Мектеп ж?не сынып м?дениеті. Мінсіз м??алім ж?не ??зыретті м??алімні? сипаттамасы Коучинг жоспары


Мектеп және сынып мәдениеті. Мінсіз мұғалім және құзыретті мұғалімнің сипаттамасы
Коучинг жоспары
Коучинг тақырыбы Коучинг мақсаты Күтілетін нәтиже Қамтылатын модульдер мен сұрақтар Ресурстар Практикалық тапсырма
Мектеп және сынып мәдениеті. Мінсіз мұғалім және құзыретті мұғалімнің сипаттамасы
Барлық адамға тән жалпы сипаттар, әр адамның өзіндік айырмашылықтары. Жалпы мәдениет мәнмәтінін жаңғырту және оны мектеп сыныбы жағдайында маңызды ету. Мұғалімдердің сыни ойлауын қалыптастыру. Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу және талдау нәтижелерімен салыстыру. Ғаламдық мәдени айырмашылықтар туралы, қоршаған орта факторлары сынып мәдениетіне әсер етуі туралы білімдерді меңгеру Диалогтық оқыту, СТО, АКТ,топтық жұмыс, басқару және көшбасшылық МАН, презентациялар, түрлі-түсті қағаздар, фломастерлер, А-4,А-3 формат қағаздары Сынып мәдениеті мен оқу ортасын құрады. Сыныпты бақылау әдістемесін меңгереді.
Коучинг барысы
Кезеңдер Мерзімі Коучерлердің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі 10 мин «Комплименттер бұрқасыны» ойсергегі арқылы психологиялық жағымды ахуал қалыптастырады.
«Жағымды сөздер арқылы топқа бөліну» әдісі арқылы мұғалімдерді топқа бөледі.
1-топ: «Мәдениет»
2-топ: «Шығармашылық»
3-топ: «Мінсіздік»
4-топ: «Жұлдыз» Параққа бір сөйлем комплимент жазады, (өздерінің сүйікті адамдарына арналған), домалақтап бір-біріне лақтырады
- «Сізді мәдениетті адам ретінде жоғары бағалаймын»
«Мінсіз мұғалім сіздей-ақ болсын»
«Сіздің шығармашылық ойлауыңыз мені таңқалдырады»
«Жұлдызыңыз жана берсін» сөздерін кезектесіп оқиды, оқыған сөйлемдері бойынша топтарға бөлінеді. Парақтар
Плакатқа жазылған сөздер
Ой қозғау:
10 мин «Т кестесі» бойынша «Мінсіз мұғалім» туралы талқылау жүргізеді, сұрақтар арқылы пікірталастар ұйымдастырып отырады. «Т кестесі» бойынша «Мінсіз мұғалім» туралы өз ойларын ортаға салып, топта талқылап толтырады
Бойында болуы тиіс қасиеттер Аулақ болуы тиіс әдеттер
А-3 формат
Мағынаны тану
1-тапсырма
2-тапсырма
3-тапсырма
Қорытынды
\
Бағалау 10 мин
15 мин
10 мин
15 мин
Топтастыру: «Мектеп мәдениеті дегеніміз не?»
«Өкіл» әдісі арқылы әр топтан бір-бір мұғалімнен келесі топтарға өтуін тапсырады, келген адамға топтағы қалған мүшелер өздерінің топтастыруларын түсіндіруді, мұғалімдер қайта өз топтарына барғанда басқа топтардан алған ұғымдарды өз топтарына қосу қажеттігін көрсетеді
«INSERT» әдісі бойынша «Мектептегі және сыныптағы ахуал», «Сынып мәдениеті туралы оқушының берген бағасы», «Мектепте оқушылардан кеңес алу», «Оқыту мен оқу мәселесі бойынша оқушылардан кеңес алу» таратпалары бойынша жеке жұмыс жасайды, кестелерін салыстыра отырып талқылау жүргізеді
«Мінсіз мұғалім» және «Мәдениет» ұғымдарын байланыстыру үшін «Сыныптағы мәдениет» тақырыбында «Жазбаша дөңгелек үстел» әдісі бойынша қорытындылау жүргізеді
Төмендегі кесте бойынша коучингке кері байланыс алады.
Коучингтің негізгі идеясы Коучингтегі жаңалық Коучингте маған ұнаған тәсіл Коучингте мен үшін қиын болды
«Мектеп мәдениеті» сөзіне байланысты топтастыру жасайды. «Мәдениет» түсінігіне байланысты барлық жайттарды қамтуы керек.
Әр топтан бір адам келесісіне өтеді, топтар араласады, топтар жаңадан келген адамға олардың қағаздарында не бар екенін түсіндіреді, жаңадан келген адам өз тобына оралады да, қағаз бетіне өзінің басқа топтардан көрген кейбір нәрселерін қосады.
3 тапсырма бойынша топтар өз топтарының ортақ пікірін таныстырады, талқылайды, түсіндіреді.
Мұғалімдер парақтарына өз ойларын жазады (1-1,5 минут), сол жағындағы көршісіне ысырады, көршісі алдыңғы мұғалімнің ойымен танысып, оның ойын жалғастырады, жазу бастапқы авторға оралғанша жалғаса береді
Берілген кесте бойынша коучингті талдайды, кері байланыс жазады
А-3 формат
Парақтар
Талдау парағы