«?аза?станда?ы ?ара ж?не т?сті металлургияны? дамуы»


Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығыменАШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
«Қазақстандағы қара және түсті
металлургияның дамуы»

Химия пәні мұғалімі: Нұрқали Л.Т
География пәні мұғалімі: Сарбекбаева С.Б
2013-2014 оқу жылы
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ атауы 9-сынып, химия, география пәні
Қазақстандағы қара және түсті металлурргияның дамуы
Сілтеме 9 сынып география және химия
Жалпы мақсаттар Қара және түсті металлургия кешенінің маңызы мен құрамы туралы толық мағлұмат беру, қара және түсті металлургия кен орындарын орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, оқушылардың ой өрісін дамыту, қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің байлығын тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Негізгі мақсаттар Пікір алмасу, диалог құру арқылы оқушыларды бірлескен жұмысқа жұмылдыру;
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру;
АКТ-мен жұмыс ұйымдастыру;
Оқыту нәтижелері Топтық жұмыс жүргізуге дағдыланады;
Сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз ойын еркін жеткізуге үйренеді;
АКТ-мен жұмыс жүргізе біледі;
Психологиялық сәт.
Шаттық шеңберін құру
Металдардың физикалық қасиетіне қарай асық арқылы топқа бөлу
І топ: ««Асыл металл»
ІІ топ: «Ауыр металл»
ІІІ топ: «Жеңіл металл»
ІҮ топ: «Балқитын металл»
V топ: «Шашыранды металл»
1-тапсырма
Үй тапсырмасын «Сұрақтар мозайкасы» әдісі бойынша тексеру
1. Болат дегеніміз не?
2. Болат пен шойынның айырмашылығы неде?
3.Толық циклді металлургия зауыттары қандай өнім шығарады?
4. Қандай жолмен шойынды болатқа айналдыруға болады?
5. Шойын мен болаттың қолдану аймағы және олардан жасалатын құралдардың пайдасы қандай? Шаттық шеңберін құрып, оқушылар бүгінгі сабаққа тілектерін білдіреді.
Қоржындағы асықты алып, асықта жазылған металдың химиялық таңбасы қай топқа жататынын табу арқылы топқа бөлінеді.
Әр топ тақтадағы мозайкадан түсті таңдап, сұраққа жауап береді. 3 мин
6 мин
Білу
Сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашу
1.Қ.И. Сәтбаев кім?
2. Қ. И. Сәтбаев жайында не білесіңдер?
2-тапсырма
Оқулықпен жұмыс Оқушылар сұрақтарға жауап береді, оқулықтағы мәтінмен танысады.
5 мин
Түсіну
3-тапсырма
Қ.И. Сәтбаев – геолог
Әр топ таңдап алған терминдерге (кендер, поллиметалл, металлургия, қара металлургия, түсті металлургия) байланысты интернет желісін қолдана отырып, постер құрастыру, таныстырылым жасау Тапсырмаға байланысты постер жасайды, 8 мин
Қолдану 4- тапсырма
Қ.И. Сәтбаев - географ
Картамен жұмыс (металдардың кен орындары мен өндіріс орындарын картадан белгілеу)
Тақтадағы картаға кен орындардың шартты белгілерін қоя отырып, өңдеу орталықтарына бағыттау. 6 мин
Талдау

5-тапсырма
Қ.И. Сәтбаев-химик
Қ.И.Сәтбаевтің қоржынынан тау жынысын алдыру. Табиғи қосылыстарынан металды алу әдістерін және реакция теңдеулерін жаздыру Қоржыннан тау жыныстарын алады, металл алу әдісін және реакция теңдеуін тақтаға жазады. 6 мин
Жинақтау 5- тапсырма
«Металлургия» сөзі бойынша ойлаудың алты қалпағын тайдалана отырып, оқушылардың ойын жинақтау
Ойлаудың алты қалпағы бойынша оқушылар өз ойларын білдіреді 5 мин
Бағалау критерий
лері Критерий бойынша топ басшысының бағалауы Топ басшысы өз тобын бағалайды. 4 мин
Келесі тапсырма Тақырыпқа байланысты синквейн әдісін қолдана отырып, бес жолдық өлең құрастыру. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады 2 мин
Рефлексия Стикерге сабақтан алған әсерін жазады Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады.