Саба?ты? та?ырыбы: Ауыл шаруашылы?ы ?ндірісіні? техникасы мен технологиясы


Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясыСабақтың мақсаты:а) білімділігі. Оқушыларға өсімдіктердің көптүрлілігін және маңызы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру.ә) тәрбиелілігі. Оқушыларға өсімдіктердің маңызы, көптүрлілігі жайлй түсіндіріп, олардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.б) дамытушылығы. Оқушылардың өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызын өз бетінше ойлау қабілетін дамыту.Сабақтың көрнекілігі: Өсімдіктер туралы кітап, Өсімдіктің суреттері, өсімдіктердің кеппе шөбі, жеміс-жидек муляжы, тірі өсімдіктер, интерактивті тақта,  Сабақтың әдісі:СТО әдісі, сұрақ – жауап, баяндау, қорыту, жартылай іздену.Сабақтың түрі: ДәстүрліПәнаралық байланыс: биология, табиғаттану, экология, зоология, әдебиет.Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.ІІІ. Жаңа сабақ.ІҮ. ҚорытындылауҮ. БағалауҮІ. Үйге тапсырма беру.І. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындау.Оқушылардың назарын аудару.ІІ. Үй тапсырмасын сұрауОқушылардан үйден жан-жануарларға жазған хаттарын оқыту.ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.Оқушылардан өсімдіктер туралы қандай мақал – мәтел, жұмбақтар туралы сұрау.Өсімдіктердің түрлері өте көп.Өсімдіктер жер шарындағы оттегіні жасаушы және зиянды газдардан тазартушы болып табылады.Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі.Адамзаттың да, жануарладың әлемінің де өмірі шынында да осы өсімдіктер дүниесіне тығыз байланысты. Әлемде көзге көрінетін өсімдіктер әр алуан. ХҮІІІ ғасырда швед ғалымы К. Линней өсімдіктердің көптеген түрлерін анықтап, 6000 түрі ғана белгілі болды.  Өсімдіктің таралу жолдары әртүрлі. Климаты суық жерлерге қарағанда жылы тропикалық және субтропикалық жерлерде өсімдіктің түрлері де өте көп.Мысалы: Гренландия аралында – 390 түрліСахарада – 300 дей Бразилияда – 40 000 түрИндияда – 21 000 түрҚытайда – 20 000 түр Африканың тропикалық аудандарында – 13 000 өсімдік түрі кездеседі. Жер бетіндегі табиғат жағдайлары әр жерде әртүрлі. Бір жерде үнемі жаз, екінші жерде үнемі қыс , ал тағы бір тұста жылдың барлық мезгілдері айқын байқалады.Өсімдіктер құрлықта және суда, тундра мен шөл далада , тауларда және мұздықтарда да кездеседі.Экватор маңы сияқты жыл бойы жаз болып тұратын аймақтарда жылу сүйгіш өсімдіктер мен жемістер өседі. ( мысалы. ЗӘЙТҮН, МАНДАРИН, БАНАН  Шөл далаларда ыстыққа төзімді және суды үнемді әрі аз пайдалануға бейімделген өсімдіктер өседі. Мысалы: сексеуіл бірнеше айлар бойы сусыз тіршілік етуге бейім.Мұхиттар мен теңіздерде, өзендер мен көлдерде балдырлар , теңіз капустасы және маржанды рифтерде өсетін ерекше өсімдіктің түрлері өседі.Бұл өсімдіктер су жануарларына қорек болып қана қоймай, судың құрамындағы заттардың тепе-теңдік жағдайына әсер етуші.Өсімдіктер табиғатта үлкен роль атқарады.. Жануарлар алуан түрлі өсімдіктермен қоректенеді. Адам өз тіршілігінде көптеген мәдени өсімдіктерді пайдаланады. Егістіктермен мал жайылымдары ауыл шаруашылығының қайнар көзі болып табылады.Өсімдіксіз біз көріп жүрген табиғат мұндай көркем, әрі сұлу болмас еді. Қызыл жасыл түспен боялмаған гүлдерсіз ешқандай қаланың , ауылдың көркі сұлу болмас еді.Өсімдіктерден сонымен қатар ағаштар, құрылыс материалдары ( кітап, дәптер ) жасалынады. Тастай темір ағашты самшат деп аталады.Ең биік ағашты – эвкалипт дейміз.Ең биік шөпті – бамбук дейміз,Өсімдіктердің мәдени және дәрілік түрлері болады.Мәдени өсімдіктерге – азық – түліктер, майлы дақылдар. Мысалы: картоп, жүгері күріш ,бидай ,күнбағыс , мақта, темекі т.б.Ал бидай – нан атасы. Ал жүгеріні дала аруы деп те атаймыз.Күріштің отаны – ҮндістанКартоп, жүгері, мақта , күнбағыс, темекінің отаны – Америка . Бұл өсімдіктерді Еуропаға алғаш алып келгендер теңіз саяхатшылары.Қазір дүние жүзінде адамдар егіп, өсіретін мәдени өсімдіктердің 200 мыңдай түрі бар. Олардың арғы тегі жабайы өсімдіктер.Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамдарға тигізетін пайдасы өте көп.Олардың біразын тамаққа пайдаланса, бір тобын әр түрлі шаруашылыққа пайдаланады.Өсімдіктерден дәрі – дәрмек, бояулар алынады.Картоптан крахмал мен спирт алынады, ал мақта – матаның негізгі шикізаты . Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды өлтіреді. Адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байтып отырады. Дүние жүзіндегі аса пайдалы өсімдіктерді қолдан өсіріп, елден елге таратқан да адамдар. Мәдени өсімдіктерді адам қолдан өсіреді.ІҮ. Қорытындылау.1. Өсімдіктер жер шарында біркелкі таралған ба ?2. Суық жерлер мен мен жылы жерлердегі өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай ?3. Өсімдіктер адамның тіршілігінде қандай рөл атқарады?
Ү. Бағалау.Сабақ айтқан, сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қойылады.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.