Квадрат ?шм?ше. Квадрат ?шм?шені к?бейткіштерге жіктеу


математикадан қысқа мерзімді сабақ жоспары
алгебра 8- сынып
Сабақтың тақырыбы Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Сілтеме Алгебра 8. Ә.Н.Шыныбеков, слайд. мұғалімге арналған нұсқаулық,
Сабақтың мақсаты
а) білімділік: Оқушыларға квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді үйрету;
ә) дамытушылық: Квадрат теңдеулер, көпмүшені көбейткіштірге жіктеу ұғымын дамыту;
б) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Оқуға,топтық жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беру;
-Өз ойын қорытып, еркін жеткізе білуге баулу;
-оқулықпен өз бетінше жұмыс жасауға бағыттау;
-сыни ойлауға үйрету.
- Өзінің және сыныптастарының жұмысын бағалау;
Сабақтың түрі,
әдіс тәсілдері
Күтетін нәтиже
Жұпта, топта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, бірін бірі бағалау .
Квадрат үшмүше оны жіктеу арқылы квадрат тендеулерді шеше алады, білімдері толықтырылады, жеке, жұпта, топта жұмыс жасай біледі, ауыз-екі сөйлеу тілін қолданады,өз ойын қорытып, еркін жеткізе алады, ережені меңгереді,оқулықпен өз бетінше жұмыс жасай алады, бір бірімен пікір алмаса алады, өздерін және сыныптастарын бағалай алады.
№ Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі -Оқушылармен амандасу, сынып оқушыларын түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
-Сыныпта психологиялық ахуал тудыру, шаттық шеңбері.
-Сыныпты топқа бөлу.
2) Топ ережесін еске түсіру. шеңбер болып тұрайық,
Алақанды созайық!
Сәттілік тілеп сабақта,
Көңілді де болайық!
Әр оқушы бір-бірден алып, сол фигураларға сәйкес келетін столға орналасып, топ құрады. Топ басшысын және әр бала өз міндеттерін алады.
3 Жаңа сабақ
Ой қозғау
Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
Бағалау
Үйге тапсырма
Рефлексия Бағалау  критерийі: беріледі

1.Бүгінгі сабақтың мазмұнын ашу үшін слайд арқылы теңдеулер түрлеріне тоқталу.
Бағалау критериімен танысады,сабақ соңында бағалайды.
Сұраққа жауап алынады.
Үй тапсырмасы тексеріледі
Кестені толтыр! Мақал мәтелдердің жалғасын тауып, сөйлемді аяқтап , есебін шығарады.
Постер қорғау. Әр топқа есептер беріледі . Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.
1 топқа №215
2-топқа 216
3-топқа №218 3 топқа денгейлік есептер беріледі
Қызықты есептер шешейік
Тест алынады,
Әр топ басшылары бағалау критерийі бойынша бағалайды.
Формулаларды жаттау №194,195
Екі жұлдыз, бір тілек Есептерді шығарып жауаптарын тақтаға жазады.
Топтағы оқушылар постерлерін қорғайды .

Деңгейлік тапсырмалар бойынша есептер шығарады.
Шырпымен жасалатын есептер
Тест орындап, тақтадағы жауаптар арқылы тексереді, бірін бірі бағалайды
Оқушылар өздерінің нені білгенін, нені үйренгенін ,ойларын, ұсыныстарын жазады
рефлексифті есебі
Сабақтың тақырыбы. Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу .
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді үйрету;
ә) дамытушылық: Квадрат теңдеулер, көпмүшені көбейткіштірге жіктеу ұғымын дамыту;
б) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже. Квадрат үшмүше оны жіктеу арқылы квадрат тендеулерді шеше алады, білімдері толықтырылады, жеке, жұпта, топта жұмыс жасай біледі, ауыз-екі сөйлеу тілін қолданады,өз ойын қорытып, еркін жеткізе алады, ережені меңгереді,оқулықпен өз бетінше жұмыс жасай алады, бір бірімен пікір алмаса алады, өздерін және сыныптастарын бағалай алады. Сабаққа барлығы 17 оқушы қатысты. Сабақтың мақсаты айтылды. Оқушыларды 3 топқа бөлдім. Сабақты шаттық шенберін ұйымдастырудан бастадым. Топ басшыларына бағалау критерииі жазылған бағалау парағын бердім, критери бойынша бірін бірі бағалайды .Үй тапсырмасы тексерілді.
Тақтадан слайд арқылы қайталау жүргізілді. Квадрат тендеулер түрлері ,түбірлері формулалары, қасиеттерін қайталадық. Осыдан барып жана сабақ айтылды . Денгейлік тапсырмалар орындалды. Оқулықпен жұмыс , жеке оқушымен жұмыстар жүргізілді. Постерге есеп шығарып,шығарылу жолын ,ойларын ортаға салды.Тақтаға есептер шығарылды. Сабақты қорыту үшін тест тапсырмасын алдым. Оны оқушылар жақсы деңгейде орындады, топ басшылары тексерді бірін бірі бағалады. Сабақ сонында бағалау критериі бойынша оқушылар толық бағаланды .
Сәтті жақтарым: сабақ жақсы өтті. Жоспарланған сабақтар орындалды, оқушылар өте белсенді қатысты, топтық жұмыста белсенділік көрсете білді. АКТ, ДО , СТО , дарынды оқушымен жұмыс, жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, қолдандым.
Cәтсіз жақтарым: Уақыт жеткілксіз болды. Функция графигін салу оқушылар үшін қиындықтар туғызды. есеп аз шығарылды, оқушылар бірін бірі бағалау кезінде қиындықтар болды, кейбір оқушыларға жоғары баға қойды.
Математика пән мұғалімі Қабланбекова Айгул