Ашы? саба? К?ркем ?дебиет Т?лдер айтысы
Білім беру саласы:Әлеумет орта.
Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі: Көркем әдебиет .
Тақырыбы: : Төлдер айтысы (ертегі).
Мақсаты:Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты қайталау
Жаңа тақырыппен таныстыру. Балалардың назарын тәрбиешіге аудару.
Іздену ұйымдастыру-
шы
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.
- Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.
- Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» дейді.
- Менің атым Әмина, маған анам «құлыншағым» дейді.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап».
Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.
Дәптермен жұмыс: «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.
- Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
- Лақ не айтты?
- Құлын ше?
- Бұзау не деді?
- Қошақан, бота не деді?
- Адам не деп жауап берді?
Сергіту сәті: Айналайын торпақ, бола берме қорқақ, Айналайын қозым, малда жуас бозым. Айналайын ботам, қандай күлте жотаң, Жалт-жұлт етіп лаң, жағалайсың бұл аң.
(Қимылмен көрсетеді).
Дәптермен жұмыс: Жұмбақтың шешуін тап.
Жарысуға дайын, менің қасқа ... (тайым)
Тастан тасқа секірген ұзын салпаң құлақты,
Қойдан маза кетірген, кім біледі ... (лақты)
Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді... ( қозы) Шаттық шеңберінде тұрады.
Ойын ойнау.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Рефлексті коррекциялау - Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?
- Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата. Қортынды.
Білуі керек:төрт түлікті ажырата білу.
Болуы керек:тақырыптық суреттер.