?Р ?скери ??рылымдарыны? жалпы ?скери жар?ылары


4-сабақ.II-тарау.§1 тақырып.Қарулы Күштердің,басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары.
Білімділік: Оқушыларды ҚР Қарулы Күштерінің жарғыларымен таныстыруТәртіп және әскери құқық туралы мәлмет беру.
Дамутышылық:Оқушыларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жарғыларын таныстыра отырып,ой-өрісін дамыту..
Тәрбиелік:Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі:аралас сабақ.
Уақыты: 45 минут.
Өткізілетін орны: АӘД оқу кабинеті.
Көрнекі құралдар:АӘД оқулығы,Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамының плакаты.
Өітілетінкүні: Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ӨҚН.Су тасқыны,найзағай,шаңды борандар. Қаралатын сұрақтар:
1.Қарулы Күштердің,басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымсдарының жалпы әскери жарғылары.
2.Жалпы әскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым-тіршілігіндегі маңызы.
3.Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері.
4.Әскери атақ және айыру белгілері. . ә)Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі 8-минут
-«Әскери тәртіп» деген ұғымды қалай түсінесіңдер және ол әскери қызметшіге қандай міндеттер жүктейді?
Әскери тәртіптің ерекшелігі неде?
Әскери тәртіптің құқықтық негіздері туралы айтыңдар?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.
1.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғысы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негізіндеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады.Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым-қатынастары анықталады.ҚРҚК әскери жарғылары Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедгі №364 Жарлығымен бекітілген.Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін,тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді,әскердегі белгіленген тәртіптің,ұйымдастырушылық,әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.Жарғылар ережелері Қазақстан Республикасы азаматтары моральдық кодексінің адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты.
Әскери Жарғылар:1.Ішкі қызмет жарғысы.2.Тәртіптік жарғы.3.Гарнизондық және Қарауылдық қызметтер Жарғысы.4.Саптық жарғы.Әскери жарғылардың ережелерін Қарулы Күштердегі барлық бөлімдер мен бөлімшелер,кеме,сондай-ақҚР басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының орындауы міндетті.
2. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. ҚР ҚК –нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:
ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;
әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.
3.Әскери атақтар және айырым белгілер.ҚР ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі.
ҚұрамыӘскери атақтар әскерлікӘскери атақтар кемелікЖауынгер мен
матростарҚатардағы жауынгерЕфрейтор Матрос
Аға матрос
Сержанттар(старшиналар) Кіші сержант
Сержант
Аға сержантҮшінші дәрежелі сержантЕкінші дәрежелі сержант
Бірінші дәрежелі сержантШтаб - сержантШебер - сержантЕкінші сатылы старшина
Бірінші сатылы старшина
Бас старшина
Үшінші сыныпты старшина
Екінші сыныпты старшина
Бірінші сыныпты старшина
Штаб – старшина
Шебер - старшина
КішіофицерлерЛейтенант
Аға лейтенант
Капитан Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан - лейтенант
АғаофицерлерМайор
Подполковник
Полковник Үшінші дәрежелі капитан
Екінші дәрежелі капитан
Бірінші дәрежелі капитан
ЖоғарыофицерлерГенерал – майор
Генерал – лейтенант
Генерал – полковник
Армия генералы Контр адмиралВице адмирал
Адмирал
Оқу бөлімдерінде,әскери (арнайы) рқу орындарында оқып жатқан әскери қызметкерлерге,егер оның сержант немесе офицерлік атағы болмаса КУРСАНТ деп аталады.
в)Қорытынды бөлім – 7 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жарғыларды атаңдар,анықтама беріңдер?2.Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?3.Әскери қызметшілердің әскери атақтарын атап беріңдер?
Бастапқы әскери даярлық пәнінің
ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ Тойғанбеков.С.Ж