?о?амды? орындарда ?зін-?зі ?стауы (Валеология)


Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымд. оқу іс – әрекет түрі: Валеология
Тақырыбы: Қоғамдық орындарда өзін ұстауы. Киім күтуі.
Мақсаты: Балаларды жақсы мен жаман іс - әрекеттерді ажырата білуге үйрету; қоғамдық орындарда өзін ұстау , киімді күту ережелерімен таныстыру; мәдени – гигиеналық дағдыларын жетілдіру. Тәртіптілікке, ізгілікке ұмтылдыру, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға, ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, таратпа суреттер, планшет, сөзжұмбақ.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, АКТ, ойын технологиялары.
Билингвизм: қоғамдық орын – общественное место, тазалық – чистота
әдептілік – вежливость, ұқыпты болу – быть оккуратным
Оқу іс-әрекет түрі Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық қозғ.
Іздену – ұйымдастырушы
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шебері.
- Балалар, енді өздеріңнің есімдеріңнің бірінші әрпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез – құлық көрсеткіштеріне байланысты өздеріңді таныстырып өтіңдер.
Мысалы: сыпайы Санжар, әдепті Әлихан т.б.
- Өте жақсы, әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді.
Балаларды үш топқа бөліп, орындарына отырғызу.
Бейнежазба тамашалату.
( көшеде өзін қалай ұстау керек)
Балалар, сендер мына бейнежазбадан не түсіндіңдер?
Дұрыс, бұл қоғамдық орын, ластауға, қоқыс тастауға болмайды.
Әр қоғамдық орындардың өз ережелері болады. Біз соларды сақтауымыз қажет.
Балалар, бізге тікелей эфирге біреу шығып жатқан сияқты.
Алдар көсе шығады, тапсырма береді.
I кезең
«Әдептілік -әдемілік» деп аталады. Онда үш тапсырма орындайсыңдар.
Конверттерде әр қоғамдық орындардың суреттері берілген. Сол бойынша қоғамдық орында өзін қалай ұстау керек ережелерін айтып шығасыңдар.
Сөзжұмбақ шешеміз
(Театр, аула, қонақ)
60198016891000167836858000105774217208500
88265-3810001537970-8890002115820-762000
603885175260009442218669000120396018478500178435018669000225107518669000
Дидактикалық ойын:
«Суреттерді өз орнына орналастыр»

Билингвалды компонент
Қоғамдық орын – общ. место,
Әдептілік – вежливость,
Кірқоймас қонаққа келеді.
Саламатсыңдар ма, балалар! Қандай әдемісіңдер! Мен Кірқоймаспын. Сендер мені жақсы танисыңдар. Күнделікті ертемен жуынасыңдар, үнемі қолдарыңды шаясыңдар.
Сәлеметсіз бе, Кірқоймас! Бізде ашық оқу іс әрекеті боп жатыр. Сіздің бізбен тікелей эфирге шыққаныңыз жақсы болды. Оқу іс әрекетіміздің алдағы кезеңінде тазалық туралы балалардың білімдерін тексерейін деп жатырмын.
Бірақ алдымен балаларды сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
Жақсы балалар, сендердің топтарыңдағы бейне жазбадан кейде іс – әрекеттеріңді бақылап отырып, сендердің тазалыққа жақын екендеріңді байқаймын.
Сол бейнежазбалардың
Біреуінен үзінді көрсетейін.
.
Бейнежазбаны тамашалату.
Балалар, бұл видиодан не ұқтыңдар?
Дұрыс, әр бала киіміне ұқыпты болу керек. Киімді күтіп, шашпай, жинап жүру керек.
Апайы менің поштамда балаларға дайындаған тапсырмаларым бар. Соларды сізге тапсырайын. Ал мен сіздермен қоштасуым керек. Сау болыңдар!
Оқу іс – әрекеттің келесі кезеңі осы киім күту ұқыптылығына байланысты болады.

II кезең
«Тазалық – басты байлық»
Блиц – турнир сұрағы:
1) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)2) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)3) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)4) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)5) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)6) тазалық кепілі (денсаулық)
7) Кірдің қыржымын кетіретін тұрмыс техникасы (үтік)
8) Сыртқы киімді немен тазартамыз?(щетка)
Дидактикалық ойын «Суреттерді сәйкестендір»
( кір киімді машинаға салу, шашылған киімді шкафқа салу, сырт киімді вешалкаға ілу т.б. таратпаларды құрастыру)
Дидактикалық ойын:
«Қуыршақты киіндір»?
Билингвалды компонент
Тазалық – чистота,
Ұқыпты болу – быть окуратным
Қорыту.
-Балалар, қоғамдық орындарда өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
- Киімді қалай күту керек екен?
Балаларды оқу іс – әрекет барысында тапсырмаларды өте жақсы орындағандарын айтып, мадақтау.
Балалар шаттық шеңберге тұрып өз есімдерінің бірінші әрпінен басталатындай сыпайы түрде өздерін таныстырып шығады.
Тәрбиешіні тыңдайды, қоғамдық орындарда өзін қалай ұстау керектігі туралы айтады.
Сұрақтарға жауап береді.
Әр топ өзіне берілген қоғамдық орындардағы өзін ұстау ережелерін айтады.
Сөзжұмбақты шешеді, қандай сөз шыққанын оқып береді.
Таратпа қағаздармен жұмыс жасайды. Жақсы – жаман іс – әрекеттерді ажыратады.
Экраннан пайда болған Кірқоймасқа қуанады. Оны мұқият тыңдайды.
Бейнежазбаны тамашалап, киім күту туралы әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді.
Суреттерді сәйкестендіріп өз орындарына апарады.
Қуыршақты мезгілге сай киіндіреді.
Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: өзін дұрыс ұстаудың қарапайым ережелерін, сыпайы және дұрыс сөйлесуді, киім күту ережелерін
Нені игереді: өзін дұрыс ұстау мәдениеті мен этикет туралы.
Нені біледі: қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау ережелерін, сөйлесу барысында сыпайы сөздерді қолдануды, өз киіміне ұқыпты қарауды.