Саба?ты? та?ырыбы: Г?лдер Т. Молда?алиев


Сабақтың тақырыбы: «Гүлдер» Т. Молдағалиев
Сабақтың мақсаты: «Гүлдер» өлеңімен таныса отырып,мазмұнының негізгі идеясын ашу.Тұманбай Молдағалиев жайында мағұлмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Табиғаттағы гүлдердің әсемдігі,сұлулығы,қажеттілігін түсіндіру.
2.Шығармашылықпен жұмыс істей отырып,оқушылардың ой -өрісін дүние танымын кеңейту,тіл байлығын арттырып,сөздік қорын молайту.
3. Елін,жерін сүюге тәрбиелеп,табиғаттың қажеттігін сезіну. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.
Көрнекі құралдар: Т.Молдағалиев суреті,қанатты сөздер,үлестірмелі карточкалар ,кубик,магнитофон,диафильм.
Стратегиялар: Ой қозғау,топтастыру,кубизм,екі түрлі түсіндірме,бағалау,
бақылау, портфель.
Сабақтың өту барысы.
I. Қызығушылықты ояту сатысы.
Ой қозғау.
Табиғат сөзін естігенде кімге,қандай нәрселер елестеді?
Жеке ,жұпта ,топта пікірлеседі.Ортақ пікірді лидер шығып ортада қорғайды.
Ой ашар. Құстар қайтып барады әнін тыңдау.қимыл іс-әрекеттерін жасату.
2. Мағынаны тану сатысы.
Өлеңі - ақыл, сөзі - ән
Тұманбай біздің ағамыз.
Бүгін біз Тұманбай ағамыздың «Гүлдер» атты өлеңімен танысамыз.
Өлеңді жазатын адамды кім дейміз? Ендеше, алдарыңдағы қағазға Тұманбай ақын туралы білгеніңді қағаз бетіне тізіп жазайық
344106536195ақын
00ақын
8826537465Туған жері
00Туған жері
194310036195Тұманбай
00Тұманбай

194310036195002908300361950012185653619500
-51435188595Алматы обл.
00Алматы обл.
3669665-3175Өлеңдер
00Өлеңдер
1218565163195Туған жылы
00Туған жылы
621665-317500
3555365565150043173654762500
208216580645Көктем шақырады
00Көктем шақырады
1346200806451935ж
001935ж
3822065169545Құстар қайтып барады
00Құстар қайтып барады

Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын,Қазақстанның Халық жазушысы. 20.03.35ж Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Қазақ -273685245110мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959-1970 жылдар аралығында“Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды.1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды.Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам
жинақ болып басылып шықты.
Оқулықпен жұмыс
«Гүлдер» өлеңін мәнерлеп оқу.
Табиғат көрнісі бейнеленген бейне фильмді тамшалай отырып,мәнерлеп оқыту.
Балалар енді өлеңнен не түсіндік соны байқайық. Ол үшін әрқайсымыз
алдымызда жатқан қағазды екіге бөлеміз.

Өлеңге қатысты сөздерді жаз Өлеңде гүлге қатысты емес сөздерді жаз.
Қызыл,көк,тербеледі, жайқалады
өседі,сыйлайды
Өрт,
от
сәби
Ой ашар
Кең жазық далада,
Өседі гүлдер құлпырып.
Гуілдеген желменен
Тербеледі оңға,
Тербеледі солға
Жайқалған гүлдерді
Аялап отырдық.
Қимыл іс-әрекет арқылы оқушыларға орындату.
Ой толғаныс
Кубизм стратегиясын пайдалана отырып, сабақты бекіту.
1-ші Ақын өлеңінде не туралы жырланған? /гүл/ Гүлді суретеп бер.
2-ші Гүлдердің адамдарға тигізер пайдасын дәлелде.
3-ші От пен гүлді салыстыр.
4-ші гүлге қарсы шық
Сабақта Тұманбай Молдағалиев ағамыздың «Шақырады көктем» әнін сыныптағы жас әнші Байшолақва Әселдің орындауында тыңдату.
Бағалау.
Үйге тапсырма.Өлең мазмұнына сай эссе жазып келу.