“?ыз бала — ?лтты? ?яты, халы?ты? шырайы”
“Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы”
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.
Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.
«Бала - басты байлығымыз
Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу - халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.
*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Қыздарға кеңес
Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың.Тартымды бол.Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады.Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес.Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады.Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет.
*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***
Қазіргі уақытта артымызда өсіп келе жатқан сіңлілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде.Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде.
Сауалнамалар
1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін?
______________________________________________________________
2. Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада)
______________________________________________________________
3. Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе?
______________________________________________________________
4. Инабаттылық, әдемілік, әсемдік туралы қандай көркем шығармаларды білесің?
______________________________________________________________
5.Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?
______________________________________________________________
6. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр дегеніне келісесің бе? ______________________________________________________________
*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***
1.Сен соңғы кезде кіммен уақыт өткізгенді қалайсың? Отбасыммен-
Достарыммен -
Жалғыз өзім -2.Сыртқы келбетіңнің өзгергені, дене салмағыңның, бойыңның өскені /өспегені/ сені:Қуантады –
Ренжітеді –
Ашуымды келтіреді -3.Сенің қандай болғың келеді? Ақылды -
Әдемі -
Тіл табыса білу -4. Сен өзіңнің келбетіңмен жұртшылық назарында болсаң: Қуанамын -
Көңіл- күйім болмайды -
Бәрібір- 5. Мені қолдайды: Отбасы –
Мектеп-
Достарым –
1.Тәрбиелеу ісіне қандай әдістерді көбірек қолданасыз? а) өзіне мысал келтіру;ә) талап етушілік;б) сендіру;в) жазалау;г) мадақтау.2. Сіздің отбасыңызда балаға талап етушілікте ынтымақтастық, ауызбірлік сақталады ма?а) ия;б) жоқ.
3. Тәрбиеде мадақтаудың қай түрін қолданасыз? а) мақтау;ә) отбасы мүшелері бірауыздан баланың жақсы қылықтарын, жаңа кітап, б) ойыншық сатып алғанда мақтау;
4. Баланы тәрбиелегенде күш қолданасыз ба? а) ия; ә) жоқ; б) әркезде.
5. Сіздің таңдаған әдісіңіз балаға оң ықпал етеді ме?а) ия;
ә) жоқ;б) әркезде.
6. Балаңыз сізге сенім білдіре ме, құпиясымен бөлісе ме?а) ия;ә) жоқ;б) әркезде.7. Бала тәрбиесі үшін сіз өз жүріс-тұрысыңызды, мінез-құлқыңызды бақылауға тырысасыз ба?а) ия;ә) жоқ;б) әркезде.8. Баланы тұлға ретінде құрметтейсіз бе?а) ия;ә) жоқ;б) әркезде.9. Бала тәрбиесіндегі кездесіп жатқан қиыншылықтарды кімдермен бірге шешуге талпынасыз?а) жеке өзім;ә) әкесімен;б) көршілермен;в) туған-туыстарымен;г) педагог-психологпен, әлеуметтік педагогпен;д) сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдерімен.10. Бала тәрбиелеуде мектепке қояр талабыңыз бен ұсынысыңыз:_________________________________________________
Ата – аналарға жадынама: Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз. Жасөспірімдік шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет. Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз. Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз. Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз.Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз.
*** *** *** *** *** *** *** *** *** *** ***
12-17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес
Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені.
Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық.
Сырт келбеті өзгереді. Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл-парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бойжетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет-әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз.
Әлеуметтік ортаға қарым-қатынасы өзгереді. Жасөспірім үшін өзінің ересек замандастарымен қарым-қатынас жасау маңызды. Өзіне сенімді тұлғалар қоғамда өз орнын таба алады. Ал жұрттың ыңғайына жығылғыш, біреудің рөлін ойнап жүрген жастарды әдетте замандастары қабылдай қоймайды. Жасөспірімнің өтпелі кезеңінде ата-анасы баласын қолдап, оны сыйлап, жақсы көрсе балаға бұл жағымды әсер етері сөзсіз. Шешімталдық пен бір қалыптылық - ата-ананың маңызды қасиеттерінің бірі. Егер балаларымыздың мейрімді, туыстарын жақсы көретін адам болып өсуін қаласақ, өзіміз де оларға мейіріммен қарап жақсы көргеніміз жөн. Ата-аналар баласының өз бетінше әрекетін құптап, оны қолдайтынын және сенім артатынын білдіріп отырғаны дұрыс.
Мінезді анықтауға арналған 5 минуттық тест
Өз мінезіңізді жаңа қырынан білгіңіз келеді ме? Мына кішігірім тесттен өтіп көріңіз.
Саусақтарыңызды айқастырып ұстыңыз. Жоғарыда қай қолдың саусағы қалғанына назар аударыңыз. Нәтижелерін қағазға жазып отырыңыз. Егер жоғарыда оң қолдың саусағы болса, қағазға "2", сол қолдың саусағы болса, "1" деп жазыңыз.
Жалған нысананы көздеңіз. Көздегенде қай көзіңіз ашық қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Қолыңызды кеудеңізде айқастырыңыз. Қай қол үстінде қалды? Сол болса "1", оң болса "2" санын жазыңыз.
Шапалақтаңыз... Жоғарыда қай қол қалды? Сол болса "1", оң болса "2" деп жазыңыз.
Енді нәтижелерді қортындылайық.
«2222» - (толық оңқай). Сіз мінезіңіз тұрақты, сабырлы адамсыз, артық ұрыстар мен бос әңгімелерді ұнатпайсыз.
«2221» Сіздің басты кемшілігіңіз - батылсыздық.
«2212» Сіз оңай тіл табыса алатын, көңілді жансыз.
«2111» Сіздің мінезіңіз тұрақты емес, көңіліңіз құбылмалы. Бірақ істеріңізді біреуге тапсырмайсыз, өз шаруаларыңызды өзіңіз тындырғанды жөн санайсыз.
«2211» Сіздей адам жиі кездесе бермейді. Ақкөңіл, мейірімді бола тұрып, басқалармен оңай тілдесе аласыз, мінезіңіз өте жұмсақ.
«2122» Сіздің ойлау қабілетіңіз рационалды, аналитикалық. Басқаларға күдікпен қарайсыз, сол себепті бойыңыздан суықтық байқалады.
«2121» Ең сирек кездесетін мінез түрі. Сіз қорғансыз, басқалардың ойына тәуелдісіз.
«1112» Эмоционалды, көңілді, батыл жансыз.
«1222» Көңіліңіз күніне сан рет өзгереді. Өмірлік сұрақтарды шешуге жиі батылыңыз жетпей жатады.Алайда басқалармен қарым-қатынасыңыз әр уақыт жақсы болады.«1221» Эмоционалдық, жігерсіздік тән. Басқаларға сөзсіз сену қасиетіңіз бар.
«1122» Сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Бірақ кейбір сәттері тым қарапайым, сенгіш боласыз. Өзіңіздің істеріңізді сынға салғанды ұнатасыз.
«1121» Сіз адамдарға тым сенесіз, мінезіңіз жұмсақ. Өнерге жақын болуыңыз мүмкін.
«1111» - (толық солақай). Сіз өнерлі, кретивті адамсыз. Үйреншікті стереотиптер сіз үшін емес. Индивидуалистсіз, кейде тіпті эгоистсіз.
«1212» Мақсатыңызға жетпей қоймайтын батыл жансыз.
«1211» Сіз басқалардан оқшауланған өмір қалайсыз. Басқалармен тіл табысып, достасу - сіз үшін қиын мәселе. Алайда рухыңыз мықты, қойған мақсаттарыңызға қалайда жететін адамсыз.
«2112» Мінезіңіз жайлы, жаңа достарды оңайлықпен табасыз. Қызығушылықтарыңызды жиі ауыстырасыз. Жаңашылдықтан қорықпайсыз.
Қызға 40 үйден тыйым (нәзік жандыларға арналған пост)
1. Жарыса сөйлеуге 2. Жалғыз қыдыруға 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге4. Орынсыз ұрынуға 5. Басқаларға қол тигізуге 6. Өтірік, өсекке 7. Суық жүріс, сумаң қылыққа 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге9. Талтайып отыруға 10.Шалқайып жатуға 11.Тамақты обырлана асауға 12.Ұрлық қарлыққа13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге 14.Бұраңдап қылмысуға15.Қызыл іңірде жатуға 16.Түске дейін ұйықтауға17.Кісі алдында киім ауыстыруға 18.Салт-дәстүрден аттауға19.Елді ғайбаттауға 20.Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға21.Ішімдік пен шегімдікке 22.Ұрыс-керіске23.Беттен алып, бет жыртысуға 24.Қараулыққа, ысырапқа25.Рахымсыздық пен қатыгездікке 26.Түнде суға жалғыз баруға27.Жат жыныстылармен арласып жатуға 28.Күйеуге қашып тиюге29.Әдепсіз сөзге 30.Тарс-тұрс етуге 31.Адам мен жануарларды тебуге32.Кісіні қорлап жәбірлеуге 33.Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға34.Айғай сүреңге 35.Шектен тыс сыланып жасануға36.Қызғаншақтық пен күншілдікке 37.Менмендік пен өзімшілдікке38.Алдап-арбауға 39.Көрсеқызарлыққа40.Нәпсі құмарлыққа тыйым