Саба?ты? та?ырыбы: «Екі шыбын» А.Байт?рсынов



Ходжа-Ахмедова Светлана Рахимовна
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: «Екі шыбын» А.Байтұрсынов
Сабақтың мақсаты: Ақынның өлеңіндегі негізгі ойды ашу.
Сабақтың міндеттері:
1.Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқуға, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, өлеңдегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
2.Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
3.Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ой шақыру, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, сызбалар, ребус.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.
Айналаңа шын жүректен қуаныш сыйлай біл!
а) Психологиялық ахуал. Шаттық шеңбері.
Талаптанып,
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз.
Білім алып,
Тұлғаланып,
Азамат боп шығамыз.
Оқушылар бүгін біздің сыныбымызға құрметті қонақтар апайлар келіп отыр. Бүгін біздің сабағымыз ерекше өтпек. Апайларға оқып білгендерімізді тарту етейік.
ә) Қызығушылықты ояту.
- Жақсы оқитын оқушыны қалай атаймыз?
- Білімді, оқымысты, алғыр, зерек т.с.с
Олай болса мына стикерлерді таңдай қойыңыздар. Сонда топтарыңның аты шығады.
б) Топ басшысын сайлау. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды смайликпен бағалап отырамын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Топқа бөлу.
1 топ «Зейінділер» 2 топ «Білгірлер» 3топ «Алғырлар»
1топ « Қырдың жас түлегі» мәтінінің мазмұнын сұрау.
2 топ Ш. Уәлиханов туралы не білесің?
3 топ « Қырдың жас түлегі» мәтінінен сұрақ-жауап
Үй тапсырмасын тақтада ілулі тұрған сызба арқылы сұрақ-жауаппен қорытындылау.
left45720
ІІІ. Жаңа сабақ. Мағынаны тану. Ребусты шешу.
’ ’ ’ ’’’’’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’ ’
Шешуі: ЕКІ ШЫБЫН.
Мұғалім слайд арқылы мысал туралы түсінік береді. Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз «Екі шыбын» мысалы. Ахмет Байтұрсынұлының даналық сөзі:

Ахмет Байтұрсынұлының – балаларды оқу – білімге шақырып, көп жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған ағартушы педагог, қазақ тіл білімінің ірге тасын қалаушы. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сартүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы, ағартушы – ғалым, ұлт ұстазы. (1895-1909) жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытқан. Ахметтің ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте шыққан «Қырық мысал» жинағынан басталады. 1901-1922 жылдары аудармамен айналысқан.
«Қырық мысалға» кірген өлеңдер түгелдей орыс ақыны Иван Андреевич Крыловтан аударған.
Крыловтан аударған сондай аудармаларының бірі- «Екі шыбын» Бұл мысал түрінде жазылған.
Мысал дегеніміз не? Мысал дегеніміз – шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, қайырымдылық сияқты жақсы қаситтерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада көбіне аң, хайуанат, жәндік туралы жазылады. Мысалда түйінді ой болады. Түйінді ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Мәтін бойынша жұмыс.
1 топ. Мәнерлеп оқып, мазмұнын айт.
2 топ. Негізгі ой жазылған өлең жолдарын тап.
3 топ. Екі шыбын қандай? (жаз)
VІ. Сөздік жұмыс.
Дәпермен жұмыс.
Сергіту сәті.
Ән әуенімен «Қаражорға» биі.
VІІ. Шығармашылық тапсырма:
Екі шыбынның сөйлеген сөздеріне,іс-әрекеттеріне қарап,оларды мына үлгілік сызба бойынша жаз.
Мысалдан қандай әсер алдыңдар?
Мысал мазмұны қандай мінезді меңзейді?
Үйге тапсырма:
Мысалды мәнерлеп оқып, жаттап келу.
VІІІ. Қорытынды:
Мысалды сахналау.
Смайликпен бағалау.