Абайтану ?олданбалы курсынан саба?.(11кл)
Сабақтың тақырыбы:Абайдың «Толық адам»философиясы
Мақсаты: Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның Толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету.
Өзін-өзі тануларына, өзін-өзі, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу,оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, өзгені өзіндей қабылдауға, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін сыйлаудың маңызына мән беру;Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: 1 Оқушыларды Абай шығармашылығымен, соның ішінде Толық адам туралы ұстанымдарымен таныстыру.Абай шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;
2. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
3.өз бетінше ізденуге баулу.
Күтілетін нәтиже
-Абай туралы, оның асыл қазынасы туралы білімдері толығады.
-Поэзияны сүйетін, эстетикалық сезімдері, дүниетанымдары жетілген тұлғалық қасиеттері дамиды.
-Адамды құрметтеу, оны бағалау сезімдері артады.
-Толық адамды үлгі тұтады, оған ұқсағылары келеді, алдарына мақсат қояды.
-Ұлтжандылық, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасады. Азаматтық позициялары беки түседі.
-Адамзат баласын құрметтеу, ізгілік пен имандылықты өмірінің мақсаты ете білетін әділ, «халық» деп соққан жүрегі бар жан-жақты тұлға қалыптастыруға қол жеткізуге болады.
-Абай шығармаларын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады.
КөрнекіліктерАКТ,үлестірмелі қағаздар, , маркер,стикер
ӘдістерСТО стратегиялары: «Ойшақыру», «Алты қалпақ», «Ой толғау», «топтастыру»,
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, сынып журналына жоқ оқушыларды белгілеу
1) Тренинг: Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Әсем - әдемі» тренингін өткізу.
«Өзіңе мақтау, мадақтау айту жеңілге түсе ме екен?»
2) Смайликтер арқылы топтарға бөлу. Смайлик түстеріне қарай топтасады
2. Жаңа сабақ:
І Ой шақыру:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Мына шумақтың қай тармағына ерекше назар аударар едіңдер?
Мен бір жұмбақ адаммын.
Ендеше, бүгінгі сабақтың мақсаты осы Абай жұмбағын шеше отырып, шығармаларына талдау жасау.
1-топқа: Абай өлеңдеріндегі Адам проблемасы жайында ой тастау.
2-топқа: Өз пікірлеріңше Адамды адам етіп тұратын қандай қасиеттері?
- Кейде халық біреулерді «Адам емес» деп жатады,
оларға кімдерді жатқызар едіңдер?
- Қалай ойлайсыңдар, «Адам» деген кім?
(топпен жұмыс істеп, ойларын ортаға салады. Постер қорғайды)
II Мағынаны тану жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:
а) оқушылар «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды
ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды . Нәтижесі ауызша марапатталады.
ІІІ Кубизм
1.суреттеңіз
2.саластырыңыз
3.зерттеңіз
4.қолданыңыз
5.бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді?
6.қолдаңыз не қарсы шығыңыз.
1) Суреттеңіз:
Кубиктің осы беті түскен сәтте 1 Өз пікірлеріңше Адамды адам етіп тұратын қандай қасиеттері? Тірек – сызба бойынша түсіндіреді.
2) Зерттеңіз: Тақырып бойынша оқушылар өз білгенін ортаға салады. Бұл туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді? (қиял дүниесімен болжайды).
Зертетушілер тобынан төмендегіше сұрақтар қойылады:
1.Қазақ халқы неліктен Абайды - ұлы ақын , философ деп санаған?
2. Абайдың «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деген сөзінің мәнін қалай түсінесің?
3. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын үш қасиетке нелер жатады?
Оқушылардың жауабы: 1 Себебі, Абайдың әр өлеңінде оның ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі бар, көркемдік ойлаү, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, даралық стилі еркін. икемді, поэзиядағы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды, Осының өзі-ак оның поэзиясына жаңашылдык, сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Халықтың сөйлеу тілініңі. қазақтың ауызекі ақындық және ән өнерінің байлығын кең пайдалана отырып, ол өлең сөздің шеберлік кұралдарын жетіллірді, өлеңдік өлшемінің интонациялық -ритмикалык, байлығыні терең ашып көрсетті
2 Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене түсуде.
3 Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айқын көрсетілген. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз.
4) Қолдаңыз не қарсы шығыңыз.
Сұрақтар төңірегінде ой бөліседі.
1. Абайдың 17 сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: – Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, – депті.
2. XI ғасырда өмір сүрген ислам оқымыстысы Ж. Руми: «Адамның болмысы – ішінде әр түрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-қайуани сияқты мыңдаған қасиеттер бар. Егер ішкі жан шаһарында қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке келіп, құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде жақсы сипатқа, кейде жаман сипатқа айналып отырады» – деген екен. Ал оқымысты Марк Орэл өзінің «Ойлар» атты кітабында: «Күнде таңертең адамдар арасына барып қосылғанда былай ойланам: бүгін мен адам бейнесіндегі кейбір жыртқыштармен кездесем, оларды ызаландырмай, өзім таланбай үйіме аман-есен оралуым керек» – деп жазған екен.
V. Рефлексия: Бүгінгі сабақтың соңында түсінбеген ойларыңызды, алған әсерлеріңізді, мына қағаздарға жазып, жабыстыруларыңызды сұраймын.
Мақсаты:Хат жазу үлгісін үйрете отырып, сабақта не істегенін айта білуге дағдыландыру.«Бүгін сабақтан алған әсерім» тақырыбында бір-біріне хат жазады.
2657475241617500270129026352500-53721015811500
-67056021336000
Қорытынды:Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді.Көне Қытай данасы Конфуций «Өзгені таныған адам – данышпан, ал өзін таныған адам бүкіл Әлемді билейді» деп айтқан екен