ТРЕНИНГ ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ!
«Жас келсе, іске» атты апталығының жас мамандарға арналған тренинг-сабағы
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?, — деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, бланк, слайд.Нақыл сөздер: «Жас келсе іске», «Жас маман! Әрбір бала-бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»Психолог: Құрметті ұстаздар!Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.Орталығымыздың қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі өз мәніндегі жас мамандардың ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін тағы да айқындай түсу болды.Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.Тренингке қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз.Жағымды әуен жәй дауыспен ойналып тұрады. Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.І. ТЕСТ – ПСИХОДИАГНОСТИКА ҚҰРАЛЫСіз қандай мұғалімсіз?Жалпы диагностикалық, кәсіби лайықтылықты анықтау.1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?а) жүрек қалауыменә) кездейсоқб) лажым жоқтықтан2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:а) керемет жұмысә) күнкөріс үшінб) бас қатыруОқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасыа) өте сауатты деп есептейдіә) қанағаттанарлықб) олардың көзқарасында жұмысым жоқ4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:а) міндетті түрде менен көмек сұрайдыә) кейдеб) маңыма мүлде жоламайды5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамынә) сирек қолданамынб) оқулықпен шектелемін6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:а) қатені мойындап, кешірім өтінемінә) үндемей құтыламынб) өзімдікі дұрыс деп, жеңістікбермеймін7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудаа) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамынә) басшылар ескерткенде ғанаб) бас ауыртқым келмейді8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?а) мүлде қол жұмсамаймынә) анда-сандаб) «Аюға намаз үйреткен – таяқ» деп есептеймін9. Мұғалім болғаныңызғаа) ризасызә) сізге бәрібірб) өкінесіз10. Ұжым арасында беделіңіз:а) өтежоғарыә) жақсыб) орташаӘрбір «а» жауабына – 5 ұпай, «ә» жауабына – 3 ұпай, «б» жауабына – 1 ұпай есептеңіз.45-50 ұпай . Сіз бала тәрбиесіне жан-тәнімен берілген жансыз.30-21 ұпай жинасаңыз :Сіз арбаны да сындырмайтын, өгізді де өлтірмейтін күйде жүрсіз. Сізге көп іздену керек.15-11 ұпай жинасаңыз:Сіз босқа уақыт өткізіп жүрсіз. Орыныңызды бала жанын түсінетін шын мұғалімге босатқаныңыз жөн.«Бинго» ойыны /таблицаның іші өз әріптестерінің қасиеттері жазылады/Басқарады Екі ұлы бар Автокөліктерге жан бітіреді Алтыны да, күмісі де, қоласы да бар«Жап-жас» техник Сурет салады «Жас Ұлановцы-дети мои» Шығармашылықтың шаруашылығын меңгергенОрыс тілінде сөйлейдіҚызыл түсті көлігі бар Би билейді Кожаның қас шеберіБиші