Білім сайысы Тіл білгірі
Білім сайысы: «Тіл білгірі»
Сыныбы: 8 - 9
Мақсаты:Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Өзге ұлттың тілін, әдебиетін, мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға даярлау.Мереке өтетін залды безендіру:Тіл туралы жазылған қанатты сөздер, сайыстың тақырыбы жазылған плакат, әр сайыскердің жұмыс орнын мерекелік безендіру, шарлар, сайыс барысында қолданылатын көрнекі құралдар, музыка.1 - жүргізуші:Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде Қазақстан халықтарының «Тілдер күніне» арналған апталық жалғасуда. Бүгінгі 8 - 9 сыныптар арасында өтетін «Тіл білгірі» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!2 - жүргізуші:Мінеки, залда тыныштық,Естілмейді дыбыс түкМұны біз де қоштаймызҚазақ, орыс, ағылшын.Тілдері жайындаКешімізді бастаймызЖас достарым,Мұны жақсы ұғайық -Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріҚұрметтеуге лайық!Дүниедегі сұлулықтың бәрін де,Мүмкін емес қызыл тілсіз түсіну,Көп тіл білу - өте қажет бүгінде!Бүгін сіздер 8 - 10 сынып оқушыларының арасында өтетін білім сайысының жеңімпазын анықтау үшін 5 турдан тұратын ойынымызды көріп тамашалайсыздар!1 - жүргізуші:«Тіл білгірі»сайысы басталады,Білгірлерді жұртшылық, қарсы алайық,Көшбасшысы тілдердің - қазақ тіліТағы басқа тілдермен достасайықОртаға сайыскерлер шығады.2 - жүргізуші: Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін, зеректіктерін байқап, бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.Ана тілі - қазақ тілі туралы өлеңдер оқылады.1 - жүргізуші: Ойынымыздың бірінші туры - «Бәйге».Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек. Қолын бірінші көтерген бала жауап береді, жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі көтерген ойыншы жауап бере алады.Сұрақтар:1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады.Жауабы: Түркі тілдер тобына2. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз?Жауабы: Архаизм3. Ағылшын тілінде осы шақтың етістігі қалай аталады?Жауабы: Present Simple4. Қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы кім?Жауабы: А. Құнанбаев5. Лексикалық мағынасы бойынша қарама - қарсылықты сөз қалай аталады?Жауабы: Антоним6. Ұлыбританияның мемлекеттік тілі қай тіл?Жауабы: Ағылшын тілі7. Қазақ тілінде неше өздік есімдігі бар?Жауабы: Бір ғана өз сөзі8. Ағылшын тілінде осы шақтың сұрағын қойған кезде және болымсыздық түрінде қандай көмекші етістік қолданылады?Жауабы: do, does.9. Барлық бір түбірлі сөздердің жалпы мәнін беретін басты бөлік қалай аталады?Жауабы: Түбір10. Үзік сызықпен белгіленетін сөйлем мүшесі қалай аталады?Жауабы: Толықтауыш.2 - жүргізуші:Құлақтан кіріп бойды алар,Жақсы әнмен тәтті күйКөңілге түрлі ой саларӘнді сүйсең менше сүй...- деп Абай атамыздың жырлағандай, келесі кезекті өлең жолдарына берейік. «Родной язык».1 - жүргізуші: Екінші тур - «Полиглот».Бұл ойында мақал - мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, үш тілдегі баламасын айтады және жазады.1. Адам басшысы -....(Ақыл, ум, intelligence)2. Человек без родины, что соловей без....(Лес, орман, Forest)3. East or West ….. is best (home, дом, үй.)4. Ана сүті бой өсіреді,....... ой өсіреді.(Ана тілі, родной язык, language)5. Чистота - залог -.....(Здоровье, денсаулық, health)6. Action speak louder then……(words, слово, сөз)7. Жердің сәні - егін,Ердің сәні -.....(білім, знание, knowledge)8. Дерево крепко корнями, человек -.....(друзья, дос, friend )9. Health is better than ……(wealth, богатство, байлық ).Стих. «Я стану человеком»2 - жүргізуші:Ойынымыздың келесі туры «Ғажайып жетілік».Бұл жетілікте қазақ, орыс, ағылшын тілі мен әдебиетінен, Қазақстан тарихынан сұрақтар беріледі.1. Қазақ тіліБасқа тілден енген сөздерді қалай атаймыз? (Кірме сөздер)2. Қазақ әдебиетіӘдебиет сөзі қазақ тілінен аударғанда қандай мағынаны береді? (Асыл сөз)3. Орыс тіліВ человеке оно одно, а у вороны двое, в лисе не встретится, а в огороде трое. (Буква О)4. Орыс әдебиетіНазовите автора и произведение откуда взяты эти строки:Москва!Как много в этом звукеДля сердца русского слилось!Как много в нем отозвалось........(А. С. Пушкин «Евгений Онегин»)5. Ағылшын тіліPresent Simple - дың етістігін ата (goes)6. Ағылшын әдебиеті«Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісінің авторы кім? (Льюис Кэрролл)7. Қазақстан тарихыАлтын Орданың ресми тілі қай тіл болған? (Қыпшақ).Музыкалық үзіліс: Би 9 - сынып қыздарының орындауында2 - жүргізуші: Төртінші тур -«Шешендік өнер».Бұл сайыста бүгінгі таңда өте кең тараған тіл мәселесі жайындағы сөзді «Мемлекеттік тілді үйрену - әрбір азаматтың қасиетті борышы» тақырыбын қозғай отырып, сайыскерлеріміздің шешендік, тамашалаушыларды баурап алу, өзін - өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз.Сайыскерлер қазақ тіліндегі өз туындыларын мәнерлеп оқып береді, сол тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.Өлең «Ана тілі»1 - жүргізуші: Бесінші тур - «Жорға».Бұл турға ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі оқушы қатысады. Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 15 сұраққа жауап беру керек.1 - сайыскерге сұрақ:1. «Абай жолы» роман - эпопеясының авторы? (М. Әуезов)2. Название какой птицы образовано от звукоподражательного междометия?(Кукушка )3. «Рождество» қарсаңында ағылшындықтар қандай тамақ әзірлейді? (Индейка)4. Шоқан Уәлихановтың шын аты (Мухамед Қанапия)5. Как называются устойчивые сочетания слов? (Фразеологизмы)6. Ағылшын Біріккен патшалығының Үкімет басшылығында кім отырады? (Ханшайым)7. Қазақ халқының алғашқы ағартушы - педагогы кім? (Ы. Алтынсарин)8. Какое животное и корабль имеют одно название? (Броненосец)9. Англияда түскі астан кейінгі ішетін тамақ уақытын қалай атайды? (Ланч)10. Қазақ тілінде неше септік бар? (Жеті септік)11. В каком наречии 5 раз надо писать букв «О»? (безоговорочно)12. Міндеттеудің модальді етістігін ата? (must)13. Одағай, қаратпа, қыстырма қандай сөздер? (Оқшау сөздер)14. Какие наречия читаются одинаково слева направо и справа налево?(еле, еле - еле).15. Етістіктің өткен шағының 3 түрін ата(Past Simple, Present Perfect, Past Perfect)2 - сайыскерге сұрақ:1. Қазақ әліппесінде неше әріп бар? (42)2. Ағылшын тілінде қанша падеж бар? (2)3. Абай Құнанбайұлының шын аты? (Ибраһим)4. В каком наречии 4 раза употребляется буква «Н»? (Несомненно)5. Ұлыбритания Біріккен патшалығының құрамына қандай елдер кіреді? (Англия, Шотландия, Солтүстік Ирландия).6. Қазақ тілінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі нешеу? (3)7. Забияка, сирота относятся к какому роду? (Общий род).8. Ағылшын тіліндегі анықтауыш артиклін ата (the)9. Қазақ тілінде бастауышы жоқ сөйлем қалай аталады? (Жақсыз сөйлем)10. Көмекші етістіктерді ата? (shall, will)11. Какое наречие «предлагает» кусок ткани на пальто или на костюм? (наотрез - на отрез)12. Төбе шашы тік тұру фразеологизмі қандай мағынаны береді?(Қорқып кету)13. Какое числительное приказывает? (3)14. Шотландияның астанасын ата (Эдинбург)15. Как перечислить по порядку 5 дней недели, неназывая при этом ни числа, ни названия дня? (позавчера, вчера, сегодня, завтра, послезавтра).“My Bonnie is over the ocean” 9 - сынып оқушыларының орындауында2 - жүргізуші:Көп ұлтты ҚазақстандаЖүзден астам тілдер бар,Мәртебелі, маңыздыҚазақ тілін танып ал!1 - жүргізуші:Ана тілің - арың білҰятың боп тұр беттеӨзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте!Ойын жеңімпазы анықталып, сайыскерлер марапатталады.