның көркемділік ойлау қабілетін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сендер өмірге суретші көзімен қарай бастайсыңдар. Жай адам көзіне түсе бермейтін әсемдікті көресіңдер. Бейнелеу өнері дегеніміз не? • Айналамызға өмір көріністерін жазықтықта, әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.
Үй жұмысы
Қазақ хандығы мазмұндау.
Сұрақ жауап әдісін қолдану
Үй жұмысын бекіту
Тақтамен жұмыс
Кесте толтыру
Жаңа тақырып
Қызығушылығын ояту
Мұғалемнің түсіндірмесі: Адамның өз өміріне , тіршілігіне қажетті жағдайлар оның еңбегі арқылы жасалады . Ақыл ойы да дами түседі . Айналадағы дүние заттары мен құбылыстарына таңданып , қуанды . Оларды өзіне қауіптілерінен қорқу тәрізі сезімдік қасиеттері де туындап , жетілді . Мұны біз өз халқымыздың тарихынан білуімізге болады . Осыдан мыңдаған жыл бұрын Орта Азия мен Еуропаның көп жерін алып жатқан Ұлы дала тұрғындары көшпелі өмір кешкен .Ғалымдар оларды біздің халқымыздың ата тегі деп болжам айтады .Сол дәуірде ақ көші – қонға қолайлы мал түрлері - қой , ешкі , сиыр , жылқы қолға үйретіліп , мал шаруашылығы пайда болған . Көшпелі өмір-табиғи ортаға бейімделіп , тіршілік ету қажеттілігінен туындаған Ұшы – қиыры жоқ ұлы далада сұлулықты , табиғатпен тамаша үйлесімділікті бойына сіңіре білген . Адам мәдениет пен өнердің тамаша үлгілерін де жасады . Бұған «Алтын адам» , «Ахмет Йассауи кесенесі» т. б. көне дәуір мұралары дәлел бола алады . Міне , адам ақыл – ой еңбегі мен сұлулық – әсемдікті сезінуінің рухани жемісі – өнердің ең биік шыңы деуге болатын тарихи дүниелер осылар . Бұл – адамның қоғам перзенті екендігінің тағы бір өте маңызды айғағы
Мәтінді тізбектеп оқу.
Қысқаша түсінігін дәптер бетіне түсіру
Сергіту сәті
Қане балалар, тұрамыз,Бойымызды жазамыз.Балықтарға ұқсап біз,Жүзіп-жүзіп аламыз.
Жаңа тақырыпты бекіту
«Сәйкестендіру тесті» толтыртып, жауаптарын толықтырып, қорытамын. Иә,балалар, біз бүгінгі сабағымызда Яссауи бабамыздың даналығын байқадық . Қорыта келгенде,ол:-Халқыңа,еліңе әділ бол,жаныңды Отан құрбаны қыл;-Қолыңа түскенді жоқ-жітіктен аяма,жомарт бол;-Дүниеқұмар,пейілсіз болма.-Қанағат,рақым сақта;-Үлкен сөзін,ғұлама сөзін,ұстаз сөзін,ақылдарын екі кетпей тыңдап,ұғын,нағыз тура жол осы,-дейді.
Үй жұмысы
«Ахмет Йасауи-ақын,асқан ойшыл» тақырыбын оқу, ізденіп реферат дайындау. «Йасауи шығармаларының тәрбиелік мәні » тақырыбында ойтолғау жазу.
Бағалау
Рефлексия
Бағалау парақшаларың толтыру
Сынып жетекші _____________________