Утренник на тему: Мен біріншіге барамын (Дошкольное обьразование)
«Мен біріншіге барамын» ертеңгілік
абақтың мақсаты: 1.Жарты күндік шағын орталықтың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету. 2.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойындамыту, ой-өрісін кеңейту, өнердісүйюге тәрбиелеу. 3.Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отансүйгіштіккетәрбиелеу. Көрнекілігі: шарлар мен безендіру қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар, гүлдер “Балғынбалалық” суреттер, “Бүлдіршіндер” көрмесі. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастырукезеңі: а)Акт залын дайындау, безендіру ә)Оқушыларды даярлау
Мұғалімнің сөзі: Құрметті әріптестер, аяулыда, ардақты Ата-аналар және бүлдіршіндер. Бүгінгі «Жарты күндік шағын орталықтың» «Мен біріншіге барамын »атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған жас бүлдіршіндер, бүгін саналы оқушы болып 1-сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп ілім іздеп алға қарай ұмытылу әр азаматтың борышы. Қазір осы уақытқа дейін оқушылардың алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар.
Өтті қызық көп күндер,Алты жасқа жеттіңдер.Барасыңдар біріншігеБір белестен өттіңдер.Өсті ақыл-ойларың,Өсті міне бойларыңҚуанышқа ортақпынҚұтты болсын тойларың!
Олай болса, кішкентай бүлдіршіндерімізді қошеметтеп, ортаға шақырайық.
Музыка ойналады: Оқушылар саппен шығады.Құрметті көрермендер «Мен біріншіге барамын» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Хор: Қазақстан РеспуликасыныңМемлекеттік Гимні орындалады.
Рамазан Құрметті қонақтар армысыздар,Бәріңізде есен-сау бармысыздар.Таусылмастай ағытып ой-арманның,Ал достарым, қысылмастан сөйлейік.
ҚарақатАқ тілекті ағытып бір тастайық,Қоштасатын кешімізді бастайық.Жүздеріңнен көрем шаттық, арайын Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Рақымжан
Бұл қуаныш себебін,Бізге қарап ұғыңдар.Ер жетті деп бөбегімТуған Отан қуансын,Туған дала қуансын.
Мұғалім:Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймын.
Естелік болсын біздерден ,
Вальс биін сыйлаймыз.
Ортада валыс биі: Рамазан,Сабина, Еркеназ, Сәбит, Рақымжан, Жансая, Фархат, Аружан, Нұрлыбек, АйханымБүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.
Біріншіге баратын бүлдіршіндерді,
Мектеп директоры құттықтасын дей келе № 262 мектеп-гимназия директоры: Сәдуақасов Бекболат ағайға сөз кезегін берейік.
Мұғалім:-Балалар жыл бойы алған білімдерін, білгендерін ортаға салып, өз өнерлерін көрсетпек.
Мұғалім:
Алдыңдағы балалар, Мектепке кетіп барады.Тақпақ айтып бір-бірденҚимай кетіп барады-ортаға балаларымызды өз тақпақ, өлеңдерін айтуға шақырамыз.
Нұрлыбек
Мектеп деген білім кені, жыр кені,Мектеп деген даналардың мекені.Мектеп деген тәрбиеші адамғаМектеп деген білімнің ең үлкені. СағынышБиыл алты жастамын,Кітапты оқи бастадым.Әріптерді танып менЕнді жаза да аламын.
Айдын
Мектеп-қамқор анамызОқу-білім аламызӨнерпаз боп өсетінБіріншіге барамыз
ӘсияОқимыз білім аламыз,Болашақ жолын саламыз.Мектепалды тобымен қоштасып,Біз мектепке барамыз
Мұғалім:
Балалар, қарап, тұрмаймыз!Әндетейік жырлайықАжарыңыз жайнасынКөктем күнмен нұрланып - дей келе әнге кезек берейік
Ән: «Ертегілер»
Орындайтын: Жақсылықбаева Әсия
Келесі кезекті тақпақтарға берейік.
Айзере
Өсті міне бойымыз,Өсті міне ойымыз.Қуанышқа ортақпыз,Құтты болсын тойымыз.
Нұрислам
Қуанамыз сыйлаймыз,Қуаныштың мың гүлін.Алғашқы топты қимай біз,Қоштасатын күн бүгін.
Гүлназ Алты жасқа толамыз,Әдепті бала боламыз.Ата - ананы қуантып,Кілең бестік аламыз.
Асхат
Біз балауса баламыз,Жетілді ой санамыз.Даярлықпен қоштасып,Біріншіге барамыз.
ЖазираДайын тұр киер көйлегімҮйімде биыл той менің.Өзімше мен кәдімгіОқушы құсап сөйледім
Хор: Рақмет саған мұғалім
Әріптерді үйретіп, үйретіп
Жақын болған кім бізге, кім бізге
Жамандықтан жирентіп,жирентіп
Жақын болған кім бізге,кім бізге
Қайырмасы:
Десек ол жан 3 рет,мүғалім
Таласады-3 рет, сірә кім
Қапастағы ерлердің, ерлердің
Мұңын айтқан кім бізге?,кім бізге?
Көрікті сан жерлердің,жерлердің
Сырын айтқан кім бізге?, кім бізге?
Қайырмасы:
Десек ол жан 3рет,мүғалім
Таласады-3рет, сірә кім
Мұғалім: Балаларымыз көңілді,
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп,
Би билейік тамаша
Ортада би: Теңізшілер биі:
Нұршат, Нұрислам, Асхат, Санжар,Айдын, Сағыныш
Мұғалім:
Кәне босқа тұрмайық
Ойынды бір ойнайық
Ойын: Күн шуағы-Балалар мынау қандай пішін?-Түсі қандай? Осы дөңгелекті шуақты күнге айналдыруымыз керек. Күннің нұрын менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы жапсырып отырамыз. Сендердің өте зерек, алғыр, тапқыр екендеріңді ата-анамызға және ұстаздарымызға көрсетейік.1.Тік төртбұрыштың қабырғалары нешеу? 42.Бір аптада неше күн бар?73.Машинаның дөңгелектері нешеу? 44.Екі қоянның аяқтары нешеу?85.Бағдаршамда неше көз бар?36.Бір жылда неше ай бар? 12 ай бар
Балалар ненің суреті шықты ?
Әрине күннің суреті шықты
Әсем әнмен арайлап таң атады
Бар жүрекке нұрын құйып жатады
Мерекеге арналған әсем әнмен
Рақымжан мен Ақгүлді
Қол шапалақтап қарсы алайық ортаға
Ән: Қошақаным
Рақымжан, Ақгүл
Көрініс:
Ортаға күнделік, математика, әліппе келеді. Артынша таласқан сандар 1,2,3,4,5 келеді.Тәрбиеші: Сендерге не болған? Бір-бірлеріңді итеріп.
1 саны: НұрисламДостарым мені «бір» дейді,Қарайды да «бү» дейді.Мұқтажбын қол аяққа,Ұқсап тұрмын таяққа.-Күнделік маған есігіңді айқара ашшы, мен сенімен дос боғым келеді.
Күнделік: Жансая-Мынау бірме? Жоқ,жоқ, менде саған орын жоқ.Бірлік баға алмаңдарҰят болып қалмаңдар.
2 – саны: АйбынМен екімін балалар,Екі қанат қазда бар.Қағады шапшаң ұшқандаҚұс сияқты адамдар.-қазір көресіңдер күнделік мені күтіп отыр, екеуміз дос боламыз!
Жансая Күнделік: -Жоқ, жоқ атай көрме екілік, мен саған есігімді ашпаймын.Жаңғалақтың, жалқаудыңАлаңғасар аңқаудыңАлатыны екілік.Басын шайқап, өкініп.
3 – саны: АружанМен ғой үштің таңбасы,Зейін қойып тыңдашы.Екі қисық қосылған,Үш жазылған осыдан.
Күнделік: ЖансаяМынау үшпе? Жоқ сенімен де дос болғым келмейді.Білімі артық екіденАздығына өкінемШідерлі аттай тұсалыпБірелер жүр үш алып.
4 – саны: РамазанДостар мені «төрт» дейдіБеске бірім жетпейді,Бірақ үшке ағамынЖақсысымын бағаның.-Күнделік, маған есігіңді ашшы, мен төрттік бағамын, мені балалар жақсы көреді.Күнделік: Жансая-Охо, сені күттім, кел төрге шық төрлет.Оқуға дос барғандаРиза сені алғанға,Қуанады анасыТөрт алғанда баласы.
5 – саны: ЖанельӘр қолда бес-бестенШықпас тегін ол еппенБіліп соның шамасынМысал ойлап табасыңБір мен екі алмаңдар,Үшке алданып қалмаңдарКілең төрттік алғандарМені ғана армандар.
Күнделік: Жансая-Бәрекелді, «5» келді. Төрлет, төр сенікі, сенімен айрылмастай доспын.
1,2,3 сандары:-енді біз қайда барамыз, керексіз болып қалдықпа?
Математика: Санжар - Мен математикамын, менің ішімде сандар көп, сендер ешқайда кетпеңдер, менімен дос боласыңдар.- Мен енді балаларға түрлі есептер берейін.1. Қайсарда үш алма бар еді оның біреуін Алмасқа берді, біреуін Айнұрға берді. Қайсарда неше алма қалды?2. Дүкеннен анам екі доп сатып әкелді, біреуін ініме берді, нешеуі қалды?Математика: -Жарайсыңдар балалар, өте тамаша. Мен сендерге ризамын.
Сауат ашу : Ақгүл Балалар, сәлеметсіңдерме? Менің атым әліппе. Мен сіздердің ең алғашқы оқулықтарыңмын. Мен сендермен дос болам, егер менің тапсырмаларымды орындасаңдар.1.Мына сөздерді буынға бөліңдер? Шана, арба, қалам.2 Әріптерге байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
Келесі кезекті тақпақтарға берейік
Сабина
Мектеп – қамқор анамызОқып білім аламыз,Өнерпаз боп өсетінБіз оқушы боламыз!
Еркеназ
Биыл күзде мектепкеБіріншіге барамынМақтанбаймын мен теккеДайын дәптер қаламым
ФархадЖақсы оқушы боламын,Кілең бестік аламын.Тәрбиелі, үлгілі,Қазақстан азаматы боламын.
Жанболат
Адам етіп баптаған,Ардақтап бізді мақтаған,Даярлыққа мың алғыс.
Нұршат
Жақсылыққа құштармыз,Жақсы адам боп шығамыз.Таза сәби жүректен,Қабылдағыз мың алғыс
Мұғалім:Нағыз қазақтың жігіттерін ортаға биге шақырамыз.
Келесі кезекті тақпақтарға берейік:
Аружан Мектеп қамқор анамыз,Оқу білім аламыз.Өнер
паз боп өсетін,Біріншіге барамыз.
Айханым Биыл алты жастамын,Кітапты оқи бастадым.Әріптерді танып мен,Енді жаза да аламын.
Сәбит
Талай қызық той өткіздікБірақ орны ерекшеДаярлықпен қоштасатынБүгінгі той ерекше.
АйбынҮлкендердей тап – тазаЖазамыз бормен тақтағаҮздік бала боламызЖүретіндей мақтана
Мұғалім:
Құлақтан кіріп бойды алар,Әсем әнмен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай Қарақаттың орындауында «Бала тілегі » әнін қабыл алыңыздар
Келесі кезекті тақпақтарға берейік:
АқгүлДаярлық біздің панамызМектеп біздің анамызҰлағатты ұстазданОқып, білім аламыз.
ЖансаяСүйген өз қыз, өз ұлынБөбегім деп аянбай.Даярлығым өз үйімАпай болды анамдай.
А. Нұрбақыт
Мектепке биыл барамын,Қолыма кітап аламынДайын тұр сауыт сайманымДайын тұр жазар қаламым.
ШаттықМектеп – қамқор анамызОқып білім аламызӨнерпаз боп өсетінБіз оқушы баламыз.
Б. Нұрбақыт:Қуантуға елімді,Қуантуға жерімдіҚуантуға жүректіҚуантутға түлекі.Мен мектепке барамын.
Мұғалім:
Кәне біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық
Қандай есеп болса да
Шешпей оны қоймайық
Мираста болды 7 алмаАмангелдіге берді 4 алмаОйланып ,кәне , көрейік
Мираста қалды қанша алма ? 7 – 4 =3
Далада жүр 3 тауық
Қосылды тағы 1 тауық
Жалпы саны тауықтың
Болды неше ?Есепте . 3 + 1 = 4
Жеті қияр базарданСатып алды Толқынай
Бес қиярды алғанда
Қанша қалды сөмкеде ? 7 – 5 = 2
Санжарда болды бес алмұрт ,Нұржанға берді екі алмұрт .Санжардың қалды қолында
Неше алмұрт тез ойла ? 5 – 2 = 3
Бәйгеге шықты жылқылар
Алға шықты бесеуі .Қосылды оған екеуіМәреге келді нешеуі ? 5 + 2 = 7
Мұғалім:
Өздеріңізді ұмытпай,
Есімізге саламыз.
Ұмытпас деп ұясын,
Балапан биін сыйлаймыз.
Биші қыздарымызды ортаға шақырайық. Әсия, Жазира, Гүлназ, Айзере.
БайжанҚолыма гүл аламынДайын дәптер, қаламымМен мектепке барамын,Қуанышым менің молМектебіме тарттым жолДаярлығым қош сау бол.
Нұрдәулет
Ана тілін ардақтапАта салтын біз көрдікСурет салып, ән салыпОқып, жазып үйрендік.
СанжарОқуды көп ойладықҚызығына тоймадық.Әріптерді үйреніпСауат аштық, тойладық. Жанель
Даярлықтағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Апай берген білімді,
Еңбегіңізді ақтаймыз.
Хор: Балалар айтады:
Қуанышымыз біздің мол,Мектепке біз тарттық жол!Ұмытпаймыз өзіңді,Мектеп алды даярлық қош-сау бол!
Мұғалім:
Асыл сөзбен ата - анаға ой салайық,Екі ортаға алтыннан жол салайықҚұрметтеп келген ата - аналардыСөз беруге ортамызға шақырайық
Мұғалім:Көңілдің ақ тілегін көл етемізТілектермен нығайсын берекемізБаршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,Осыменен аяқталды ертеңгілігіміз!
Құрметті ата- аналар , ұстаздар,қонақтар. Біздің бүлдіршіндердің білімдерімен , өнерлерін тамашаладыңыздар. Сіздерге рақмет айта отырып бүлдіршіндерге өз тілектеріңізді білдіріңіздер демекпін. Құттықтау сөз Бастауыш ісі жөніндегі орынбасары: Лашынова Айнагүл апайға беріледі.
Азамат әжесі және Айханым әжесіне сөз кезегін береміз.
Бүлдіршіндерге алғыс хат тапсыру, суреттерімен.