Литосфералы? та?талар теориясы, сейсмикалы? белдеулер
Сыныптар: 7 Ә
Күні: 18.09.14
Тақырыбы: Литосфералық тақталар теориясы, сейсмикалық белдеулер, Жер бедері
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Литосфералық тақталар және олардың қозғалыстары, геосинклинальдар мен платформалар, материктер мен мұхиттардың пайда болу жолдары туралы қазіргі түсініктер, материктер мен мұхиттар бойынша жер бедері ірі пішіндерінің орналасу заңдылықтары туралы түсінік беру. Жер бедері ірі пішіндерінің орналасу заңдылықтарын дәлелдейтін нақты мысалдарды, жер сілкіну мен жанартау атқылау аудандарын картадан көрсете білуі.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.
Тәрбиелік мақсаты – Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылық пен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, глобус
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІ Мұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең бірінші кескін карталарын тексереді. Сосын әрбір баланы тақта алдына шығарып, аралдар мен архипелагтардың орналаласқан жерлерін сұрайды. Сосын балалардан географиялық диктант алады.
1. Картографиялық проекция деген не? 2. Проекциялардың негізгі түрлерін атаңдар. 3. Карталар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді және олардың түрлерін атаңдар. 4. Литосфера деген не, ол қандай бөліктерден құралады? 5. Геологиялық жыл санау деген не? 6. Жер қыртысының түзілгеннен бері неше эраларға бөлінеді? 7. Ең ұзаққа созылған эра. 8. Неше литосфералық тақталар бар, оларды атаңдар. 9. Жер қыртысының қозғалмалы бөліктері қалай аталады? (геосинклинальдар) 10. Ежелгі заманда бүкіл құрлықтарды біріктірген біртұтас қандай материк болды? Оқушылар мұғалімге кескін карталарын көрсетеді, аралдар мен архипелагтарды картадан көрсетеді. Сосын географиялық диктант жазады.
ІІІ Ең алдымен жер бедері деген не, жер бедерінің негізгі пішіндерін атаңдар, жер бедері абсолюттік биіктігіне қарай нешеге бөлінеді деген сұрақтарды қояды. Сосын жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады деп айтады. Сосын мұхит табанының жер бедерін 21-сурет арқылы түсіндіріп, суретті сызып алыңдар деген тапсырманы береді. Сұрақтара жауап береді және мұғалімді тыңдап, түсінбеген жерлерін сұрайды. Сосын мұхит табанындағы жер бедері суретін сызып алады.
ІV Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі тапсырмаларды береді:
1. 4, 5-кестелердегі мағлұматтарды картадан тауып алыңдар.
2. «Жер қыртысының құрылымы» мен дүние жүзінің физикалық картасын салыстырып, қорытынды шығарыңдар. Тақырыпты бекіту үшін тапсырмаларды орындайды.
V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VІ Үй жұмысы:
1. §5 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Кескін картаға литосфералық тақталарды түсіру. Үзіліске шығады.