Урок Бейнелеу ?неріні? т?рлері мен жанрлары 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларыСабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Көрнекілік сұрақ - жауап әдісіСабақтың көрнекіліктері: Кластер, 4 - кезеңдегі көрнекі үлгі, сурет, т. б.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.1. Оқушыларды психологиялық дайындау.2. Мақсат қою. Оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен таныстыру қызығушылықты ояту.1. Біз өткен сабақта қазақтың атақты суретшілерімен және олардың шығармаларымен танысқан болатынбыз.Сұрақ - жауап:а) Қазақстанның ең тұңғыш қазақ суретшісі атанған кім?ә) Тағы қандай суретшілерді білеміз?б) Суретшілер шығармалары туралы не айтасыңдар?2. Көрнекі суреттер арқылы, яғни суретшілер суреттері мен шығармаларын көрсету арқылы өткен тақырыпты пысықтау.ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан - салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше. Атап айтқанда графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.Графика - қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын бір түсті сурет.Живопись - қағаз, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.Мүсін - Әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалатын көркем шығарма.(саз, ермексаз, гипс, ағаш, қола, темір, т. б.)Сәндік қолданбалы өнер - халық тұрмысында кеңінен қолданатын түрлі - түрлі көп өнер. Әрбір халықтың өзіндік тарихымен байланысты өнер.Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.Бейнелеу өнері түрлері оны орындау тәсіліне байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.Натюрморт - жансыз заттар бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.Портрет - адамның, тұлғаның келбеті бейнеленген көркем туынды.Пейзаж - табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.Тарихи - бегілі бір оқиғаларды бейнелеген көркем туынды.Анималисттік - хайуанаттар мен жан - жануарлар бейнеленген көркем сурет.Кластер, дидактикалық материалдарды пайдаланып, алған білімді толықтыру.Практикалық жұмыс.Ал енді балалар, жанрларға байланысты натюрморт орындауға кірісейік. Алдымен кезеңдер бойынша көрсетілген үлгіге қара, суретті қалай бастау амалдарын ұғынуға тырысамыз.1. Альбом бетіне дұрыс орналастыру, орын белгілеу.2. Суретті толық(қарындашпен) салу.3. Бояу түстерін анықтау.4. Анық, қою түстерін ажыратып, суретті аяқтау.ІІІ. Қорытынды.а) Жаңа сабақты пысықтауға сұрақ - жауаптар.ә) Бағалау.б) Үйге тапсырма: Ыдыс аяқтардан құралған бірнеше жаттығу этюдтер салу.