Дене шыны?тыру. Саламатты ?аза?стан


Тақырыбы: Саламатты Қазақстан
Мақсаты: Денесін шыңдауға шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, таза, әдемі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ (10-11 сынып оқушыларының арасында)
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауапКөрнекі құралдар: интерактивті тақта
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі өткізгелі отырған ашық сабағым «Саламатты Қазақстан» деп аталады. Бұл сайыс сабағыма 10-ыншы және 11-інші сынып оқушылары қатысады. Сабақты өткізудегі мақсатым еліміздің болашағы, жас ұрпағымызға салауатты өмір салтын насихаттау.
І сайыс «Дода»
Бұл сайыста «Волейбол», «Баскетбол» және «Футбол» тақырыптары бойынша 10,20,30 және 40 ұпай көлеміндегі сұрақтар жасырылған.
Сұрақтары:
«Волейбол» ұяшығының сұрақтары
1.Волейбол добының салмағы қанша? Жауабы:
260 – 280 грамм
2. Төрешінің рұқсатынсыз алаңдағы
ойыншыларды аламастыра алатын ойыншы қалай аталады? Жауабы: Либера
3. Төрешінің белгі беруінсіз доп ойынға қосылса, қарсы командаға ұпай беріледі ме? Жауабы: Берілмейді
4. Волейбол ойынында 6 - шы аймақта тұрған ойыншы қандай қызмет атқарады? Жауабы: Сақтандырушы
«Баскетбол» ұяшығының сұрақтары
5. Баскетбол патшасы кім? Жауабы: Майкл Джордан
6. Баскетбол ойынында өз аймағынан, қарсы команданың аймағына неше секундта өтіп үлгіру қажет? Жауабы: 8 секундта
7. Баскетбол ережесіне сәйкес шабуылды қанша уақытта аяқталуы қажет? Жауабы: 24 секундта
8. Шабуылдаушы команданың ойыншысы себеттің астында қанша уақыт тұра алады? Жауабы: 3 секундта
«Футбол» ұяшығының сұрақтары:
9. Футбол ойынында ойыншы қарсы команданың неше ойыншысын алдап өтуіне рұқсат етеді? Жауабы: Шектеуісіз
10. Футбол ойынында допты қолмен ұстай алатын ойыншы? Жауабы: Қақпашы
11. Футбол ойны қай мемлекетте пайда болған? Жауабы: Англияда
12. Футболшының атынан берілген сусын? Жауабы: Кофе «Пеле»
ІІ сайыс «Лондон 2012 олимпиада жұлдыздары»
Бұл сайыста мен сіздерге өзіміздің олимпиада жұлдыздарымыз жайында сұрақтар қоямын. Ендеше мұқият болыңыздар.
Сұрақтары:
1.Серік Жұманғалиұлы Сәпиев қашан, қай жерде, нешінші жылы дүниеге келген? Ж а у а б ы: 16 қарашада 1983 жылы Абай қаласы, Қарағанды облысында
2. О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, ................. Жауабы: Азия рекордын жаңартты.
3. Александр Винокуров (Қазақстанның атақты велошабандозы лақап аты ? Жауабы: «Vino» (Вино) деген атпен белгілі.
4. Майя Манеза Қазақстан республикасының қай жоғарғы оқу орнының 2-курс студенті? Жауабы:Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
5. Илья Ильиннің алғашқы бапекері кім? Жауабы: Вилорий Пак
6. Зульфия́ Салаха́ровна Чиншанло́ неше жасында «Гиннестер» кітабына
енді? Жауабы: 16 жасында
7. Светлана Николаевна Подобедова қай жылы Қазақстан Республикасының
азаматтығын алды? Жауабы: 2007 жылы
8. Лондон олмпиядасы Қазақстан Тәуелсіз мемлекет
болып құрылғаннан кейінгі қатысып отырған нешінші олимпиядасы?
Жауабы: 5 олимпиядасы
ІІІ сайыс «Жорға».
Бұл сайыста сіздерге мақал-мәтелдердің жартысы жасырылады да, қалған бөлігін өздерің табуларың қажет.
Сұрақтары:
Тәнi саудың - жаны сау.
Әуелгi байлық – ……………,
Екiншi байлық – ……………,
Үшiншi байлық – …………….. Жауабы:Денсаулық, он саулық, ақ жаулық
……….- саулық негізі,……….. - байлық негізі.
Жауабы:Тазалық - саулық негізі,Саулық - байлық негізі.
Демі бардың ……………….. Жауабы: емі бар.
…………..зор байлық.
Жауабы : Денсаулық
Шынықсаң …………………….Жауабы: шымыр боларсың