БжС технологиясы бойынша география п?нінен саба? жоспары М?зды?тар ж?не к?пжылды? то? (8 сынып)


Сабақ жоспары
Күні:19.01.2017
Пән: география
Сынып: 8 «А»
Тақырбы: Мұздықтар және көпжылдық тоң.(параграф 34,бет 136-139, реферат Балхаш көлі)
Мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту.Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
І. Қайталау сұрақтар
ІІ. Тірек сөздер
ІІІ. Қиылыс сұрақтар 10 минут
ІV. Сыни сұрақтар
V. Эссе (тақырыптық сөздік қор)
Қайталау сұрақтар:
1.Каспий көлін неліктен теңіз деп атайды? Үлкендігіне қарай
2.ХVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған тайпалар? Каспи
3.Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен қандай теңізден бөлінді? Қара
4.Каспий теңізінің жалпы ауданы? 376 мың км²
5.Каспий теңізінің суы неше мемлекеттің жағалауын шайып жатыр? 5 (Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан, Иран)
6.Каспий теңізі қазаншұнқырларының бедеріне қарай нешеге бөлінген? 3 (солтүстік, орталық, оңтүстік)
7.Каспий теңізінің ең ірі аралдарын атап бер? Төленді, Құлалы, Морской
8.Каспий теңізі неше климаттық белдеуде орналасқан? Екі(қоңыржай континентті, құрғақ субтропиктік)
9.Каспий теңізінің ең бағалы балығы? Бекіре
10.Теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған қала? Ақтау
11.Арал теңізінің жасы? 8-10мың жыл шамасында
12.Арал теңізі суының көлемі жағынан дүниежүзінде нешінші орын алады? 4
13.Арал теңізіне құятын басты өзендер? Сырдария және Амудария
14.Ненің нәтижесінже теңіз суы 20 м-ге төендеді? Антропогендік әрекетінің нәтижесінде
15.Арал теңізінің аралдарын атап бер? Көкарал, Барсакелмес, Возрождение
16.Арал маңы қандай құмдарына жалғасады? Қарақұмы мен Үлкен, Кіші Борсық құмдарына
17.Арал теңіздің тұздылығы? 35‰
18.Теңіз суының түсі? Қара көк
19.Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экологиялық аймағының басшылығымен бірінші рет не жасалды? «Арал өңірінің экологиялық картасы»(1992)
Тірек сөздер:
Мұздықтар, Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатау, хионосфера, қар сызығы, тегістелген төбе, тау беткейлері, аңғарлық, Корженевский
Қиылыс сұрақтар:
1.Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі? Мұздықтар
2.Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары? Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары,Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатауы
3.Республиканың барлық тауларында неше мұздық бар? 2724
4.Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі? 100 км³
5.Мұздықтар қандай маңызды рөл атқарады? Құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда
6.Мұздықтар қайда орналасады? Хионосферада (грекше – қар қабаты)
7.Хионосфераның төменгі жағы не деп аталады? Қар сызығы
8.Мұздықтар ең көп шоғырланған аудан? Жетісу Алатауы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км³
9.Сауыр жотассында неше мұздық орналасқан?18
10.Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің неше түрі бар? 3
11.Биік таулар басында болады, олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі? Бұл қандай мұздықтар? Тегістелген төбе мұздықтары
12.Қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр? Тау беткейлерінің
13.Бұл мұздықтар кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады? Аңғарлық
14.Қазақстандағы ең үлкен мұздық? Корженевский
15.Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы? 50-100м
16.Көпжылдық тоңның төменгі шекарасы Алтайда?2000 м
17.Қыста мұз бетінің температурасы неше градусқа төмендейді? -10˚С
18.Мұздықтардың суы ненің қоректену көзі? Тау өзендерінің
19.Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына неше метрге дейін шегініп отырады? 30м-ге
Сыни сұрақтар:
1.Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі – Мұздықтар.+
2.Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары солтүстік және батыс.- Шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары,Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатауы, Теріскей Алатауы
3.Республиканың барлық тауларында 3245 мұздық бар.- 2724
4.Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 200 км³.-100 км³
5.Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.+
6.Мұздықтар биосферада орналасады. - Хионосферада (грекше – қар қабаты)
7.Хионосфераның төменгі жағы қар сызығы деп аталады.+
8.Мұздықтар ең көп шоғырланған аудан Жетісу Алатауы 1369 мұздықтың ауданы 1000 км³.+
9.Сауыр жотассында 15мұздық орналасқан. -18
10.Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің 5түрі бар. - 3
11. Тегістелген төбе мұздықтары биік таулар басында болады, олар Жетісу Алатауында жиі кездеседі.+
12. Тау беткейлеріндегі қар типіндегі мұздықтары республика мұздықтар ауданының 33%-ын алып жатыр.+
13. Тегістелген төбе мұздықтар кәдімгі альпі типтес аңғарлық мұздықтарға жатады.- Аңғарлық
14.Қазақстандағы ең үлкен мұздық- Шокальский. - Корженевский
15.Аңғарлық мұздықтардың қалыңдығы 10-30м.- 50-100м
16.Көпжылдық тоңның төменгі шекарасы Алтайда2000 м.+
17.Қыста мұз бетінің температурасы -15˚С градусқа төмендейді.- -10˚С
18.Мұздықтардың суы тау өзендерінің қоректену көзі.+
19.Іле Алатауындағы Шокальский мұздығы жылына 30м-ге дейін шегініп отырады.+