«Тіл білгірі» зияткерлік ойыны


Қостанай облысы
Амангелді ауданы
Амантоғай жалпы білім
беретін орта мектебі
қазақ әдебиеті пәні
мұғалімі Мусабаева Эльмира Хасенқызы
Тақырыбы: «Тіл білгірі» зияткерлік ойны
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін пайдалана отырып, ойын батыл, пікірін жатық айта білуге дағдыландыру.
Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдығын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Оқушлардың бәсекеге қабілетті, замнауи талаптарға бейім болып қалыптасуына ыықпал ету.
Жабдығы: АКТ, қанатты сөздер, бүктеме, т,б.
Барысы:
Ұйымдастыру. Оқушыларды екі топқа бөлу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгін 7-сыныпта «Тіл білгірі» зияткерлік ойнын өткізгелі отырмыз. Ойн ішінде тиым сөздерге, сөз мәдениетіне, тіл байлыығын көрсетуге, тапқырлыққа арналған тапсырмалар бар. Оқушылар, ана тілінің өміршеңдігін, мол мүмкіндігін, өз ойларын, шешен сөйлеулеріңіз арқылы дәлелдей аласыздар.
Жақсдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
Асықпа түспеді деп қолыма тез.
Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
Керегің өміріңде болады кез.
Оқушылар, сайысымызды бастаймыз.
І. Таныстру.
Топтың аты, ұраны, әні.
ІІ. «Тапқыр болсаң тауып көр».
Берілген тапсырмадағы тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер жасырынып қалған. Соны табу, мағынасын айқындау.
І топқа:
1.Бит қабығынан ..... тоқыған.
2.Жұмыртқадан .... қырыққан.
3. Балақтағы .... басқа шапқан.
4. Мойны ырғайдай, .... торғайдай.
5.Кеудесіне ....піскен.
6. ..... айрылған бақсыдай.
7. Жер астынан жік шықты, ..... тік шықты.
8. .... басына қаптау.
9. Иттің құлы .....
10. Көк ала ....ету.
ІІ топқа:
1. Қадалған жерінен ....алу.
2. Құрғақ уәдемен .... қуыру.
3. .... шаққан құрлы көрмеу.
4. Сүтке тиген ..... болу.
5. ...... су көтермеу.
6. ..... тағаладың ба
7. Түйенің танитыны ......
8. ..... қу шөппен сүрту.
9.Қыздың ... жүгіндей.
10. сөздің майын ... .
ІІІ. “Жалғасын тап”
І топқа:
1.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
2.Аңдамай сөйлеген ... (ауырмай өледі)
3.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
4.Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
5.Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
ІІ топқа:
1.Бал тамған тілден ... тамар (у)
2.Көп сөз - ... (бос сөз)
3.Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
4.Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде ... боласың. (мылжың)
5.Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
ІҮ. Жеті жұмбақ
І топқа:
Жеті жұт.
1.Құрғақшылық
2.Жұт
3.Өрт
4.Оба
5.Соғыс
6.Топан су
7.Зілзала
Жеті қат көк
1.Ай
2.Меркурий (Шоқ жұлдыз)
3.Шолпан
4.Күн
5.Марс (Өмірзая)
6.Муштари (Юпитер)
7.Сатурн
ІІ топқа:
Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу, қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ел жетім,
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
Жеті қазына
1.Сұлу әйел
2.Ер жігіт
3.Қыран бүркіт
4.Берен мылтық
5.Жүйрік ат
6.Құмай тазы
7.Ақыл, білім
Ү. Тыйым сөздердің мәнін аш
І топқа:
Дастарханды, тамақты баспа.
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Түнде үй сыпырма, тырнағыңды алма.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.
Бетіңді баспа.
Тізеңді құшақтама.
Өтірік жылама.
Қолыңды қусырма.
Жақын адамға пышақ сыйлама.
ІІ топқа:
Аққуды атпа.
Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма.
Мойныңа белбеу жіп салма.
Бейуақытта жылама, ұйықтама.
Адамға қарап түкірме, есінеме.
Нанды бір қолыңмен үзбе.
Тамақты сораптап ішпе.
Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.
Өтірік күлме, өтірік ауырма, өтірік сөйлеме.
Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.
ҮІ. Ойтолғау.
Оқушылардың шешендігі сыналады.
І топқа
Тіл байлығы – ақыл байлығы.
ІІ топқа
Тілдің анасы – халық.
ҮІІ. Қорытынды.
Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.