«Ж?зден ж?йрік» атты математикалы? сайысты? жоспары


Байқоңыр қаласы №277 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ермағамбет Мереке Зейнуллақызы
«Жүзден жүйрік» математикалық сайыс
Мақсаттары: Оқушылардың қазіргі заман талабына сай терең білім алуға
ынталандыру.Жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қоғамдық саяси
ой-өрісін дамыту.Ойлау,сөйлеу қабілеттерін шыңдау,туған
жеріне,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың
бойына ұлттық мәдени құндылықтарын сіңіру.
Жүргізуші:Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын.
Армысыздар құрметті ұстаздар,шәкірттер!
Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілетін шыңарттыратын дайтын,білімді жастарды анықтайтын,білімге қызығушылықтарын «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты сайысымызды бастаймыз.
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды,мазасызданбайды.Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа,жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ақ исі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген.
Ортаға бүгінгі сайысқа қатысатын тұлпарларымызды шақырайық.
4 «А» сынып оқушылары
4 «Ә» сынып оқушылары
4 «Б» сынып оқушылары
4 «В» сынып оқушылары
Асыл тастан,өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,-дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болайық.
Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары.
Ойын барысына тоқталсақ,сайыс 4 кезеңнен тұрады.Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі.2 кезеңнен кейін ұпайы төмен 1 топ,3 кезеңнен кейін 1топ,4 кезеңнен кейін 1 топ шығып,ең соңында,яғни көшбасшы қалу керек.Олай болса сайысымызды бастайық.
І кезең «Бәйге»
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыпылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар енді тілейік.
Әр топқа 2 логикалық есептен беріледі.Сіздердің еншілеріңізге 2 минут уақыт бар.
І-топ:
Үш түйе құс ұшып келе жатты.Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(Түйе құс ұшпайды)
Ең үлкен төрт таңбалы санға бірді қоссаң неше болады? (10 000)
ІІ-топ:
3 кг ет үш сағатта піссе,5 кг ет неше сағатта піседі? (3 сағатта)
1 кг неше грамм бар? (1000г)
ІІІ-топ:
Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе,онда бір ат неше км шауып өтеді? (60км)
200 бен 300 сандарының қосындысын 5 есе кеміт? (100)
ІY топ:
Ағаш үстінде 30 торғай қонып отыр еді,аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды? (Қалмайды,ұшып кетеді)
100 000-ның 1000-ға бөліндісі нешеге тең? (100)
ІІ-кезең «Көкпар» 2минут
І топ:
Екі үйде он терезе бар.Егер біріншісінде 2 терезе артық болса,әр үйде қанша терезе болғаны? (6 және 4)
Мен бір сан ойладым.Оған 5 санын қостым.Қосындының ойлағаны одан да үлкен болуы мүмкін бе? (Ия)
ІІ-топ.
Ең үлкен екі таңбалы сан мен ең кіші үш таңбалы санның қосындысын жаз. (99+100=199)
Мен бір сан ойладым.Оған сондой сан қостым.Қосындының ойлаған саннан үлкен болуы мүмкін бе? (жоқ.ойлаған сан «0» болуы мүмкін)
ІІІ-топ
Пакетке 2 кг зат салуға болады.Егер 4 кг картоп және массасы 1 кг қауын сатып алынса,олар неше пакетке салынған болар еді? (3 пакет)
Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (Бір)
ІV топ
Берік пен оның досы қол арамен бөренені 8 бөлікке бөлді.Олар бөренені неше рет кесті? (7 рет)
Екі қыз бен екі ұл бала 10 саңырауқұлақ тапты.Ұлдар қанша саңырауқұлақ тапқан,егер олар қыздардың тапқанындай тапса? (5 саңырауқұлақ)
ІІІ-кезең «Толағай» 3минут
І-топ
Рахымды 7 асық,Уәлиде 4 асық кем.Асықтары тең болуы үшін Рахым Уәлиге қанша асық беруі керек? (Екі асық)
Қандай екі сан қосқанда да көбейткенде де екі таңбалы сан береді? (2 және2)
ІІ-топ
Екі тышқан мен бір бақаның салмағы екі бақамен бір тышқанның салмағы тең.Қайсысы ауыр тышқан ба,әлде бақа ма? (салмақтары бірдей)
Әжесінде 28 конфет болды.Ол барлық немерелеріне 5-тен бергенде 3-і артық қалды.Әжесінің неше немересі болған? (5 немере)
ІV кезең «Ойлы болсаң озып көр» 4минут
Ақмарал апайдың жасы отыз тоғызда.Цифрлар қосындысы неге тең? Енді неше жылдан кейін оның жасын көрсететін цифрлар қосындысы қайталанады? (қосындысы 12,9 жылдан кейін)
Барлығы 9 парақ қағаз болатын.Оның кейбірін үш бөлікке бөліп тастағанда,15 бөлік қағаз шықты.Неше парақ жыртылды? (3 парақ)
Сәбит сымнан иіп бір қабырғасы 6 см болатын шаршы жасады.Ол осы сымды түзетіп қабырғалары бірдей үшбұрыш жасады.Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығын тап? (8)
Жүргізуші:Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.Әділқазылар алқасы жеңімпаздарымызды анықтайды.
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі тұмар тағылса да,
Жер бетінде адам өмір өткізер.
Бар нәрсеге білім қолын жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Келесі кездескенше еліміз тыныш,жүзіміз жарқын,күніміз жарқын болсын!