Жыраулар поэзиясы атты ?аза? тіліне арнал?ан саба? жоспары


Сабақ тақырыбы:Жыраулар поэзиясы
Сабақ мақсаты:1. Жыраулардың өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап,кеңейтіп,пысықтайды
2. Жырларды мәнерлеп,салауатты оқи білуге баулиды,есте сақтау,ойлау
қабілеттерін дамытады.
3. Отансүйгіштікке,елін қорғауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Кесте,жыраулар портреті
Сабақ түрі: Жыраулар тақырыбын пысықтау
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,талдау,топпен жұмыс,жатқа айту,интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақ барысы:I.Ұйымдастыру сәті
II. Үй тапсырмасын пысықтау
Қазақ әдебиетінің тарихи даму кезеңдері:
Тарихи даму кезеңдері Аталуы
VIII-IX ғасыр
XV-XVIII ғасыр
XIX-XX ғасыр Ежелгі дәуір әдебиеті
Жыраулар поэзиясы
Қазіргі әдебиет
Жырауларды қазақ әдебиетінің негізін салушылар дейміз. Олай болса,жыраулар поэзиясының басты өкілдері кімдер?
Асан қайғы
Бұқар жырау
Жыраулар поэзиясының Қазтуған
Шалкиіз басты өкілдері
Жиембет
Ақтамберді Доспамбет
.
Cұрақ- жауап:
Толғау дегеніміз не?
Толғау-қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында,әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр
Жырау деген кім?
Жырау-өз жанынан жыр шығарып айтатын,суырып салып айтатын және шешендік қасиеті бар дарынды ақын,ақылгөй дана,ойшыл адамдар.
Жыршы деген кім?
Жыршы-жыр айтушы,таратушы.
«Ой қозғау» стратегиясы
Біз оқыған жыраулар кімдер екенін білу үшін мына жыр жолдарын,толғауларды кімдер жазғанын табуымыз керек.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады
Асан қайғы
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәпірдің
Арасын бұзып дінді ашқан,
Сүйінішұлы............
Қазтуған
Қоғалы көлдер,қом сулар
Кімдерге қоныс болмаған
Саздауға біткен қара ағаш
Кімдерге сайғақ болмаған Шалкиіз
Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен,
Айдаметке оқ тиді
Отыз екі омыртқа буыннан Доспамбет
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ. Бұқар жырау
III .Мағынаны тану.
1. Шал ақын - Тілеуке Құлекеұлы. 1748жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Х Халық ақыны.
2. Әкесі кім? (батыр,Абылай ханның сенімді батыры,қолбасшы)
3. Анасы кім?(үйсін тайпасынан шыққан атақты Төле бидің қызы)
4. Тілеукенің Шал ақын атану себебі?
5.Шал ақынның тұңғыш өлеңі?
6. Өлеңнің шығу тарихы?
IY.» Өлең - сөздің патшасы...«
Толғаулардан үзінді жатқа айту.
Шығармашылық жұмыс.
- Балалар ,бүгінгі сабақтан қандай ой түйіндедіңдер?
1.Менің ойымша, .......
2. Менің түйіндегенім,.....
Олай болса, жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай?
Қорытындылау. Тест
1.Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды?
А. ХII-ХIII Б.ХII- Х Y В.ХV- ХIII
2. Жырау деп кімді айтады?
А. Ғалымды Б. Терең мағыналы ой толғайтын кемел ақынды В. Патриотты
3. Жыраулар поэзиясының атасы.
А. Асан қайғы Б. Жиембет В. Шалкиіз
4. Жыр қандай сөзбен айтылады?
А.жазбаша Б. Қаратпа В. Қара
YI. Бағалау
YII.Үйге тапсырма: Оқу, шығармаға әзірлік.