Презентация по географии на тему Солт?стік Еуропа елдері
ИРЛАНДИЯ
Ирландия картасы
Ирландия ресми атауы — Ирланд Республикасы — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,3 мың км².Астанасы — Дублин.
Ирландия — республика.Қазіргі конституциясы 1937 жылдың 1 шілдесінде плебисцитта қабылданды.1937 жылдың 29 желтоқсанында күшке енді .Ирландия президенті халық референдумымен 7 жылда бір рет сайланады. Шын мәнінде үкімет басы — премьер-министрді — өкілдер палатасының ұсынысы бойынша президент тағайындайды.Жоғарғы заң шығарушы орган — парламент. Құрамында 2 палата бар: өкілдер палатасы мен сенат.Өкілдер палатасында 160-тан 170-ге дейін мүше бар. Олар халық тарапынан тікелей құпия дауыс беру арқылы сайланады.700 жыл бойы Великобританияның қол астында болған.1921 жылы тәуелсіз мемлекет болып кетті.1949 жылы Ирландия деп аталды.
Дублин - Ирландияның астанасыДублин - тамаша қала. Қалада әдемі сұр түсті үйлер көп кездеседі. Ол Ирландияның шығыс жағалауында орналасқан. Дублин ең әдемі жерлерінің бірі - саябақтары. Саябақтарда көбіне бұғылар жүреді, ең қызықтысы әр жексенбі сайын музыка ойнайды. Ирландияға поп, рок жұлдыздары көп келеді.
Ирландияның ең әдемі жерлері
Ирландияда 3080 астам қонақ үйлер бар
Ирландияның ресми тілі-ирландық тіл, бірақ кейбір бөліктері ағылшын тілінде сөйлейді. Қазіргі кезде 3,52 млн адам тұрады.
Ирландия климаты ылғалды болып келеді, себебі мемлекетті Ирландия аралы қоршап тұр. Ауа-райы жазда жылы, қатты ыстық болмайды, ал қысы өте жұмсақ, аязды күндер жоқ. Ауасы дымқыл. Ирландықтар көбіне қой мен шошқа еттерін пайдаланады. Олардың сүйікті тағамы – рагу. Мемлекет жоғары дәрежеде дамыған. Онда көптеген музей, көрмелер, ресторандар және т,б мәдени орталықтарды кездестіруге болады. Кітап дүкенін, зергерлік бұйымдарды, универмагты, бутиктерді Дублин қаласыннан таба аласын. Бұл қалада таңдау көп.