Та?ырып: ?аламшар ?ажаптары. Адамны? азаматты? т?л?асы. Жа?сылы?пен жаным дос


Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: КОЖББМ
Тақырып: Ғаламшар ғажаптары.(1сағаты) № 23сабақ
Құндылық: Қиянат жасамау.
Қасиеттер: Өзге мәдинеттің бағалығын түсіну құрмет көрсету, бірлік, мәдине мұраларды еске сақтау, қоғамның меншігіне деген ұқыптылықтен қарау, қоршаған ортаны қорғау.
Мұғалiм: Карабалина М.К.
Класс: 7 «а»
Оқушылар саны: 18
Сабақ мақсаты: оқушыларға ғалам құндылығы туралы білім беру.
Міндеттері:
- оқушыларға болмыс, жаратылыс, ғалам туралы түсінік беру;
- қоршаға жаратылысқа деген жасампаздық көзқарастарын қалыптастыру;
- қоршаға жаратылысқа деген ізгі қарым – қатынасқа тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т қағидасын еске салу.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен) Тыныштық сәті "Ғаламшар ғажаптары" Көзіңізді жұмып, әр қайсыңыз өз орбитасында қозғалып жүрген ғаламшар ретінде сезініңіз.Әрқайсыңыздың өз заңдарыңызбен ерекшеліктеріңіз бар...
Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар?
Үй тапсырмасын тексеру. № 23 сабақ
1. Адамдар неліктен басқа ғаламшардағы өмір туралы толғануға құштар?
2. Жердегі өмірдің басқа ғаламшардағы өмірден артықшылығы неде деп ойлайсың?
3. Адам сұлулықты сезінуі үшін не істеу керек? Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз. «Ғаламның ғажайып сыры - адамда» Чарльз Дъюк.
1. Бар ғажайып адамға байланысты дегенді қалай түсінесің?
2. Айналадағы сұлулықты, ғажайыпты көркейту кімге байланысты? Неліктен?
3. Жалпы адамның бұл өмірдегі жетістігі ненің нәтижесі? Әңгiмелеу (сұхбат).
Аңыз әңгіме: Ақыл, ғылым, бақыт.
Ақыл, ғылым, бақыт – үшеуі бір – бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті: Бірінші Бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қоғыңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып кетесің. Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың, - депті. Екінші Ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүние жүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсың, бар ғаламды өзіңе бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек қыласың. Түзу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен бірік, сонда абыроймен ұзақ жасайсың, - депті. Үшінші Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ, бірақ ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды бересіңде шығып кетесің. Ашу бүлдіріп – бүлдіріп кеткен соң, кіресің де ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, Ашу сенің үстіңе кірмегеен болар еді.
- Барыңдар, Ақыл сен адам бол, Ғылым сен ат бол, Бақыт сен қамшы бол. Үшеуің біріксең ешбір мұң – мұқтаждарың болмайды, - депті.

Мәтін бойынша сұрақ қою:
Бұл мәтіннен біз не түсіндік?
Адам бойындағы қандай қасиеттер оны жетістікке жеткізеді?
Табиғатты қорғау үшін адамдар не істеу керек? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Өздерін қоршаған ортаға байланысты ғаламшарға хат жазу. Топпен ән айту
«Сәлем саған туған ел»
Сөзі: Ш. Сриев
Әні: К. Дүйсекеев Үй тапсырмасы.
№ 24сабақ. «Адам және ғалам» оқып келу. Соңғы тыныштық сәтi.
Баян әуенді тыңдай отырып, денелеріңді бос ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Біркелкі демалуға тырысыңызыдар. Көздеріңді ашуға рұқсат. Рахмет!
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Круглоозерный ЖОББМ
Тақырып:Адамның азаматтық тұлғасы №18 сабақ
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: кешірімшіл болу; шынайылық; жанашырлық;
Мұғалiм:Карабалина Мадина Куанышевна
Класс: 5 а,ә
Оқушылар саны: 22
Сабақ мақсаты:оқушылардың бойында адам бойында болатын азаматтық қасиеттерді қалыптастыра отырып, сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Міндеттері:-оқушыларды әрқашанда кешірімшіл болуға үйрету;
-балаларды шынайылыққа тәрбиелеу;
-жанашырлық қабілеттерін дамыту. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)музыка
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.5т қағидасын еске салу.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен) Ойша теңіз астына саяхат.
Үй тапсырмасын тексеру. №18
1.Гүлнұрдың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көрдіңдер?
2.Адамдар арасындағы достыққа кедергі келтіретін қандай қасиеттер?
3. Шын достықты сақтап қалу мүмкін бе? Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз.
«Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетугее көмектес.» Халық нақылы.
1.Адам бойындағы жақсылықты көру оңай ма кемшілікті көру оңай ма?
2.Қандай қасиетті адамдарды жақсы адам деп бағалар едің??
3.Өз бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсың? Әңгiмелеу (сұхбат).Аңыз әңгіме: құндылықты ашу
Орта «иісі»
Баяғыда бір кісі моншаға барыпты. Оған досы емдік қасиеті бар саз балшық сыйға тартыпты. Ол әлгі саздан сондай бір әдемі жұпардың иісін байқап, таңғалыпты.
–Бұл не қылған иіс? – деп сұраса, досы:
–Білмеймін, – депті.
Саздың өзінен сұраса ол да: «білмеймін, – депті: – әйтсе де, мен бір раушан гүлінің түбінде жатқан балшық едім, сол раушанның жұпар иісі сіңген болар, сол раушанға тамған тамшылар маған тырс-тырс таматын. Содан шығар», – депті.
Кім қандай ортада жүрсе, ол сол қасиеттерді өзіне сіңіріп алады Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жағдаяттарды көрініс арқылы көрсету.
Көшеде адасып қалған кішкене қыз.
Адасып қалған көзі көрмейтін адам.
Жолдан өте алмай тұрған қария.
Автобуста ауырып қалған адам.
Жағдаяттарды көрген сәттерде адамдар бойындағы қандай қасиеттерді байқадыңдар? Топпен ән айту. әнін орындау.
«Қазақ қызы». Сөзі:И.Сапарбаевтікі Әні:Р.Таймановтікі
Үй тапсырмасы.№19 сабақ. «Еңбек жемісі» мәтінін оқу.
Соңғы тыныштық сәтi. Біз бүгінгі сабағымызда ұл бала мен қыз балаға тән жақсы қасиеттерді өз жүрегімізге орнатайық. Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: КОЖББМ
Тақырып:Жақсылықпен жаным дос. Сабақ №8
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: әдепті болу; басқалар туралы жамандық ойламау; өз-өзіне сенімді болу;
Мұғалiм:Карабалина Мадина Куанышевна
Класс: 5«Ә»
Оқушылар саны: 26
Сабақ мақсаты: оқушыларға адам бойында болатын азаматтық қасиеттерді қалыптастыра отырып,сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Міндеттері:
-оқушылардыәдепті болуға үйрету;
-балаларды өзгелер туралы жаман ойламауға тәрбиелеу;
-өз өздеріне деген сенімділіктерін дамыту. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)Тыныс алу
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Ертегі мазмұнына сай суреттер салуды аяқтау салған суреттері бойнша өз ойларын айту. Сабақ барысын талқылау:
3.Дәйек сөз. «Жақсылық істеуден жалықпа, Істеген жақсылығыңа өкінбе!».Қабуснамадан.
1.Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 4.Әңгiмелеу (сұхбат).
Аңыз әңгіме: «Шопанның жақсылығы»
Бұрынғы заманда шопан болыпты. Ол кешке дейін қой бағып, кешкісін ауылға оралып, малдарын иелеріне қайтаратын. Бір күні түс әлетінде шопан дорбадан тамағын алып, тамақтанбақ болады. Ол дастарханын жаймай тұрып, таңқаларлық жағдайды көреді. Жерде үстін тас басып қалған жылан жатыр екен. Жылан шопанды көрісімен: «Әй, жомарт адам. Жақсылық жасап, мына тасты үстімнен алып тасташы», - деп өтінеді. Шопан: «Мында не істеп жатырсың, мына үлкен тас үстіңе қалай құлады?»- деп сұрайды. Жылан: «Менің інім де осы қабырғада. Шаруа жаққан от, лапылдап жанып, менің інімді өртейтін болды. Мен жорғалап шықпақ болғанымда, қабырғаның тасы үстіме құлады. Ендігі жағдай өзің көріп тұрғандай. Жақсылық жасап, мені құтқаруыңды сұраймын», - деп жалынады. Шопан жыланды аяп, жыланды босатады. Бірақ құтқарылған жылан ешқайда кетпейді. Ол шопанның аяғына оратылып: «Рақмет, мені құтқарғаның үшін. Сенің көмегіңмен өлімнен құтқарылдым. Енді аяғыңды шағайын ба, әлде басың ма, мойныңды әлде бетіңді шағайын ба, өзің таңда», - дейді. Мұндайды күтпеген шопан: «Шағамын дейсің бе? Мен саған не істедім?»- деп таңқалады. Жылан: «Сен маған жамандық жасамадың. Бірақ менің білетінім біреуді шағып, уымды жіберу. Сені де шағамын. Қай жеріңді шағайын, өзің айт», - дейді. Шопан жыланға: «Қай жерімді шақсаң да, сол сәтте өлемін. Мен саған жақсылық жасап сені құтқардым. Жылан: «Жақсылықтың жауабы жамандық емес. Жолбарыстың ісі аң аулау болса, менің ісім шағу», - деп жауап береді. Шопан: «Мен сенің сөзіңді қабылдамаймын. Басқа біреуден сұрайық. Жылан келіседі. Олар мән-жайды қой мен ешкіге айтады. Бірақ олар жыланнан қорқып, түсініксіз жауап қайтарады. Сол кезде қастарынан түлкі өтіп бара жатады. Үмітсіздікке салынған шопан түлкіні шақырып, оған болған оқиғаны айтып беріп: «Енді жақсылықтың жауабы жамандық па деген сұрақтың жауабын өзің айт», - деп өтінеді. Түлкі ойланып: «Мен сенбеймін. Сондай үлкен тасты көтеріп, сені босатты дегенге сенбеймін», - дейді. Шопан: «Тасты өзім алып тастадым», - дейді. Түлкі: «Көрмесем, сенбеймін. Бастан кешкен жағдайды қайтадан көрсетіңдер. Егер шопанның шындықты айтқанына көзім жетсе, пікірімді айтамын», - дейді. Жылан мен шопан түлкінің сөзіне келісіп, жылан шопанның аяғын босатып, жерге созылып жақан кезде шопан да тасты алып, жыланның үстіне қояды. Түлкі жыланнан: «Дәл осылай болды ма?»- деп сұрайды. Жылан: «Дәл осылай болды», - дейді. Түлкі: «Осы тастың астында қалып, өлгенің дұрыс болар. Жақсылықтың жауабы жамандық емес. Егер құтқарған адамды шағып өлтіретін болсаң, жақсылық жасаудың дәстүрін бұзасың», - дейді. Түлкінің айласымен шопанның жаны қалады.
Сұрақтар:
Шопанның жақсылығы неден көрініс тапты?
Қандай іс-әрекеттер қиянат жасамауға негіз болады?
Ешқандай тіршілік иелеріне өз зиянын келтірмеу үшін адам бойында қандай қасиетер басым болады?
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жақсы мен жаман адамның қасиеттері. өлеңін оқи отырып адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттері айыру. 6.Топпен ән айту. «Жақсы адамдар» әні 7.Үй тапсырмасы.З.Воскресенская. «Ана» әңгімесін оқу. 8.Соңғы тыныштық сәтi. - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады