Урок по казахской литературе на тему: А.Байтурсынов Екі шыбын (7 класс)


« 28 » қазан 2014 жыл
7 «Б» - сынып
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы: «Ақын ініме», «Екі шыбын»Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту; Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, ой – өрісін кеңейту, өз бетінше әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту; Тәрбиелік: оқушыларды ұжымдасып еңбектенуге, жаттығулар орындата отырып әділдікке тәрбиелеу. Типі: дәстүрлі сабақ. Түрі: жаңа сабақ Әдісі: талдау, сұрақ – жауап, . Көрнекілігі: : А.Байтұрсыновтың портреті, мультимедиялық слайд, кластер, хронологиялық кесте, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сәлеметсізбе!-Отырыңдар. -Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта мен кезекшімін!
- Сыныпта кім жоқ ?
-Сынып түгел! Немесе сыныпта кім жоқ!
-Рахмет отыра ғой!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген жаттығудың орындалу барысын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? (Бір оқушыны көтеріп, үйге қандай тапсырма берілгенін сұрау).
-Үй жұмысына Абайдың мақал-мәтелдерімен эссе жазу берілді..
-Рахмет,отыра ғой!
Ой қозғау.
-Абай Құнанбаев кім?
- Абайдың мың сегіз жүз тоқсан-мың сегіз жүз тоқсн сегізінші жылдар арасында жазылған бір алуан шығармалары қалай аталады?
- Абайдың неше қарасөзі бар?
- Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөзінің негізгі мазмұны мен идеясы не туралы?
- Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөзінен қандай тағылым, үлгі алдыңдар?
ІІІ .Жаңа сабақ: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме», «Екі шыбын»
1.Жаңа сабақты меңгерту:
1)Оқулықтан 46-48 бет Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәліметпен таныстыру.
Хронологиялық кесте..
1873 жылы - Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ауылында - Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.1882 - 84жылдары - ауыл мектебінде оқыды.1890ж. - Торғайдағы екі кластық, орыс - қазақ училищесін бітірді.1895ж - Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.1895 - 1909ж - Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс - қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.1909ж - патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910ж. жер аударылады.1913ж - Орынборда «Қазақ»газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.1918 - 19ж - Алашорда қатарында болады.1922 - 25ж - Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары1925 - 29ж - Халық ағарту институтында және ҚазПИ - де оқытушы болды.1929ж маусымда - қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген.М. Горькийдің зайыбы Пешкованың қолдаухатымен Ахметті босатады. Сол кезде, ол жанұясымен Алматыға қайта оралады.1937ж қазан айында - А. Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынады, екі айдан соң «халық жауы»деп, атылды.
2)Оқушыларды бес топқа бөлеміз:
1 – топ: «Ақын ініме» өлеңінің мазмұнын талдау.
2 – топ: «Ақын ініме» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
3 – топ: «Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын талдау.
4 – топ: «Екі шыбын» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
5 – топ: «Ақын ініме» мен «Екі шыбын» өлеңін салыстыру.
Әр топ екі күрделі сұрақтан дайындайды.Бірінші топ екінші топқа, екінші топ үшінші топқа, үшінші топ төртінші топқа, төртінші топ бесінші топқа, бесінші топ бірінші топқа өз сұрақтарын қояды.
3.Жаңа сабақты бекіту: А.Байтұрсынұлы шығармаларына ортақ түйінді ойды тауып, дәлелдеңдер.
Ақын ініме Екі шыбын
IV.Сабақты қорытындылау:Оқу нәтижесін анықтайтын оқу картасы.
Бүгін сабақта маған:
1.үйренуге жеңіл болды 2.бәрінен қызықты болды 3.түсінуге қиын болды 4.өте қажетті
V. Үй тапсырмасы:
«Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым» тақырыбында шығарма жазу.
VI.Бағалау: Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен жауаптарына қарай білімдері бағаланады.