Аышы? саба? О?т?стік Американы? жер бедері мен пайдалы ?азбалары


Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабаққа жан – жақты дайындық.
1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, жоспарымен таныстыру .
1. Материктің жер бедерінің ерекшелігі.
2. Жер бедерінің қалыптасу ерекшелігі.
3. Пайдалы қазбалар.
2. Өткенді еске түсіріп, қайталау.
1. Жер бедері дегеніміз не? Оның қандай формаларын білесіңдер? Осы тақырыпқа қадай карталарды қолдануға болады?
2. Жер бедерінің негізгі формалры биіктігіне қарай қандай топтарға бөлінеді? Олар физикалық картада қалай белгіленеді?
3. Жаңа білімді игеру.
1. а) Оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі.
б) Тапсырманы орындау үшін оқу – құралдары мен әдіс- тәсілдері көрсетіледі.
Бағыт – бағдар беріліп, оқушылар көрсетілген оқу – құралдарымен, плакат.
1 – топ. Оңтүстік Америка материгінің жер бедерінің басты ерекшеліктері.
а) Оңтүстік Америкада қандай жер бедерінің формасы басым?
ә) Жазықтар материктің қандай бөлігінде орналасқан?
б) Материк жазықтары қандай топтарға бөлінеді?
в)Опаттарды ата.
г)Қандай таулы үстірттер бар?
Оқу – құралдар: Оңтүстік Американың физикалық картасы, тірек – плакат.
2 – топ. Анд тауы.
а) Анд тауы материктің қай бөлігінде орналасқан?
б) Қандай бағытта созылып жатыр?
в)Биіктігі бойынша Анд қандай тауға жатады?
г)Ең биік шыңын ата, биіктігі қанша?
д) Аконкагуаның кординатасын анықта.
е) Тау жасалу туралы не айталасың.
Оқу – құралдар: физикалық карта, оқулықпен жұмыс, тақырыптың екінші сөйлемін талдау.
3 – топ. Материктің жер бедерінің қалыптасуы.
а) Анд тауы материктің қай бөлігінде орналасқан?
ә) Анд тауы қалай пайда болған?
б)Тауды қлыптастырған литосфералық тақталарды ата. Жылдамдығын анықта.
в)Материктің шығыс бөлігі неліктен жазық болып қалыптасқан?
г) Ежелгі платформа материктің шығысын алып жатса, шығыс бөлік неліктен тегіс жазық емес? Ойпаттар қалай пайда болған?
д) Таулы үсттіртердің пайда болуы туралы не айта аласыңдар?
Оқу – құралы: физикалық және жер қыртысының құрылысы картасы; оқулықтың 22 – бетіндегі 12 сурет «Литосфералық тақталары».
2. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша сабақ түсіндіреді. Жауап беру барысында тақтада сызылып әзірлеген кестені әр топ оқушылары жазып толтырады. Оқушылар бір – бірінің жауаптарын толықтырады. Мұғалім қосымша түсінік береді.3. Материкті ңбатысы сейсмикалық аудан.
а) «Жер қыртысының құрылысынан» Андыдағы аптты жер сілкінісі болған жылдарын анықтап, оның әр он, он бес жылда қайталанып тұратындығы анықталады.
б) «Анд – сейсмикалық тау» - оқушы рефераты таңдалады.
«Пуна», «Саларес» тақтаға жаңа сөздерді іліп, мұғалім түсінік береді.
3. Материктің пайдалы қазбалары.
1. Физикалық картаны пайдао\ланып және тақырыптың соңғы абзацын оқи отырып, материктің пайдалы қазбалары және олардың орналасу заңдылығы жөнінде білім алады. Қорытындысы тақтада тірек кестеге жазылады.
4. Бекіту. Тақтаға сабақ барысында сызылған «Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары» тірек кестесін пайдалана отырып, оқушылар жаңа тақырыпты қорытындылайды.
5. Үйге тапсырма. 1. § 38 тақырыпты оқу. 2. Кескін картаға материктің жер бедерінің формаларын түсіру. 3. «Америка» сөзжұмбағын құрастыру.
6. Баға. Топтағы оқушылар әр оқушының жасаған іс – әрекетіне байланысты өздерінің бағасын қояды. Мұғалім осы бағалар негізінде оқушылардың біліміне пікір айтып, қорытынды жасайды.