А.Байт?рсынов. Екі шыбын та?ырыбында ?ткен ашы? саба? презентациясы


Үй жұмысы 1. Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы. 2. «Ақын ініме» өлеңінен үзінді жаттау
Сыр сандық
1.  Ахметтің әкесі Байтұрсын қандай адам болған?2. Ақын жастарды адам мінезіндегі қандай кемшіліктерден аулақ болуға шақырады?3. «Ахмет- ақын»  деген ұғымға  тағы да қандай қасиеттерді енгізер едіңдер?4. 1912-1922 жылдар аралығында Ахметтің жинақтары қай қалаларда басылып шыққан еді?5. «Ақын ініме» деген өлеңінде ақын адам мінезіндегі қандай қасиеттерді сынайды?
Сандықшаның сырыАдамға тіл, құлақ қандай керек болса... білім де сондай керек. Ахмет Байтұрсынов
«Бес арыс» деп кімдерді айтамыз?
Ахмет Байтұрсынұлы – балаларды оқу – білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы педагог, қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы. Ахметтің ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте шық қан « Қырық мысал» жинағынан басталады. «Қырық мысал» - ұлы ағартушының мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы.1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан. 
Ал, балалар Ахмет атамыз кімдерден қандай шығармалар аударды? Кім біледі?
Аудармалары{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Пушкин «Ат», «Алтын әтеш», «Балықшы мен балық», «Данышпан Аликтің ажалы»Араб тілінен«Нәбік аты»Вальтер «Алтын әтеш»Надсон «Шайылған көз жасымен»Крылов«Аққу, шортан һәм шаян», « Егіннің бастары, «Өгіз бен бақа» т.б.
Мысал-эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта болады. Көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. Идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.
“Екі шыбын” мысалыБір өгіз күні бойы тартып сабан,Қайтты елге сабанымен кешке таман.Мүйізінде қара шыбын отыр еді,Кез болды бір танысы жолда оғанТанысы мұны көріп келе жатқан,Астында өгізі бар сабан тартқан.“Көзіме күні бойы көрінбеп ең,Келесің,сөйле,-деді,-сен қай жақтан?”Сонда ол мұрнын көкке көтереді,Адамсып, маңғазданып жөтеледі:“Жер жыртып күні бойы шаршап келем,Мазалап сұрап саған не керегі?”Адамды кейбір түрлі алып еске,Қарасақ ғибрат бар бұл кеңесте.Біреудің я қайратын, я дәулетінӨзімсіп жүретіндер бар емес пе?Кейбіреу көтереді мұрнын көкке,Өз әддін өзі білген адам көп пе?Мақтанып, бәрін де өзім айттым дейді,Біреудің шылауында жүріп текке.
Мағынаны ажырату. Тірек сөздер. Шыбын,сабан, өгіз ,жер жырту, ғибрат, мұрнын көкке көтеру. Сөздік жұмысы Маңғаздану - паңсыну, тәкәппарлану Мақтаншақ адам - өзін-өзі асыра бағалайтын,мақтауды сүйетін адам Әддін – шамасын , күшін Ғибрат – үлгі, өнеге Мұрнын көкке көтеру – менсінбеу 
    (І топқа): А.Байтұрсыновтың  шығармашылығы жөнінде 4 сұрақтан тұратын сұхбаттасудың үлгісін көрсету (мәнді,ұтымды сұрақтар мен толық, дұрыс жауаптар бағаланады)   (ІІ топқа):берілген өлеңді оқып, бір- біріне түсіндіреді, түсінігі бойынша негізгі тақырыбын ашып айтады, берілген өлең мәтіні бойынша рөлге бөлініп, қойылым көрсетеді.(басқа топ мүшелері бағалап, тақырыбын айтады)   (ІІІ топқа):Ғаламтордан орыстың мысалшы ақыны И.А.Крылов туралы мәліметтер табу.    (постерда қорғау) (ІV топқа): Өлеңді құрылысына қарай талдау
-Балалар, адамның жақсы-жаман қасиеттері туралы қандай мақал-мәтел, афоризмдерді білеміз?
Адамның жақсы-жаман қасиеттері туралы мақалдарЖақсымын деп мақтанба халық айтпай, Батырмын деп баптанба, барып қайтпай.Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.Өзі жақсы кісіге, бір кісілік орын бар.Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, шын жақсының ашуы бар кегі жоқ.Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады. Жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:1.Мысалдан қандай әсер алдыңдар?2.Мысалды қалай өмірмен байланыстыруға болады?3. Қазіргі өмірде осы шыбын секілді адамдар барма?
А.Байтұрсынұлы мен Крыловтың айтар ойы, ұсынар түйіні біреу-адамдар ар-сындағы алауыздық,оның зияны. Жалғыз-ақ осы түйінді орыс ақыны өлеңнің басында айтса, қазақ ақыны бұл ойды таза қазақы машықпен әрі өрбіте келе, көпке ғибрат ретінде ұсынып отырады. Ал ,балалар осы өлеңнің ғибраты қай шумақта айтылған кім оқиды? 
Үй жұмысыАқынға хат жазу.«Екі шыбын» мысалын жаттау
{BC89EF96-8CEA-46FF-86C4-4CE0E7609802}1. Мен сабақта жұмыс… жасадым2.Менің сабақта жасаған жұмысыма3. Сабақ маған4. Мен сабақта5. Менің көңіл-күйім6. Сабақтың материалы маған 7. Үй жұмысы мағанбелсенді / неғұрайлыКөңілім толды / толмадыұзақ / қысқа немесе тезшаршамадым / шаршадымжақсарды / төмендедітүсінікті / түсініксізпайдалы / пайдасызҚызықты / қызықсызжеңіл / күрделіқызықты / қызықсыз«Анкета» әдісі{BC89EF96-8CEA-46FF-86C4-4CE0E7609802}1. Мен сабақта жұмыс… жасадым2.Менің сабақта жасаған жұмысыма3. Сабақ маған4. Мен сабақта5. Менің көңіл-күйім6. Сабақтың материалы маған 7. Үй жұмысы мағанбелсенді / немғұрайлыКөңілім толды / толмадыұзақ / қысқа немесе тезшаршамадым / шаршадымжақсарды / төмендедітүсінікті / түсініксізпайдалы / пайдасызҚызықты / қызықсызжеңіл / күрделіқызықты / қызықсыз